Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в решение Таскалинского районного маслихата от 23 декабря 2014 года № 29-6 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в Таскалинском районе»

Өзге акт · № 5-4 · қабылданған 02.06.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 29.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/23-2014-no-29-6-ekb-182676/on/2026-08-29/
Басып шығарылды 2026-08-29 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в решение Таскалинского районного маслихата от 23 декабря 2014 года № 29-6 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в Таскалинском районе» Қолданыста Өзге акт ·№ 5-4 ·02.06.2023
02.06.2023 редакциясы
29.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.06.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в решение Таскалинского районного маслихата от 23 декабря 2014 года № 29-6 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в Таскалинском районе»

Қолданыста Өзге акт ·№ 5-4 · 29.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в решение Таскалинского районного маслихата от 23 декабря 2014 года № 29-6 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в Таскалинском районе»
Атауы (қаз.)
Тасқала аудандық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 29-6 «Тасқала ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
5-4
Қабылданған күні
02.06.2023
Көрсетілген редакция
02.06.2023 182676_636344.kaz
Соңғы өзгеріс
02.06.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V23ZK718807
ЭКБ идентификаторы
182676
Редакция идентификаторы
182676_636344
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 18:34

0 Тасқала аудандық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 29-6 «Тасқала ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Тасқала аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1

1. Тасқала аудандық мәслихатының «Тасқала ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы» 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 29-6 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3740 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Тасқала ауданында жеке оқыту жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы»;
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

1 «1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Тасқала ауданында жеке оқыту жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу тәртібі және мөлшері айқындалсын.»;

2 2-тармақ алынып тасталсын;

көрсетілген шешім осы шешімнің қосымшасына сәйкес қосымшамен толықтырылсын.

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Тасқала ауданында жеке оқыту жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу тәртібі және мөлшері

Тасқала аудандық мәслихаты
2023 жылғы 2 маусымдағы
№ 5-4 шешіміне қосымша
Тасқала ауданында жеке оқыту жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу тәртібі және мөлшері

1

1. Осы Тасқала ауданында жеке оқыту жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі және мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 «Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен бекітілген «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес әзірленді.

2

2. Жеке оқыту жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді (бұдан әрі-оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу) мүгедектігі бар баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде «Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жүргізеді.

3

3. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу (толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы мүгедектігі бар балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі.

4 4. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.

5

5. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедектігі бар баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мүгедектігі бар баланың мемлекеттік мекемелерде оқып жатқан кезеңі, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуы) төлемдер тиісті жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

6 6. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін қажетті құжаттар шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес ұсынылады.

7 7. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу мөлшері оқу жылы ішінде ай сайын әрбір мүгедектігі бар балаға үш айлық есептік көрсеткішке тең.

8 8. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуден бас тарту негіздері шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасының тоғызыншы жолында көзделген.

Қолданыстағы