О внесении изменения в решение акима Айыртауского района Северо-Казахстанской области от 23 января 2014 года № 1 «Об образовании избирательных участков по Айыртаускому району Северо-Казахстанской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение акима Айыртауского района Северо-Казахстанской области от 23 января 2014 года № 1 «Об образовании избирательных участков по Айыртаускому району Северо-Казахстанской области»
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің 2014 жылғы 23 қаңтардағы № 1 «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 11
- Қабылданған күні
- 19.03.2015
- Көрсетілген редакция
- 22.02.2016 87747_52615.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.02.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15SC003168
- ЭКБ идентификаторы
- 87747
- Редакция идентификаторы
- 87747_52615
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:01
0 Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің 2014 жылғы 23 қаңтардағы
№ 1 «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімі ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің 2014 жылғы 23 қаңтардағы № 1 «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне (нормативтiк құқықтық кесiмдерді мемлекеттiк тiркеудің Тiзiлiмiне № 3130 болып тіркелген, «Айыртау таңы», «Айыртауские зори» газеттерінде 2015 жылғы 19 наурызда жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында бесінші абзац келесі редакцияда баяндалсын:
«№ 5 сайлау учаскесі
Сайлау учаскесінің орналасқан жері: Мүгедектер үйі аумағы, № 3 тұрғын үй № 8 пәтер, телефон 8715(33)51540 (келісім бойынша); сайлау учаскесінің шекарасы: Красногорка ауылы, Мүгедектер үйі аумағы, Галицино ауылы.».
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Айыртау ауданы әкімі аппаратының басшысы Қ.С.Қайнетовке жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы
____________Е.Мерғасымов
2015 жылғы «19» наурыз