Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Председателя Агентства Республики Казахстан по делам религий от 23 июля 2013 года № 34 "Об утверждении Инструкции по определению расположения специальных стационарных помещений для распространения религиозной литературы и иных информационных материалов религиозного содержания, предметов религиозного назначения, а также помещений для проведения религиозных мероприятий за пределами культовых зданий (сооружений)"

Бұйрық · № 342 · қабылданған 05.11.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/23-2013-no-34/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Председателя Агентства Республики Казахстан по делам религий от 23 июля 2013 года № 34 "Об утверждении Инструкции по определению расположения специальных стационарных помещений для распространения религиозной литературы и иных информационных материалов религиозного содержания, предметов религиозного назначения, а также помещений для проведения религиозных мероприятий за пределами культовых зданий (сооружений)" Күшін жойған Бұйрық ·№ 342 ·05.11.2015
09.06.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.06.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Председателя Агентства Республики Казахстан по делам религий от 23 июля 2013 года № 34 "Об утверждении Инструкции по определению расположения специальных стационарных помещений для распространения религиозной литературы и иных информационных материалов религиозного содержания, предметов религиозного назначения, а также помещений для проведения религиозных мероприятий за пределами культовых зданий (сооружений)"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 342 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Председателя Агентства Республики Казахстан по делам религий от 23 июля 2013 года № 34 "Об утверждении Инструкции по определению расположения специальных стационарных помещений для распространения религиозной литературы и иных информационных материалов религиозного содержания, предметов религиозного назначения, а также помещений для проведения религиозных мероприятий за пределами культовых зданий (сооружений)"
Атауы (қаз.)
"Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын айқындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі Төрағасының міндетін атқарушының 2013 жылғы 23 шілдедегі № 34 бұйрығына өзгерiс енгiзу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
342
Қабылданған күні
05.11.2015
Көрсетілген редакция
09.06.2017 95881_217683.kaz
Соңғы өзгеріс
09.06.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500012337
ЭКБ идентификаторы
95881
Редакция идентификаторы
95881_217683
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 12:44

0 «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы

өзге де ақпараттық материалдарды,
діни мақсаттағы заттарды тарату үшін
арнайы тұрақты үй-жайлардың,
сондай-ақ ғибадат үйлерінен
(ғимараттарынан) тыс жерлерде діни
іс-шаралар өткізуге арналған
үй-жайлардың орналастырылуын
айқындау жөніндегі нұсқаулықты
бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы
Дін істері агенттігі Төрағасының
міндетін атқарушының
2013 жылғы 23 шілдедегі № 34
бұйрығына өзгерiс енгiзу туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабы 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын айқындау жөніндегі нұсқаулықты бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі Төрағасының міндетін атқарушының 2013 жылғы 23 шілдедегі № 34 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8634 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2013 жылғы 23 қазанда № 237 (28176) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын айқындау жөніндегі нұсқаулық осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитетіне белгiленген заңнамалық тәртiпте:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін он күнтізбелік күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне және мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялау үшін осы бұйрықтың елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаздағы данасының көшірмесі қоса берілетін электрондық жеткізгіштегі көшірмелерін жолдауды;

3 3) осы бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің интернет-ресурстарында орналастыруды;

4 4) осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді іс-шараларды орындағаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсiн.

4 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін он күнтiзбелiк күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы

Мәдениет және спорт министрінің
015 жылғы 5 қарашадағы
№ 342 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Дін істері агенттігі
төрағасының міндетін атқарушының
2013 жылғы 23 шілдедегі
№ 34 бұйрығымен бекітілген
Діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни жораларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын анықтау бойынша нұсқаулық

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни жораларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын анықтайтын осы Нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды таратуға арналған тұрақты үй-жайларды және ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни жораларды өткізуге арналған үй-жайларды орналастыру тәртібін нақтылайды.

