Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Курчумского районного маслихата от 23 декабря 2014 года № 21-6 «Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи»

Ереже · № 2/8-VI · қабылданған 11.04.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/23-2014-no-21-6/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Курчумского районного маслихата от 23 декабря 2014 года № 21-6 «Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи» Күшін жойған Ереже ·№ 2/8-VI ·11.04.2016
31.07.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.07.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Курчумского районного маслихата от 23 декабря 2014 года № 21-6 «Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи»

Күшін жойған Ереже ·№ 2/8-VI · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Курчумского районного маслихата от 23 декабря 2014 года № 21-6 «Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи»
Атауы (қаз.)
Күршім аудандық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 21-6/V «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
2/8-VI
Қабылданған күні
11.04.2016
Көрсетілген редакция
31.07.2018 102104_347356.kaz
Соңғы өзгеріс
31.07.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16VN004539
ЭКБ идентификаторы
102104
Редакция идентификаторы
102104_347356
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 09:40

0 Күршім аудандық мәслихатының

2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 21-6/V
«Тұрғын үй көмегін көрсетудің
мөлшері мен тәртібін айқындау
қағидасын бекіту туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығына сәйкес, Күршім аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1

1. «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау қағидасын бекіту туралы» Күршім аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 21-6 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3661 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 6 ақпанда № 11 «Рауан» және «Заря» аудандық газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің кіріспесіне келесі редакцияда жазылсын:
«Тұрғын үй қатынастары туралы» «Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулыларына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығына сәйкес, Күршім аудандық мәслихаты ШЕШТІ:»;
көрсетілген шешіммен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау қағидасында:
1 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«1. Осы аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулыларына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығына сәйкес әзірленді және аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындайды.»;
5 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«5. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат немесе нотариалды куәландырылған сенімхаты бойынша оның өкілі) тоқсан сайын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына немесе www.egov.kz «электронды үкімет» веб-порталына (бұдан әрі – портал) өтініш береді алады және «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызметі стандартының 9 тармағына сәйкес құжаттар тізбесін ұсынады.».

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы