О внесении изменения в решение Урджарского районного маслихата от 23 декабря 2014 года №28-322/V «О бюджете Урджарского района на 2015-2017 годы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Урджарского районного маслихата от 23 декабря 2014 года №28-322/V «О бюджете Урджарского района на 2015-2017 годы»
- Атауы (қаз.)
- «2015-2017 жылдарға арналған Үржар ауданының бюджеті туралы» Үржар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №28-322/V шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 30-347/V
- Қабылданған күні
- 06.02.2015
- Көрсетілген редакция
- 01.01.2016 87142_Some(104475).kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.01.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15VR003699
- ЭКБ идентификаторы
- 87142
- Редакция идентификаторы
- 87142_Some(104475)
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:46
0 «2015-2017 жылдарға арналған
Үржар ауданының бюджеті туралы»
Үржар аудандық мәслихатының
2014 жылғы 23 желтоқсандағы
№28-322/V шешіміне өзгеріс
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Заңының 43, 43-1 баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. «2015-2017 жылдарға арналған Үржар ауданының бюджеті туралы» Үржар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 28-322/V (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3614 нөмірімен тіркелген, « Пульс времени/Уақыт тынысы» газетінің 2015 жылдың 19 қаңтарында 8-9-10 нөмірінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
3 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«3.Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 17 мамырдағы Еңбек кодексінің 238 бабының 2, 3-тармақтарына сәйкес, азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк ставкалар, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша бюджет қаражаты есебiнен белгiленсін.
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн жергiлiктi өкiлдi органмен келiсу бойынша жергiлiктi атқарушы орган айқындайды».