О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 сентября 2014 года № 1003 «Вопросы Министерства культуры и спорта Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 сентября 2014 года № 1003 «Вопросы Министерства культуры и спорта Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 925
- Қабылданған күні
- 29.12.2018
- Көрсетілген редакция
- 04.10.2023 128069_675672.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.10.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1800000925
- ЭКБ идентификаторы
- 128069
- Редакция идентификаторы
- 128069_675672
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 21:33
0 «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт
министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 58, 550-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет
және спорт министрлігі туралы ережеде:
16-тармақта:
бірінші бөліктің 180) және 181) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«180) ұлттық фильмдерді жасау жөніндегі жұмысты республикалық деңгейде ұйымдастыру;
181) қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу, басып шығару
және тарату қағидаларын бекіту;»;
екінші бөлік мынадай мазмұндағы 10-1) және 10-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«10-1) қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу, басып шығару
және тарату жөніндегі жұмысты республикалық деңгейде ұйымдастыру;
10-2) қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу, басып шығару
және тарату қағидаларын әзірлеу;»;
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
10-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
48, 55 және 68-тармақтар алып тасталсын.