Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 23 декабря 2014 года № 164 «Об утверждении Правил формирования, сбора, хранения и использования документов Национального картографо-геодезического фонда Республики Казахстан» и признании утратившими силу структурных элементов некоторых приказов в сфере геодезии и картографии

Бұйрық · № 187/НҚ · қабылданған 12.05.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/23-2014-no-164-ekb-142914/on/2026-09-18/
Басып шығарылды 2026-09-18 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 23 декабря 2014 года № 164 «Об утверждении Правил формирования, сбора, хранения и использования документов Национального картографо-геодезического фонда Республики Казахстан» и признании утратившими силу структурных элементов некоторых приказов в сфере геодезии и картографии Күшін жойған 31.03.2023 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 23 декабря 2014 года № 164 «Об утверждении Правил формирования, сбора, хранения и использования документов Национального картографо-геодезического фонда Республики Казахстан» и признании утратившими силу структурных элементов некоторых приказов в сфере геодезии и картографии

Күшін жойған Бұйрық № 187/НҚ 18.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 23 декабря 2014 года № 164 «Об утверждении Правил формирования, сбора, хранения и использования документов Национального картографо-геодезического фонда Республики Казахстан» и признании утратившими силу структурных элементов некоторых приказов в сфере геодезии и картографии
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 164 бұйрығына өзгерістер енгізу және геодезия және картография саласындағы кейбір бұйрықтардың құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп тану туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
187/НҚ
Қабылданған күні
12.05.2020
Көрсетілген редакция
31.03.2023 142914_624376.kaz
Соңғы өзгеріс
31.03.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000020654
ЭКБ идентификаторы
142914
Редакция идентификаторы
142914_624376
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 14:34
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0

«Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 164 бұйрығына өзгерістер енгізу және геодезия және картография саласындағы кейбір бұйрықтардың құрылымдық элементтерінің
күші жойылды деп тану туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 164 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10137 болып тіркелген, 2015 жылғы 27 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидаларын бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Геодезия және картография туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5-тармағына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Геодезия және картография саласындағы кейбір бұйрықтардың және кейбір бұйрықтардың құрылымдық элементтерінің күші жойылды танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидалары

Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрінің
2020 жылғы 12 мамыры № 187/НҚ
бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 164 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидалары «Геодезия және картография туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-бабының 5-тармағына, «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 2) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының (бұдан әрі – Қор) құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру тәртібін айқындайды.

2-тарау. Қордың құжаттарын қалыптастыру, жинау және сақтау тәртібі

2. Қордың құжаттары геодезиялық және картографиялық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған және жалпымемлекеттік, салааралық арнаулы және (немесе) салалық маңызы бар геодезиялық, картографиялық, топографиялық, гидрографиялық, аэроғарыштық түсірілім, гравиметриялық материалдар мен деректердің жиынтығын білдіреді.
Қор құжаттарының құрамына осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша материалдар мен деректер енгізіледі.

3. Қордың құжаттары ауқымы мен оларды сақтау мерзімдерін ескере отырып, геодезиялық және картографиялық қызметтің бағыттары бойынша қалыптасады.

Қордың құжаттарын пайдалану қолайлы болу үшін материалдарды орналастыру схемасы берілетін көрсеткіштер жасалады.

4. Геодезиялық және картографиялық қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар өздері жасаған Қорға енгізілуге жататын геодезиялық және картографиялық материалдар мен деректер көшірмелерінің бір данасын авторлық құқықтарын сақтай отырып өтеусіз береді.

Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтері бар материалдар мен деректер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қорға беріледі.

5. Қордың графикалық, цифрлық, электрондық, фотосуреттік, қағаз және өзге де нысандар мен түрлердегі материалдары мен деректері орталықтандырылған мемлекеттік есепке алуға, сақтауға және пайдалануға жатады.

6. Материалдар мен деректерді Қордың құрамына жатқызу, материалдар мен деректерді сақтауға іріктеу, сондай-ақ сақтау мерзімдері өткендерін жою құжаттардың құндылығын мемлекеттік сараптау негізінде жүргізіледі.

