О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 23 апреля 2014 года № 67 «Об утверждении форм типовых кастодиальных договоров»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 23 апреля 2014 года № 67 «Об утверждении форм типовых кастодиальных договоров»
- Атауы (қаз.)
- «Кастодиандық үлгілік шарттар нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 67 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 38
- Қабылданған күні
- 24.02.2021
- Көрсетілген редакция
- 24.02.2021 153064_514788.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.02.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2100022267
- ЭКБ идентификаторы
- 153064
- Редакция идентификаторы
- 153064_514788
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 09:26
0 «Кастодиандық үлгілік шарттар нысандарын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 67 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Кастодиандық үлгілік шарттар нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 67 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9487 болып тіркелген, 2014 жылғы 16 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Кастодиан банк және арнайы қаржы компаниясы, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушының арасында жасалатын кастодиандық үлгілік шарттың нысанында:
27, 28 және 29-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Кастодиан Басқарушының немесе Компанияның, олар Шарттың талаптарына сәйкес жіберген тапсырмаларын (бұйрықтарын) уақтылы орындамаған жағдайда, Кастодиан тапсырмасы (бұйрығы) мерзімінде орындалмаған тарапқа, төлеу күнін қоса алғанда әрбір кешіктірілген күн үшін мерзімінде орындалмаған тапсырмада көрсетілген сомаға есептелген төлем күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемесінің ___ мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлейді.
28. Шарттың 6-тармағының 3) тармақшасында және 9-тармағының 11) тармақшасында көрсетілген шот-фактураларды уақтылы төлемеген жағдайда, Компания және (немесе) Басқарушы Кастодианға Компания мен Басқарушының арасында жасалған инвестициялық портфельді басқару жөніндегі шартқа сәйкес, төлеу күнін қоса алғанда, әрбір мерзімі өткен күніне төленбеген сомаға есептелетін төлем күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемесінің ___ мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті.
29. Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамау, дұрыс орындамау немесе уақтылы орындамау нәтижесінде басқа тарапқа немесе тараптарға зиян келтірген тарап осындай жағдайлар туындағаннан кейін бес жұмыс күн ішінде осы тарапқа немесе тараптарға зиянды өтеуге және әр тараптың зиян сомасына жеке есептелетін төлем күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемесінің ___ мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Кастодиан банк және арнайы қаржы компаниясы арасында жасалатын кастодиандық үлгілік шарттың нысанында:
17 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Кастодиан Компанияның Шарттың талаптарына сәйкес жіберілген тапсырмаларын (бұйрықтарын) уақтылы орындамаған жағдайда, Кастодиан төлеу күнін қоса алғанда, әрбір кешіктірілген күн үшін мерзімінде орындалмаған тапсырмада көрсетілген сомаға есептелген төлем күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемесінің ___ мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлейді.
18. Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамауы немесе уақтылы орындамауы нәтижесінде басқа тарапқа зиян келтірген тарап осындай жағдайлар туындағаннан кейін бес жұмыс күн ішінде сол тарапқа зиянды өтеуге және төлем күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемесінің ___ мөлшерінде зиян сомасына есептелетін тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті.».