О внесении изменения в решение Глубоковского районного маслихата от 23 декабря 2014 года № 32/2-V «О бюджете Глубоковского района на 2015 - 2017 годы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Глубоковского районного маслихата от 23 декабря 2014 года № 32/2-V «О бюджете Глубоковского района на 2015 - 2017 годы»
- Атауы (қаз.)
- «2015-2017 жылдарға арналған Глубокое ауданының бюджеті туралы» 2014 жылғы 23 желтоқсандағы№ 32/2-V Глубокое аудандық мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 33/4-V
- Қабылданған күні
- 25.02.2015
- Көрсетілген редакция
- 01.01.2016 87290_115440.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.01.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15VI003720
- ЭКБ идентификаторы
- 87290
- Редакция идентификаторы
- 87290_115440
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:28
0 «2015-2017 жылдарға арналған
Глубокое ауданының бюджеті
туралы» 2014 жылғы 23
желтоқсандағы№ 32/2-V Глубокое
аудандық мәслихатының
шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7 - бабына сәйкес, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. «2015-2017 жылдарға арналған Глубокое ауданының бюджеті туралы» 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 32/2-V Глубокое аудандық мәслихатының шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3624 болып тіркелген, 2015 жылы 20 қаңтарда «Ақ бұлақ», «Огни Прииртышья» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
4-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«4. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 238-бабының 2, 3 - тармақтарына сәйкес, азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк ставкалар бюджет қаражаты есебiнен белгiленсін.».