7. Қордың құжаттары жұмыс түрлері бойынша топтастырылады, жүйелендіріледі, есепке алынады, орналастырылады осы мақсатқа арнайы арналған үй-жайларда (қоймаларда) жұмыстардың түрлері бойынша сақталады.

3-тарау. Қордың құжаттарын пайдалану және беру тәртібі

8. Қордың құжаттары геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізу мақсатында мемлекеттік органдарды, жеке және заңды тұлғаларды қамтамасыз ету үшін пайдаланады.

9. Мемлекеттік органдарға Қордың материалдары тегін беріледі.

10. «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар және мемлекеттік құпияны құрайтын Қордың құжаттарын мемлекеттік органдарға, жеке және заңды тұлғаларға геодезия және картография саласындағы мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган басшысының рұқсатымен беріледі, және пайдаланып болғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде қайтарылуға жатады.

4-тарау. Жоспарланып отырған жұмыс учаскелерiнде жергiлiктi жерлердiң геодезиялық және картографиялық жағынан зерделенгендiгi туралы тиiстi мәлiметтер беру тәртібі

11. Геодезиялық және картографиялық қызмет субъектiлерiне жоспарланып отырған жұмыс учаскелерiнде жергiлiктi жерлердiң геодезиялық және картографиялық жағынан зерделенгендiгi туралы тиiстi мәлiметтерді беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында жазылған.

12. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар):

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитетіне (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) мыналарды жібереді:

1) «қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар материалдар мен геодезиялық деректерді алу үшін:

осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар материалдар мен геодезиялық деректерді алуға арналған, қағаз нысандағы өтініш;
көрсетілетін қызметтерге ақы төленгені туралы төлем құжаты (түбіртек);

2) «құпия» деген грифі бар материалдар мен геодезиялық деректерді алу үшін:

осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «құпия» деген грифі бар материалдар мен геодезиялық деректерді алуға арналған, қағаз нысандағы өтініш;
тапсырыс беруші ұйым (мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға байланысты жұмыстардың тапсырыс берушілері болып табылатын мемлекеттік орган немесе мемлекеттік ұйым) мен көрсетілетін қызметті алушы арасындағы бірлескен және басқа жұмыстар жүргізуге арналған шарт жобасы;
мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге ақы төленгені туралы төлем құжаты (түбіртек);
www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы:

3) ашық пайдаланудағы материалдар мен геодезиялық деректерді алу үшін:

осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес ашық пайдаланудағы материалдар мен геодезиялық деректерді алуға арналған, электронды құжат нысанындағы өтініш;
мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге ақы төленгені туралы төлем құжаты (түбіртек).

13. Көрсетілетін қызметті беруші өтініш түскен күні оны қабылдайды, тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің жұмыскеріне (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері) орындауға жолдайды.

Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызмет нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді тіркеу не дара кәсіпкер ретінде қызметті бастағаны туралы мәліметтерді, төлемді растайтын құжаттарды (төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүргізілген жағдайда) көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ЭҮТШ арқылы алады.

14. Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті портал арқылы тапсырған кезде «жеке кабинетке» мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жолданады.

15. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері көрсетілетін қызметті алушының өтініші тіркелген сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде, көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолы қойылған, жоспарланып отырған жұмыс учаскелерiнде жергiлiктi жерлердiң геодезиялық және картографиялық жағынан зерделенгендiгi туралы тиiстi мәлiметтерді беру туралы (бұдан әрі – мәліметтер) сұратуды дайындайды және жолдайды.

16. Мәліметтерді беру үшін көрсетілетін қызметті беруші, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің (бұдан әрі – уәкілетті орган) www.gov.kz/memleket/entities/mdai және Қордың www.nkgf.kz ресми сайттарында орналастырылатын «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 13) тармақшасына сәйкес белгіленген мәліметтер беру жөніндегі жұмыстардың құнына сәйкес көрсетілетін қызметті алушыдан ақы алады.

17. Қор екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының мәлiметтерді беру туралы сұратуын алғаннан бастап жұмыс көлемін айқындайды және көрсетілетін қызметті берушіге төлем шотын жолдайды.

18. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері бір жұмыс күні ішінде Қордан төлем құжатын (түбіртегін) алған сәттен бастап көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету үшін ақыны төлеу қажеттілігін төлем құжатын (түбіртегін) көрсете отырып хабарлама жолдайды.

Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде хабарлама көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолданады.

19. Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін төлем жасайды.

Төлем жасау қолма-қол немесе қолма-қол емес тәсілмен көрсетілетін қызметті берушінің есептік шотына екінші деңгейдегі банктер арқылы жүргізіледі.
Ашық пайдаланудағы материалдар мен геодезиялық деректерді алуға арналған, электронды құжат нысанындағы өтінішті портал арқылы жолдаған кезде, мемлекеттік қызметті көрсету үшін төлем төлем ЭҮТШ арқылы жүзеге асырылады.

20. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін төлем мемлекеттік қызметті алушымен төленбеген жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері бір жұмыс күні ішінде, көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолы қойылған мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес жолдайды.

21. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметті көрсету үшін төлемін осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген мерзімдерде, Қорға мәліметтерді беру туралы хабарлама жолдайды.

Хабарлама алған сәттен бастап Қор он бір жұмыс күні ішінде мәліметтерді жинақтауға, жасауға кіріседі және көрсетілетін қызметті берушіге мәліметтердің дайындығы туралы хабарлама жолдайды.
Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері Қордан мәліметтердің дайындығы туралы хабарлама алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға сұратылған мәліметтердің дайындығы және алу орны туралы хабарлама жолдайды.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде, мәліметтердің дайындығы және алу орны туралы хабарлама көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетке» жолданады.
Көрсетілетін қызметті алушыға жеке куәлікті және (немесе) өкілеттігін растайтын құжатты көрсеткен кезде не дайын мәліметтерді беру негізінде жүзеге асырылады.

22. Мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тартуға негіздер:

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы болып табылады.

23. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен ақпараттық жүйеге енгізуді қамтамасыз етеді.

5-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

24. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына, уәкілетті органға және мемлекеттік

қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға ұсынылуы мүмкін.
Көрсетілетін қызметті берушінің не жоғары тұрған мемлекеттік органның атына келіп түскен көрсетілген қызметті алушының шағымы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

1.1 Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құрамына енгізілетін материалдар мен деректердің тізбесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық
картографиялық-геодезиялық
қорының құжаттарын қалыптастыру,
жинау, сақтау, пайдалану
және беру қағидаларына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құрамына енгізілетін материалдар мен деректердің тізбесі

1. Топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды орындауға арналған техникалық жобалар.

2. Мемлекеттік нивелирлік желілерді, барлық сыныптар мен разрядтардағы геодезиялық желілерді, гравиметриялық іргелі және бірінші сыныпты желілерді жасау, дамыту және жұмыс істеу жағдайында ұстап тұру жөніндегі техникалық есептер, координаттар мен биіктіктердің каталогтары және басқа да материалдар мен деректер.

3. Геодезиялық және картографиялық қызметті қамтамасыз ету мақсатында Жерді қашықтықтан зондтаудың (аэрофототүсірілімдер мен ғарыштық түсірілімдер) бастапқы және туынды материалдары мен деректері, аэрофототүсірілімдердің паспорттары, арнайы аспаптардың деректері, түсірілімдерді картографиялық байланыстырудың схемалары.

4. Геодезиялық, гравиметриялық, ғарыштық өлшемдер базасында геодинамикалық зерттеулердің материалдары мен деректері.

5. Жергілікті жердің, оның ішінде теңіздер, көлдер, өзендер мен су қоймалары қайраңдарының топографиялық түсірілімдер бойынша техникалық есептері (ауқымы 1: 2 000 және кіші).

6. Мемлекеттік топографиялық карталардың, оның ішінде теңіздер, көлдер, өзендер, су қоймалары қайраңдарының карталарының, қалалар мен елді мекендердің жоспарларының (ауқымы 1:2 000 және кіші) графикалық, сандық, фотосуреттік, электрондық нысандардағы түпнұсқалары мен көшірмелері, сондай-ақ көрсетілген карталар мен жоспарлардың таралымдық бедерлемелері.

7. Жалпымемлекеттік және салааралық мақсаттағы жалпыгеографиялық, саяси-әкімшілік, ғылыми-әкімшілік, ғылыми-анықтама және басқа да тақырыптық карталар мен атластардың, оқу картографиялық құралдардың түпнұсқалары, туынды өнім жасау үшін негіз болып табылатын картографиялық материалдардың таралымдық бедерлемелері.

8. Құжаттамасы бар кезекші (анықтамалық) топографиялық карталар, оның ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы мен әкімшілік-аумақтық бірліктердің шекараларын және шетел мемлекеттерінің шекараларын белгілеу жөніндегі материалдар.

9. Географиялық атаулардың мемлекеттік каталогы және олардың негізгі материалдары, Қазақстан Республикасының, шетел мемлекеттерінің аумақтарындағы, материктер мен мұхиттардағы географиялық объектілер атауларының сөздіктері мен анықтамалықтары.

10. Геодезиялық және картографиялық қызмет, мұрағат ісі, құпиялылық режимі саласындағы нормативтік-техникалық құжаттар.

1.2 Қазақстан Республикасы Ұлттық

картографиялық-геодезиялық
қорының құжаттарын қалыптастыру,
жинау, сақтау, пайдалану
және беру қағидаларына
2-қосымша
Нысан
«Гео­де­зи­я­лық және кар­то­гра­фи­я­лық қыз­мет субъ­ек­тiлерiне жос­пар­ла­нып отыр­ған жұ­мыс учас­ке­лерiн­де жер­гiлiк­тi жер­лер­дiң гео­де­зи­я­лық және кар­то­гра­фи­я­лық жа­ғы­нан зер­де­лен­ген­дi­гi ту­ра­лы тиiстi мәлi­мет­тер бе­ру» мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет стан­дар­ты (бұ­дан әрі – Стан­дарт)
1
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Цифр­лық да­му, ин­но­ва­ци­я­лар және аэро­ға­рыш өнер­к­ә­сі­бі ми­ни­стр­лі­гі­нің Гео­де­зия және кар­то­гра­фия ко­ми­те­ті (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші)
2
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тә­сіл­де­рі
Өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру:
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің кең­се­сі;
2) пор­тал ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
3
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі
19 (он то­ғыз) жұ­мыс кү­ні
4
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны
Элек­трон­дық/қа­ғаз ны­сан­да
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сі
Жер­гі­лік­ті жер­дің гео­де­зи­я­лық және кар­то­гра­фи­я­лық зер­де­лен­ген­ді­гі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (бұ­дан әрі – мә­лі­мет­тер) бе­ру не мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ны­са­ны: элек­трон­дық неме­се қа­ғаз тү­рін­де
6
Тө­лем мөл­ше­рі
Мем­ле­кет­тік қыз­мет же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­ға (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы) ақы­лы түр­де көр­се­ті­ле­ді.
Мә­лі­мет­тер­ді бе­ру үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Цифр­лық да­му, ин­но­ва­ци­я­лар және аэро­ға­рыш өнер­к­ә­сі­бі ми­ни­стр­лі­гі­нің (бұ­дан әрі – уәкі­лет­ті ор­ган) www.​gov.​kz/​mem​leke​t/​ent​itie​s/​mdai және Қор­дың www.​nkgf.​kz ре­сми сайт­та­рын­да ор­на­ла­сты­ры­ла­тын «Мем­ле­кет­тік мү­лік ту­ра­лы» 2011 жы­л­ғы 1 на­уры­зда­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 15-ба­бы­ның 13) тар­мақ­ша­сы­на сәй­кес бел­гі­лен­ген мә­лі­мет­тер бе­ру жө­нін­де­гі жұ­мыстар­дың құ­ны­на сәй­кес көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан ақы ала­ды.
7
Жұ­мыс гра­фи­гі
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің жұ­мыс кесте­сі – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на және «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы ме­ре­ке­лер ту­ра­лы» 2001 жы­л­ғы 13 жел­тоқ­сан­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның (бұ­дан әрі – Ме­ре­ке­лер ту­ра­лы заң) 5-ба­бы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі-жұ­ма ара­лы­ғын­да, са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін түс­кі үзіл­іспен, са­ғат 9.00­ден 18.30-ға дей­ін.
Өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден ба­стап 17.30-ға дей­ін бел­гі­ле­не­ді.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет ал­дын ала жа­зы­лу­сыз және же­дел­де­тіп қыз­мет көр­се­ту­сіз ке­зек тәр­ті­бін­де көр­се­ті­ле­ді;
2) пор­тал­дың жұ­мыс кесте­сі – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на және Ме­ре­ке­лер ту­ра­лы заң­ның 5-ба­бы­на сәй­кес жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген жағ­дай­да, өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры:
1) уәкі­лет­ті ор­ган­ның www.​gov.​kz/​mem​leke​t/​ent​itie​s/​mdai ин­тер­нет-ре­сур­сын­да;
2) пор­тал­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған.
8
Қа­жет­ті құ­жат­тар­дың тіз­бе­сі
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге:
1) «қыз­мет ба­бын­да пай­да­ла­ну үшін» де­ген бел­гі­сі бар ма­те­ри­ал­дар мен гео­де­зи­я­лық де­ректер­ді алу үшін:
«қыз­мет ба­бын­да пай­да­ла­ну үшін» де­ген бел­гі­сі бар ма­те­ри­ал­дар мен гео­де­зи­я­лық де­ректер­ді алу­ға ар­нал­ған өті­ніш;
көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ге ақы тө­лен­ге­ні ту­ра­лы тө­лем құ­жа­ты (тү­бір­тек);
2) «құ­пия» де­ген гри­фі бар ма­те­ри­ал­дар мен гео­де­зи­я­лық де­ректер­ді алу үшін:
«құ­пия» де­ген гри­фі бар ма­те­ри­ал­дар мен гео­де­зи­я­лық де­ректер­ді алу­ға ар­нал­ған өті­ніш;
тап­сы­рыс бе­ру­ші ұй­ым (мем­ле­кет­тік құ­пи­я­лар­ды құ­рай­тын мә­лі­мет­тер­ді пай­да­ла­ну­ға бай­ла­ны­сты жұ­мыстар­дың тап­сы­рыс бе­ру­ші­ле­рі бо­лып та­бы­ла­тын мем­ле­кет­тік ор­ган неме­се мем­ле­кет­тік ұй­ым) мен көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ара­сын­да­ғы бір­лес­кен және бас­қа жұ­мыстар жүр­гізу­ге ар­нал­ған шарт жо­ба­сы;
көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ге ақы тө­лен­ге­ні ту­ра­лы тө­лем құ­жа­ты (тү­бір­тек);
Пор­тал­ға:
3) ашық пай­да­ла­ну­да­ғы ма­те­ри­ал­дар мен гео­де­зи­я­лық де­ректер­ді алу­ға ар­нал­ған өті­ніш;
ашық пай­да­ла­ну­да­ғы ма­те­ри­ал­дар мен гео­де­зи­я­лық де­ректер­ді алу­ға ар­нал­ған элек­трон­дық өті­ніш;
көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ге ақы тө­лен­ге­ні ту­ра­лы тө­лем құ­жа­ты (тү­бір­тек).
9
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген негіз­дер
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гін анық­тау;
2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты оның қыз­ме­тіне неме­се мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ды та­лап ете­тін же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген ше­ші­мі­нің (үкі­мі­нің) бо­луы;
3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген үкі­мі­нің бо­луы, оның негі­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­мен бай­ла­ны­сты ар­на­у­лы құқы­ғы­нан ай­ы­ры­луы.
10
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып, өзге де та­лап­тар
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы болған жағ­дай­да, ашық пай­да­ла­ну­да­ғы мем­ле­кет­тік қыз­мет­ке өті­ніш­ті элек­трон­дық ны­сан­да пор­тал ар­қы­лы жі­бе­ре­ді.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­дің тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­да­ғы «же­ке ка­би­не­ті», сон­дай-ақ бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы ала­ды.
Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы: 1414, 8 800 080 7777.

