О ратификации Протокола о присоединении Республики Армения к Соглашению о единых принципах и правилах обращения лекарственных средств в рамках Евразийского экономического союза от 23 декабря 2014 года
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О ратификации Протокола о присоединении Республики Армения к Соглашению о единых принципах и правилах обращения лекарственных средств в рамках Евразийского экономического союза от 23 декабря 2014 года
- Атауы (қаз.)
- 2014 жылғы 23 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде дәрілік заттар айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге Армения Республикасының қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау туралы
- Акт түрі
- Заң
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 8-VI
- Қабылданған күні
- 12.07.2016
- Көрсетілген редакция
- 12.07.2016 AI104296_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.07.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- Z1600000008
- ЭКБ идентификаторы
- 104296
- Редакция идентификаторы
- AI104296_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:24
0 2014 жылғы 23 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде дәрілік заттар айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге Армения Республикасының қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау туралы
2014 жылғы 23 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде дәрілік заттар айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге Армения Республикасының қосылуы туралы 2015 жылғы 2 желтоқсанда Мәскеуде жасалған хаттама ратификациялансын.
📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық хаттаманың мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық хаттамасының жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық хаттамаларын тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады
2014 жылғы 23 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде дәрілік заттар айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге Армения Республикасының қосылуы туралы
ХАТТАМА
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер,
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Армения Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 10 қазанда қол қойылған шарттың 1-бабы төртінші абзацының ережелерін басшылыққа ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1 1-бап
Осы Хаттамамен Армения Республикасы 2014 жылғы 23 желтоқсандағы Еуразиялық одақ шеңберінде дәрілік заттар айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге қосылады.
2 2-бап
Осы Хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарий дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап, бірақ 2014 жылғы 23 желтоқсандағы Еуразиялық одақ шеңберінде дәрілік заттар айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісім күшіне енген күннен кейін осы Хаттама күшіне енеді.
2015 жылғы 2 желтоқсанда Мәскеу қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данасында жасалды.
Осы Хаттаманың төлнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады, ол осы Хаттаманың депозитарийі бола отырып, әрбір Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.
Осы арқылы осы мәтіннің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде дәрілік заттар айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге Армения Республикасының қосылуы туралы 2015 жылғы 2 желтоқсанда Мәскеу қаласында:
Армения Республикасы үшін - Армения Республикасының Вице-Премьер-министрі В.В. Габриелян;
Беларусь Республикасы үшін - Беларусь Республикасы Денсаулық сақтау министрінің орынбасары - Беларусь Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің фармацевтикалық өнеркәсіп департаментінің директоры В.Е. Шевчук;
Қазақстан Республикасы үшін - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Б.Ә. Сағынтаев;
Қырғыз Республикасы үшін - Қырғыз Республикасының Вице-премьер-министрі В.И. Диль;
Ресей Федерациясы үшін - Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының Бірінші орынбасары И.И. Шувалов қол қойған Хаттаманың толық және теңтүпнұсқалы көшірмесі болып табылатынын растаймын.
Төлнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады.