О внесении изменений в решение маслихата города Актобе от 23 декабря 2014 года № 284 «Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов по городу Актобе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата города Актобе от 23 декабря 2014 года № 284 «Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов по городу Актобе»
- Атауы (қаз.)
- Ақтөбе қалалық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 284 «Ақтөбе қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 616
- Қабылданған күні
- 22.12.2020
- Көрсетілген редакция
- 15.12.2021 150915_558747.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.12.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20CA007856
- ЭКБ идентификаторы
- 150915
- Редакция идентификаторы
- 150915_558747
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 10:54
0 Ақтөбе қалалық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 284 «Ақтөбе қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 «Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10030 тіркелген) бұйрығына, Ақтөбе облысының әкімдігінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 77 «Коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4275 тіркелген) қаулысына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Ақтөбе қалалық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 284 «Ақтөбе қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4182 тіркелген, 2015 жылғы 3 ақпанда «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген қосымшада:
қазақ тіліндегі шешімнің, реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«
1
Жайлы үйлер
1 тұрғын
2,01
Жайлы емес үйлер
1 тұрғын
2,3
»;
қазақ тіліндегі шешімнің, реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«
5
Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері
1 қызметкер
0,76
»;
қазақ тіліндегі шешімнің, реттік нөмірі 28-жол мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«
28
Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі
Жалпы алаңы 1 м2
0,2074
».