О внесении изменения в решение Курчумского районного маслихата от 23 декабря 2014 года № 21-6 «Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Курчумского районного маслихата от 23 декабря 2014 года № 21-6 «Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи»
- Атауы (қаз.)
- Күршім аудандық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 21-6 «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 22-6
- Қабылданған күні
- 16.03.2015
- Көрсетілген редакция
- 31.07.2018 89297_347358.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.07.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15VN003891
- ЭКБ идентификаторы
- 89297
- Редакция идентификаторы
- 89297_347358
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:07
0 Күршім аудандық мәслихатының
2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 21-6
«Тұрғын үй көмегін көрсетудің
мөлшері мен тәртібін айқындау
қағидасын бекіту туралы»
шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы Заңының 1-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15 тармақшасына, Күршім аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау қағидасын бекіту туралы» Күршім аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 21-6 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3661 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 6 ақпанда № 11 «Рауан» және «Заря» аудандық газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібін айқындау қағидасында:
2 тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«1) жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;».