1.3 «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар материалдар мен геодезиялық деректерді алуға арналған өтініш

Қазақстан Республикасы Ұлттық
картографиялық-геодезиялық
қорының құжаттарын қалыптастыру,
жинау, сақтау, пайдалану
және беру қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Геодезия және картография комитетінің төрағасы
__________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса) тегі)
________________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса) _________________________________
тегі немесе заңды тұлғаның толық атауы)
_________________________________
(жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі), мекенжайы, байланыс телефоны (бар болса))
«Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар материалдар
мен геодезиялық деректерді алуға арналған өтініш
Жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса) тегі не заңды тұлғаның толық атауы)_________________________________________________________________________
Ведомстволық және мемлекеттік тиесілігі, азаматтығы (жеке тұлғаның): _______________________________________________________________________________
Сұралып отырған «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар мәліметтер мен материалдардың тізбесі: ________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
Мәліметтерді берудің қажеттілігі мен орындылығының негіздемесі _______________________________________________________________________________
«Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар материалдарды алу жоспарланып отырған мерзім:_________________________________________________________________________
Жергілікті жердің геодезиялық және картографиялық зерделенгендігі туралы мәліметтер бергені үшін көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге хабарлама алатын мекенжай: _______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
(пошта мекенжайы, телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы)
Күні ______
Өтініш беруші ________________________________________
(жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның уәкілетті өкілінің аты,
әкесінің аты (бар болса) тегі, қолы, мөрі (бар болса))

1.4 «Құпия» деген грифі бар материалдар мен геодезиялық деректерді алуға арналған өтініш

Қазақстан Республикасы Ұлттық
картографиялық-геодезиялық
қорының құжаттарын қалыптастыру,
жинау, сақтау, пайдалану
және беру қағидаларына
4-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Геодезия және картография комитетінің төрағасы
___________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса) тегі)
__________________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса) ___________________________________
тегі немесе заңды тұлғаның толық атауы)
__________________________________
(жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі), мекенжайы, байланыс телефоны (бар болса))
«Құпия» деген грифі бар материалдар мен геодезиялық деректерді
алуға арналған өтініш
Жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса) тегі немесе заңды тұлғаның толық атауы) _________________________________________________________________________________
Ведомстволық және мемлекеттік тиесілігі, азаматтығы (жеке тұлғаның):___
_________________________________________________________________________________
(азаматтығын көрсету керек)
Сұралып отырған мәліметтердің тізбесі, олардың құпиялылық дәрежесі___________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________
Мәліметтерді берудің қажеттілігі мен орындылығының негіздемесі:
__________________________________________________________________________________
Орындаушы ұйымның мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді
пайдалана отырып, жұмыстарды жүргізуіне Қазақстан Республикасы Ұлттық
қауіпсіздік комитеті немесе оның органдары рұқсатының нөмірі мен күні:
_________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік құпияларға рұқсаты:__________________
_________________________________________________________________________________
(мемлекеттік құпияларға рұқсаттың нысаны, нөмірі мен күні)
Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді алу жоспарланып отырған мерзім:___________________________________________________________________________
Жергілікті жердің геодезиялық және картографиялық зерделенгендігі туралы мәліметтер бергені үшін көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге хабарлама алатын мекенжай __________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________
(пошта мекенжайы, телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы)
Қосымша: тапсырыс беруші ұйым (мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдаланумен байланысты жұмыстардың тапсырыс берушісі болып табылатын мемлекеттік орган немесе мемлекеттік ұйым) мен өтініш беруші арасындағы бірлескен және өзге де жұмыстарды жүргізуге арналған шарт жобасы.
Күні ______
Өтініш беруші ________________________________________
(жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның уәкілетті өкілінің аты,
әкесінің аты (бар болса) тегі, қолы, мөрі (бар болса))

