Құжат мәтініне өту

О ратификации Протокола о внесении изменения в Соглашение о единых принципах и правилах обращения медицинских изделий (изделий медицинского назначения и медицинской техники) в рамках Евразийского экономического союза от 23 декабря 2014 года

Заң · № 66-VIII · қабылданған 18.03.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/23-2014/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О ратификации Протокола о внесении изменения в Соглашение о единых принципах и правилах обращения медицинских изделий (изделий медицинского назначения и медицинской техники) в рамках Евразийского экономического союза от 23 декабря 2014 года Қолданыста Заң ·№ 66-VIII ·18.03.2024
18.03.2024 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.03.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О ратификации Протокола о внесении изменения в Соглашение о единых принципах и правилах обращения медицинских изделий (изделий медицинского назначения и медицинской техники) в рамках Евразийского экономического союза от 23 декабря 2014 года

Қолданыста Заң ·№ 66-VIII · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О ратификации Протокола о внесении изменения в Соглашение о единых принципах и правилах обращения медицинских изделий (изделий медицинского назначения и медицинской техники) в рамках Евразийского экономического союза от 23 декабря 2014 года
Атауы (қаз.)
2014 жылғы 23 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде медициналық бұйымдар (медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника) айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы
Акт түрі
Заң
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
66-VIII
Қабылданған күні
18.03.2024
Көрсетілген редакция
18.03.2024 194531_696554.kaz
Соңғы өзгеріс
18.03.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
Z2400000066
ЭКБ идентификаторы
194531
Редакция идентификаторы
194531_696554
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 12:34

0 2014 жылғы 23 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде медициналық бұйымдар (медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника) айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

2014 жылғы 23 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде медициналық бұйымдар (медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника) айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы 2023 жылғы 13 ақпанда Мәскеуде жасалған хаттама ратификациялансын.
📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса
тіркелген халықаралық Хаттаманың мәтіні
ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық
Хаттамасының жасасқан тілдердегі ресми
куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық
Хаттамаларын тіркеуге, есептеуге және
сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер
министрлігінен алуға болады
БЕЙРЕСМИ АУДАРМА
2014 жылғы 23 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде медициналық бұйымдар (медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника) айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттама
Бұдан әрі мүше мемлекеттер деп аталатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты негізге ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:

1 1-бап

2014 жылғы 23 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде медициналық бұйымдар (медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника) айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімнің 11-бабы бірінші абзацының мәтіні бойынша «2022 жылғы» деген сөздер «2025 жылғы» деген сөздермен ауыстырылсын.

2 2-бап

Осы Хаттама қол қойылған күнінен бастап уақытша қолданылады. Заңнамасында халықаралық шарттарды уақытша қолдану мүмкіндігі көзделмеген мүше мемлекет үшін осы Хаттама осындай мүше мемлекет осы Хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетшілік рәсімдерді орындаған күннен бастап қолданылады.
Осы Хаттама депозитарий осы Хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетшілік рәсімдерді мүше мемлекеттердің орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап күшіне енеді.
2023 жылғы 13 ақпанда Мәскеу қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды.
Осы Хаттаманың төлнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады, ол осы Хаттаманың депозитарийі бола отырып, әрбір мүше мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.
Осымен бұл мәтін 2023 жылғы 13 ақпандағы Мәскеу қаласында қол қойылған 2014 жылғы 23 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде медициналық бұйымдар (медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника) айналысынын бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманың толық және теңтүпнұсқалы көшірмесі болып табылатынын куәландырамын:
Армения Республикасы үшін - Армения Республикасының Вице- премьер-министрі М.Г. Григорян;
Беларусь Республикасы үшін - Беларусь Республикасының Денсаулық сақтау министрі Д. Л. Пиневич;
Қазақстан Республикасы үшін - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - сауда және интеграция министрі - С. М. Жумангарин;
Қырғыз Республикасы үшін - Қырғыз Республикасы Министрлер кабинеті төрағасының Бірінші орынбасары - А. А. Касымалиев;
Ресей Федерациясы үшін - Ресей Федерациясының Үкіметі төрағасының орынбасары - А. Л. Оверчук.
Түпнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады.
Осымен қоса беріліп отырған мәтін 2014 жылғы 23 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде медициналық бұйымдар (медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника) айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманың теңтүпнұсқалы көшірмесі болып табылатынын куәландырамын.

Қолданыстағы