2 2. Осы Нұсқаулықта келесі ұғымдар қолданылады:

1

1) ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни жораларды өткізуге арналған үй-жайлар (бұдан әрі – діни жораларды өткізуге арналған үй-жайлар) – нысаналы мақсатты діни жораларды, діни құлшылықтарды, рәсімдерді, жиналыстарды өткізуге арналған тұрақты ғимарат немесе ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналасқан оның бір бөлігі;

2

2) діни әдебиет – діни мазмұнға ие (теологиялық, діни-каноникалық, ритуалдық-мистикалық, әлеуметтік-теологиялық) және тұрғындардың діни және рухани-діни ұстанымдарынан туындайтын өзге де әлеуметтік мәні бар сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған баспа немесе электрондық өнім (кітаптары, брошюралар) болып табылады;

3

3) діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды таратуға арналған тұрақты үй-жайлар (бұдан әрі - тұрақты үй-жайлар) – сауда жасайтын, қосалқы, әкімшілік-тұрмыстық бөлмелермен қамтамасыз етілген, сондай-ақ діни әдебиеттерді, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды қабылдау, сақтау және сатуға дайындайтын бөлмелері бар тұрақты ғимарат немесе ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерде орналасқан оның бір бөлігі;

4 4) діни мазмұндағы ақпараттық материалдар – діни мазмұндағы ақпаратты қамтитын баспа түріндегі және электрондық өнім;

5 5) діни мақсаттағы заттар – діни құлшылықтарды, діни жоралар мен рәсімдерді өткізуге қажетті, сондай-ақ діни рәміздегі элементтерден тұратын заттар, бұйымдар және атрибуттар.

3 3. Осы Нұсқаулыққа сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасуын бекітеді және діни жораларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналасуына келісімін береді.

2 2. Тұрақты үй-жайлардың және діни жораларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналасуын анықтау

4 4. Тұрақты үй-жайлар мен діни жораларды өткізуге арналған үй-жайлар бөлек орналасқан ғимараттардың ішінде немесе жеке ғимараттарда орналасады.

5 5. Тұрақты үй-жайлар мен діни жоралар өткізуге арналған үй-жайлар келесі орындарда орналаса алмайды:

1 1) діни білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының аумағында және ғимараттарында;

2 2) мемлекеттік органдардың, Қарулы Күштердің мемлекеттік мекемелерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, сот және құқық қорғау органдарының, қылмыстық-атқару жүйесі ғимараттарында;

3 3) осы тармақтың 1), 2) тармақшасында көрсетілмеген мемлекеттік мекеме, мемлекеттік кәсіпорындардың ғимаратында.

6 6. Тұрақты үй-жайлар мен діни жоралар өткізуге арналған үй-жайлар осы Нұсқаулықтың 5-тармағында көрсетілген ғимараттардан 300 метрден кем емес қашықтықта орналасуы тиіс.

7

7. Тұрақты үй-жайлар мен діни жоралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналасуы оларға жақын тұрған (көрші орналасқан үй-жайлардағы, ғимараттардағы) тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделері сақталған жағдайда жол беріледі, сондай-ақ үй-жайлар орналасқан ғимараттардың қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтірмеуі керек.

8 8. Тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту мен діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келісу кезде келесі жағдайларға:

1

1) өтініш берушінің Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 147 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11183 болып тіркелген) бекітілген «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім беру» және «Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарттарына сәйкес ұсынған құжаттарына;

2 2) үй-жайлар орналасқан облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумақтық-географиялық ерекшеліктеріне;

3 3) ұй-жайлар орналасқан облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың діни ахуалына;

4 4) осы Нұсқаулықтың 5, 6-тармақтарын ескере отырып, тұрақты үй-жайлар мен діни жоралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналасқан жеріне мұқият назар аудару қажет.

9 9. Тұрақты үй-жайлар мен діни жоралар өткізуге арналған үй-жайлардың тізімі облыстардың, республикалық маңызы бар қаласының, астананың жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурстарында орналастырылады.

Қолданыстағы