1.5 Ашық пайдаланудағы материалдар мен геодезиялық деректерді алуға арналған өтініш

Қазақстан Республикасы Ұлттық
картографиялық-геодезиялық
қорының құжаттарын қалыптастыру,
жинау, сақтау, пайдалану
және беру қағидаларына
5-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитетіне
_______________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің
аты (бар болса)
_________________________________
тегі немесе заңды тұлғаның
толық атауы)
Ашық пайдаланудағы материалдар мен геодезиялық
деректерді алуға арналған өтініш
Алу жоспарланып отырған мәліметтердің тізбесі және олардың саны:
________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
[Жасалған күні]
[Қол қоюшының аты, әкесінің
аты (бар болса), тегі]

1.6 Қазақстан Республикасы Ұлттық

картографиялық-геодезиялық
қорының құжаттарын қалыптастыру,
жинау, сақтау, пайдалану
және беру қағидаларына
6-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы Цифрлық
даму, инновациялар және аэроғарыш
өнеркәсібі министрлiгiнiң Геодезия
және картография комитеті
Комитет геодезии и картографии
Министерства цифрового развития,
инноваций и аэрокосмической
промышленности
Республики Казахстан
Жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болсы), тегі не заңды тұлғаның толық атауы ________________________________
Нөмері _________
«___» _______ 20__ жыл
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлiгiнiң Геодезия және картография комитеті, Сіздің 20__ жылғы «___» _____ № ___________ өтінішіңізді қарастырып, мынадай себептермен мәліметтерді беруден бас тартады:
[Қол қоюшының лауазымы]
[Қол қоюшының аты, әкесінің
аты (бар болса), тегі]

2 Геодезия және картография саласындағы кейбір бұйрықтардың құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрінің
2020 жылғы 12 мамыры № 187/НҚ
бұйрығына 2-қосымша
Геодезия және картография саласындағы кейбір бұйрықтардың құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп тану туралы

1. «Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11050 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы маусымда жарияланған) 1-тармағының 15) тармақшасы.

2. «Геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 357 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11262 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 19 маусымда жарияланған) 1-тармағының 3) тармақшасы.

3. «Геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 357 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 13 қарашадағы № 693 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12380 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 21 желтоқсанда жарияланған) 1-тармағының жүз жиырмасыншы, жүз жиырма бірінші, жүз жиырма екінші абзацтары.

4. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 20 шілдедегі № 318 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін бұйрықтар тізбесінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14171 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 21 қыркүйекте жарияланған) 3-тармағының жүз қырық тоғызыншы, жүз елуінші, жүз елу бірінші, жүз елу екінші, жүз елу үшінші, жүз елу төртінші, жүз елу бесінші, жүз елу алтыншы, жүз елу жетінші, жүз елу сегізінші, жүз елу тоғызыншы, жүз алпысыншы, жүз алпыс бірінші, жүз алпыс екінші, жүз алпыс үшінші, жүз алпыс төртінші абзацтары.

5. «Геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 357 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 9 қарашадағы № 468 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14512 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің электрондық бақылау банкінде 2017 жылғы 16 қаңтарда жарияланған) 1-тармағының жүз жиырма жетінші, жүз жиырма сегізінші, жүз жиырма тоғызыншы, жүз отызыншы, жүз отыз бірінші, жүз отыз екінші, жүз отыз үшінші, жүз отыз төртінші, жүз отыз бесінші, жүз отыз алтыншы, жүз отыз жетінші, жүз отыз сегізінші, жүз отыз тоғызыншы, жүз қырқыншы, жүз қырық бірінші, жүз қырық екінші, жүз қырық үшінші, жүз қырық төртінші, жүз қырық бесінші, жүз қырық алтыншы, жүз қырық жетінші, жүз қырық сегізінші абзацтары.

6. «Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 40 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18268 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 21 ақпанда жарияланған) 1-тармағының он жетінші абзацы.

7. «Геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 357 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 17 сәуірдегі № 154 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18557 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2019 жылғы 22 сәуірде жарияланған) 1-тармағының төртінші абзацының күші жойылды деп танылсын.