О внесении изменений в решение маслихата Есильского района Северо-Казахстанской области от 23 декабря 2014 года № 39/238 «О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата Есильского района Северо-Казахстанской области от 23 декабря 2014 года № 39/238 «О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану»
- Атауы (қаз.)
- «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 39/238 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 44/280
- Қабылданған күні
- 22.09.2015
- Көрсетілген редакция
- 07.10.2021 94723_541730.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.10.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15SF003418
- ЭКБ идентификаторы
- 94723
- Редакция идентификаторы
- 94723_541730
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:18
0 «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 39/238 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 39/238 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3073 тіркелді, 2015 жылғы 20 ақпанында «Есіл Таңы» және «Ишим» газеттерінде жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
1 «1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындары ай сайын үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтелсін.»;
2 тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
3
«3) мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу үшін қажетті құжаттардың тізбесі «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9 тармағына сәйкес ұсынылады» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11342 тіркелді);»