Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений и изменений в решение Аксуского городского маслихата от 23 июля 2012 года № 39/7 "О назначении социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан города Аксу"

Өзге акт · № 88/11 · қабылданған 20.12.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/23-2012-no-397-ekb-70215/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О внесении дополнений и изменений в решение Аксуского городского маслихата от 23 июля 2012 года № 39/7 "О назначении социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан города Аксу" Күшін жойған Өзге акт ·№ 88/11 ·20.12.2012
31.01.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.01.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений и изменений в решение Аксуского городского маслихата от 23 июля 2012 года № 39/7 "О назначении социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан города Аксу"

Күшін жойған Өзге акт ·№ 88/11 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений и изменений в решение Аксуского городского маслихата от 23 июля 2012 года № 39/7 "О назначении социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан города Аксу"
Атауы (қаз.)
Ақсу қалалық мәслихатының 2012 жылғы 23 шілдедегі "Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау туралы" № 39/7 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
88/11
Қабылданған күні
20.12.2012
Көрсетілген редакция
31.01.2014 70215_181100.kaz
Соңғы өзгеріс
31.01.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12PB003356
ЭКБ идентификаторы
70215
Редакция идентификаторы
70215_181100
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:23

0 Ақсу қалалық мәслихатының 2012 жылғы 23 шілдедегі "Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау туралы" № 39/7 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес және мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету мақсатында, Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1

1. Ақсу қалалық мәслихатының 2012 жылғы 23 шілдедегі "Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау туралы" № 39/7 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12-2-206 тіркелген, 2012 жылғы 15 тамызда "Ақсу жолы" – "Новый путь" газетінің № 27 жарияланған) келесі толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
бүкіл мәтін бойынша "салық төлеушінің тіркеу нөмірі (бұдан әрі - СТН) көшірмесі, әлеуметтік жеке код беру туралы куәліктің (бұдан әрі - ӘЖК) көшірмесі,", "ӘЖК, СТТН көшірмелері,", "ӘЖК, СТТН көшірмелерінің", "СТН көшірмесі, ӘЖК көшірмесі," деген сөздер "сәйкестіру нөмірін растайтын құжаттың көшірмесі," деген сөздермен ауыстырылсын;
1 тармақтың 15) тармақшасы мынадай мазмұндағы азат жолдармен толықтырылсын:
"отбасы құрамында мектепке дейінгі жастағы балалары (баласы) бар мүгедектер;";
"сырттай және дистанциондық оқу нысаны бойынша жоғары және орташа оқу мекемелерінде оқитын мүгедектер;";
"1-ші топ мүгедектері" деген сөздер "1 және 2-ші топ мүгедектері" деген сөздерімен ауыстырылсын;
2 тармақ келесі азат жолмен толықтырылсын:
"Түңғыш Президент күніне орай, 1 тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санаттарға 25000 (жиырма бес мың) теңге мөлшерінде;";
оныншы азат жолындағы "мүгедектер күнiне есеп айырысу шоты көрсетілген Орталық берген тiзiм негізінде 1-тармақтың 15, 25)-тармақшаларының 3, 4 азат жолдарында, көрсетілген санаттарға 4000 (төрт мың) теңге мөлшерінде;" деген сөздер "мүгедектер күнiне есеп айырысу шоты көрсетілген Орталық берген тiзiм негізінде 1-тармақтың 15) тармақшаның 3, 4 азат жолдарында, көрсетілген санаттарға 4000 (төрт мың) теңге мөлшерінде;"; деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші азат жолындағы "57000 (елу жеті мың) теңге" деген сандар мен сөздер "68000 (алпыс сегіз мың) теңге;"; деген сандар және сөздермен ауыстырылсын;
3 тармақ мынадай мазмұндағы 16), 17) тармақшалармен толықтырылсын:
"16) 1 тармақтың 16) тармақшасында көрсетілген санаттарға есеп шотының нөмірі көрсетілген өтініші, жеке куәлігінің, сәйкестіру нөмірін растайтын кұжат көшірмелерінің, азаматтарды тіркеу кітабы немесе мекен-жай анықтама бюросының анықтамасы көшірмелерінің негізінде ұлттық спутниктік теледидардын орнатуға нақты құны мөлшерінде төлемақы жүргізуге;
17) 1 тармақтың 1), 13) тармақшаларында көрсетілген санаттарға есеп шотының нөмірі көрсетілген өтініші, жеке куәлігінің, сәйкестіру нөмірін растайтын кұжат көшірмелерінің, азаматтарды тіркеу кітабы немесе мекенжай анықтама бюросының анықтамасы көшірмелерінің негізінде жергілікті деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыруға мемлекеттік тапсырысы бар облыстық және қалалық газеттерге жазылуға 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.";
5 тармақ мынадай мазмұндағы 4), 5) тармақшалармен толықтырылсын:
"4) 1 тармақтың 15) тармақшасының бесінші азат жолында көрсетілген санаттарға есеп шотының нөмірі көрсетілген өтініші, жеке куәлігінің, сәйкестіру нөмірін растайтын кұжат көшірмелерінің, азаматтарды тіркеу кітабы немесе мекенжай анықтама бюросының анықтамасы көшірмелерінің негізінде балалар (бала) мектепке дейінгі мекемені қатысқаны үшін белгіленген құн мөлшерінде төлемақы жүргізуге;
5) 1 тармақтың 15) тармақшасының алтыншы азат жолында көрсетілген санаттар үшін есеп шотының нөмірі көрсетілген өтініші, жеке куәлігінің, сәйкестіру нөмірін растайтын кұжат көшірмелерінің, азаматтарды тіркеу кітабы немесе мекенжай анықтама бюросының анықтамасы көшірмелерінің негізінде "Internet"-ке қосылу және кеңжолақты интернет желісін пайдалануға нақты құн мөлшерінде төлемақы жүргізуге".

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақсу қалалық мәслихаттың әлеуметтік және жастар саясаты, заңдылық пен құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3 3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы