О ратификации Протокола о присоединении Республики Армения к подписанному 23 декабря 2014 года Договору о присоединении Кыргызской Республики к Договору о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О ратификации Протокола о присоединении Республики Армения к подписанному 23 декабря 2014 года Договору о присоединении Кыргызской Республики к Договору о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года
- Атауы (қаз.)
- 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 23 желтоқсанда қол қойылған шартқа Армения Республикасының қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау туралы
- Акт түрі
- Заң
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 347-V
- Қабылданған күні
- 02.08.2015
- Көрсетілген редакция
- 02.08.2015 AI92300_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.08.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- Z1500000347
- ЭКБ идентификаторы
- 92300
- Редакция идентификаторы
- AI92300_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:50
0 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 23 желтоқсанда қол қойылған шартқа Армения Республикасының қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау туралы
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 23 желтоқсанда қол қойылған шартқа Армения Республикасының қосылуы туралы 2015 жылғы 8 мамырда Мәскеуде жасалған хаттама ратификациялансын.
📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық хаттаманың мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық хаттамасының жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық хаттамаларын тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 23 желтоқсанда қол қойылған шартқа Армения Республикасының қосылуы туралы
ХАТТАМА
Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз
Республикасы және Ресей Федерациясы бір тараптан және Армения Республикасы екінші тараптан,
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Армения Республикасының қосылуы туралы шарттың 1-бабы төртінші абзацының ережелерін басшылыққа ала отырып,
2014 жылғы 10 қазанда қол қойылған 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Армения Республикасының қосылуы туралы шарттың 2015 жылғы 2 қаңтарда күшіне енгенін назарға ала отырып және 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы шартқа 2014 жылғы 23 желтоқсанда қол қойылғанын ескере отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1 1-бап
Осы Хаттамамен Армения Республикасы 2014 жылғы 23 желтоқсанда қол қойылған 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы шартқа қосылады.
2 2-бап
Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді осы Хаттамаға қатысушы мемлекеттердің орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарий дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап, бірақ 2014 жылғы 23 желтоқсанда қол қойылған 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы шарт күшіне енген күннен кейін күшіне енеді.
2015 жылғы 8 мамырда Мәскеу қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды.
Осы Хаттаманың төлнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады, ол осы Хаттаманың депозитарийі бола отырып, осы Хаттамаға қатысушы әрбір мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.
Осы арқылы осы мәтіннің 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 23 желтоқсанда қол қойылған шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы шартқа Армения Республикасының қосылуы туралы хаттама 2015 жылғы 8 мамырда Мәскеу қаласында:
Беларусь Республикасы үшін - Беларусь Республикасы Президенті А.Г. Лукашенко;
Қазақстан Республикасы үшін - Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев;
Қырғыз Республикасы үшін - Қырғыз Республикасы Президенті А.Ш. Атамбаев
Ресей Федерациясы үшін - Ресей Федерациясы Президенті В.В. Путин;
Армения Республикасы үшін - Армения Республикасы Президенті С.А. Саргсян
қол қойған шарттың толық және теңтүпнұсқалы көшірмесі болып табылатынын растаймын.
Төлнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады.
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы шартқа Армения Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 23 желтоқсанда қол қойылған 2015 жылғы 8 мамырда Мәскеу қаласында жасалған хаттаманың қазақ тіліндегі нұсқасы орыс тіліндегі нұсқасымен теңтүпнұсқалы екенін растаймын.