О внесении изменения в решение Усть-Каменогорского городского маслихата от 23 декабря 2014 года № 34/5-V «Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Усть-Каменогорского городского маслихата от 23 декабря 2014 года № 34/5-V «Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи»
- Атауы (қаз.)
- «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау қағидасын бекіту туралы» Өскемен қалалық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 34/5-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 28/2-VI
- Қабылданған күні
- 04.04.2018
- Көрсетілген редакция
- 31.07.2018 120621_346962.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.07.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18VA005602
- ЭКБ идентификаторы
- 120621
- Редакция идентификаторы
- 120621_346962
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 00:58
0 «Тұрғын үй көмегін көрсетудің
мөлшерін және тәртібін айқындау
қағидасын бекіту туралы»
Өскемен қалалық мәслихатының
2014 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 34/5-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау қағидасын бекіту туралы» Өскемен қалалық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 34/5-V (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3629 болып тіркелген, 2015 жылғы 29 қаңтарда «Өскемен», «Усть-Каменогорск» газеттерінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау қағидасының 22 тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«22. Отбасының шекті жол берілетін шығыстарының үлесі отбасының жиынтық табысына қарай 8 % мөлшерінде белгіленеді.».