Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 23 сентября 2013 года № 742 "Об утверждении Правил организации продажи проездных документов (билетов) на железнодорожном транспорте в Республике Казахстан"

Бұйрық · № 43 · қабылданған 22.01.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/23-2013-no-742-ekb-100623/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении дополнений в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 23 сентября 2013 года № 742 "Об утверждении Правил организации продажи проездных документов (билетов) на железнодорожном транспорте в Республике Казахстан" Қолданыста Бұйрық ·№ 43 ·22.01.2016
22.01.2016 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.01.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 23 сентября 2013 года № 742 "Об утверждении Правил организации продажи проездных документов (билетов) на железнодорожном транспорте в Республике Казахстан"

Қолданыста Бұйрық ·№ 43 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 23 сентября 2013 года № 742 "Об утверждении Правил организации продажи проездных документов (билетов) на железнодорожном транспорте в Республике Казахстан"
Атауы (қаз.)
"Қазақстан Республикасында теміржол көлігінде жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 23 қыркүйектегі № 742 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
43
Қабылданған күні
22.01.2016
Көрсетілген редакция
22.01.2016 100623_70821.kaz
Соңғы өзгеріс
22.01.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600013520
ЭКБ идентификаторы
100623
Редакция идентификаторы
100623_70821
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 10:56

0 «Қазақстан Республикасында теміржол көлігінде жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 23 қыркүйектегі № 742 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

«Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 26-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасында теміржол көлігінде жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 23 қыркүйектегі №742 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 8853 болып тіркелген, 2013 жылғы 29 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында темір жол көлігінде жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды ұйымдастыру қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Тасымалдаушылар жол жүру құжаттарын (билеттердi) сатуды жасасқан ақысыз шарттар негізінде жолаушы агенттіктерінің билет кассалары арқылы ұйымдастыра алады.»;
мынадай мазмұндағы 37-тармақпен толықтырылсын:
«37. Жол жүру құжаттарын (билеттерді) интернет-ресурстарда сатуда поездың сапалы сипаттамалар туралы өзекті ақпарат, оның ішінде мыналар туралы ақпарат ұсынылады:
вагондардың шығарылған жылы;
ауа желдету жүйесінің болуы;
поездың санаты;
жолаушылардың қоғамдық тамақтану пункттерінің болуы;
багаж бөлімдері;
интерьердің жай-күйі (фотоматериал арқылы);
поездағы жолаушыларға ұсынылатын қосымша көрсетілетін қызметтер.».

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электронды түрде жіберуді;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың

интранет-порталында орналастыруды;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
______________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы 22 ақпан

Қолданыстағы