О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра иностранных дел Республики Казахстан от 23 декабря 2014 года № 08-1-1-1/648 "Об утверждении Методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" Министерства иностранных дел Республики Казахстан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра иностранных дел Республики Казахстан от 23 декабря 2014 года № 08-1-1-1/648 "Об утверждении Методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" Министерства иностранных дел Республики Казахстан"
- Атауы (қаз.)
- "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің" Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 08-1-1-1/648 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 11-1-2/359
- Қабылданған күні
- 27.08.2015
- Көрсетілген редакция
- 08.08.2016 94089_112086.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.08.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500012126
- ЭКБ идентификаторы
- 94089
- Редакция идентификаторы
- 94089_112086
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:34
0
«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 08-1-1-1/648 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларының 27-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 08-1-1-1/648 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10104 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 ақпандағы № 28 (28506) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесінде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. «Қанағаттанарлықсыз» деген баға алған қызметші мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш қабылданған тұлғаға тәлімгер ретінде бекітілмейді.»;
жоғарыда көрсетілген әдістемеге қазақ тіліндегі 2-қосымшасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Әкімшілік және бақылау департаменті:
1 1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы А.Б. Қарашевқа жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер Министрінің
2015 жылғы 27 тамыздағы
№ 11-1-2/359
бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігінің
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесіне
2-қосымша
нысан
Айналмалы бағалау парағы
Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда):
_______________________________________________________________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы: _____________________________
№
р/н
Өлшем
Көрсеткіштің мәні
Баға (балл)
Бағынышты адам
1
Жұмысты жоспарлай алу қабілеті
2-ден 5-ке дейін
2
Жұмысқа ынталандыру қабілеті
2-ден 5-ке дейін
3
Қызметтік этиканы сақтауы
2-ден 5-ке дейін
Барлығы (барлық бағалардың бағасы)
Әріптесі
1
Топта жұмыс істей алу қабілеті
2-ден 5-ке дейін
2
Қызметтік этиканы сақтауы
2-ден 5-ке дейін
3
Лауазымдық міндеттерін орындау сапасы
2-ден 5-ке дейін
Барлығы (барлық бағалардың бағасы)