О внесении дополнений в решение Есильского районного маслихата от 23 августа 2013 года № 22/2 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Есильского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в решение Есильского районного маслихата от 23 августа 2013 года № 22/2 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Есильского района»
- Атауы (қаз.)
- Есіл аудандық мәслихатының 2013 жылғы 23 тамыздағы № 22/2 «Есіл ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 45/3
- Қабылданған күні
- 23.09.2015
- Көрсетілген редакция
- 21.06.2016 94406_187928.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.06.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15BK005013
- ЭКБ идентификаторы
- 94406
- Редакция идентификаторы
- 94406_187928
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:16
0 Есіл аудандық мәслихатының
2013 жылғы 23 тамыздағы
№ 22/2 «Есіл ауданындағы
әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының тізбесін
айқындаудың қағидаларын бекіту
туралы» шешіміне толықтырулар
енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Есіл аудандық мәслихатының 2013 жылғы 23 тамыздағы № 22/2 «Есіл ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3815 тіркелген, 2013 жылғы 4 қазанда «Жаңа Есіл» аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесі толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Есіл ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларындағы:
10 тармақ келесі мазмұндағы санатпен толықтырылсын:
«7) жылына бір рет оқу шығындарын өтеуге 100 пайыз мөлшерінде – Есіл ауданында бес жыл мерзімде еңбекпен өтеуін ескере отырып, жоғары медициналық оқу орындарында оқып жатқан, халықтың (отбасының) аз қамтылған, әлеуметтік-осал топтарындағы студенттерге.»;
14 тармақ келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Ауылдық жерде тұратын және арнайы орта оқу орындарының күндізгі бөлімінде оқып жатқан аз қамтылған, көп балалы отбасылардағы студенттерге және жоғары медициналық оқу орындарында оқып жатқан, халықтың (отбасының) аз қамтылған, әлеуметтік-осал топтарындағы студенттерге әлеуметтік көмек өтінішке қоса мынадай құжаттарды ұсынғанда беріледі:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;
3) оқу орннымен жасалған келісім шарт;
4) оқу орнынан анықтама;
5) көрсетілген санатқа жататындығын анықтайтын анықтама;
6) жоғары оқу орындарында оқып жатқан студенттер үшін аудан әкімі, студент және жұмыс беруші арасындағы келісім шарт.».
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Есіл ауданының әкімі
А. Қалжанов
23 қыркүйек 2015 жыл