О внесении изменения в постановление акимата Аккольского района от 23 января 2013 года № А-1/49 "Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов в размере трех процентов от общей численности рабочих мест"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Аккольского района от 23 января 2013 года № А-1/49 "Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов в размере трех процентов от общей численности рабочих мест"
- Атауы (қаз.)
- Ақкөл ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 23 қаңтардағы № А-1/49 "Жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- А-9/407
- Қабылданған күні
- 26.09.2013
- Көрсетілген редакция
- 04.04.2016 75090_68581.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.04.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13BC003861
- ЭКБ идентификаторы
- 75090
- Редакция идентификаторы
- 75090_68581
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:14
0 Ақкөл ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 23 қаңтардағы № А-1/49 "Жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес, қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру мақсатында, Ақкөл ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Ақкөл ауданы әкімдігінің «Жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» 2013 жылғы 23 қаңтардағы № А-1/49 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3651 болып тіркелген, 2013 жылғы 1 наурызда «Ақкөл өмірі» және «Знамя Родины KZ» аудандық газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
кіріспе бөлімі жаңа редакцияда баяндалсын:
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31-бабының 1)-тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-2)-тармақшасына сәйкес, Ақкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».