О внесении изменений в решение Усть-Каменогорского городского маслихата от 23 декабря 2014 года № 34/5-V «Об утверждении Правила определения размера и порядка оказания жилищной помощи»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Усть-Каменогорского городского маслихата от 23 декабря 2014 года № 34/5-V «Об утверждении Правила определения размера и порядка оказания жилищной помощи»
- Атауы (қаз.)
- Өскемен қалалық мәслихатының «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау қағидасын бекіту туралы» 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 34/5-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 35/2-V
- Қабылданған күні
- 27.02.2015
- Көрсетілген редакция
- 31.07.2018 87787_346958.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.07.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15VA003762
- ЭКБ идентификаторы
- 87787
- Редакция идентификаторы
- 87787_346958
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:23
0 Өскемен қалалық мәслихатының
«Тұрғын үй көмегін көрсетудің
мөлшерін және тәртібін айқындау
қағидасын бекіту туралы»
2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 34/5-V
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Өскемен қалалық мәслихатының «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау қағидасын бекіту туралы» 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 34/5-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3629 Тіркелген, 2015 жылғы 29 қаңтарда № 5 «Өскемен», № 5 «Усть-Каменогорск» газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау қағидасында:
2-тармақтың 1) тармақшасы мына редакцияда жазылсын:
«1) жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтiп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;»;
5 тармақ мына редакцияда жазылсын:
«5. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат, не сенімхат бойынша оның өкілі) тоқсан сайын Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму жөніндегі министрлігінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі – ХҚКО) немесе «электронды үкімет» www.egov.kz веб-порталына (бұдан әрі – портал) өтініш береді және «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 қаулысымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызметі стандартының 9 тармағына сәйкес құжаттар тізбесін ұсынады.».