О внесении изменений в решение Есильского районного маслихата от 23 августа 2013 года № 22/2 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Есильского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Есильского районного маслихата от 23 августа 2013 года № 22/2 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Есильского района»
- Атауы (қаз.)
- Есіл аудандық мәслихатының 2013 жылғы 23 тамыздағы № 22/2 «Есіл ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 2/6
- Қабылданған күні
- 14.04.2016
- Көрсетілген редакция
- 21.06.2016 101610_187930.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.06.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16BK005301
- ЭКБ идентификаторы
- 101610
- Редакция идентификаторы
- 101610_187930
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:36
0 Есіл аудандық мәслихатының
2013 жылғы 23 тамыздағы
№ 22/2 «Есіл ауданындағы
әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының тізбесін
айқындаудың қағидаларын бекіту
туралы» шешіміне өзгерістер
енгізу туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Есіл аудандық мәслихатының «Есіл ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 23 тамыздағы № 22/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3815 болып тіркелген, 2013 жылғы 4 қазанда «Жаңа Есіл» аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Есіл ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларындағы:
2 тармақтың 9 тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
«9) уәкілетті ұйым – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақмола облысы бойынша филиалы – «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» департаменті Есіл аудандық бөлімшесі;»;
5 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«5. Отбасыларға (азаматтарға) әлеуметтік көмек төлеуді екінші деңгейдегі банктер арқылы дербес шоттарына аудару жолымен уәкілетті орган жүзеге асырады.».
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік
тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Есіл ауданының әкімі
А. Қалжанов
14 сәуір 2016 жыл