О внесении изменений в решение маслихата района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области от 23 декабря 2013 года № 21-4 «Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим на территории района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области от 23 декабря 2013 года № 21-4 «Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим на территории района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области»
- Атауы (қаз.)
- «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы аумағында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2013 жылғы 23 желтоқсандағы № 21-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 11-7
- Қабылданған күні
- 02.06.2017
- Көрсетілген редакция
- 15.02.2019 113060_390771.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.02.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17SI004236
- ЭКБ идентификаторы
- 113060
- Редакция идентификаторы
- 113060_390771
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 04:56
0
«Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы аумағында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2013 жылғы 23 желтоқсандағы № 21-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы аумағында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2013 жылғы 23 желтоқсандағы № 21-4 шешіміне (2014 жылғы 31 қаңтардағы «Мағжан жұлдызы» аудандық газетінде, 2014 жылғы 31қаңтардағы «Вести» аудандық газетінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2516 болып тіркелді) (бұдан әрі - Қағидалар) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
3 «3) уәкілетті орган – «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
8
«8. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) (бұдан әрі - өтініш беруші) «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік стандарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы ұлттық экономика Министерінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызметтер стандартына сәйкес құжаттарды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы ұсынады.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: