О внесении изменений в постановление акимата Акмолинской области от 23 ноября 2015 года № А-11/533 «Об утверждении регламентов государственных услуг»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Акмолинской области от 23 ноября 2015 года № А-11/533 «Об утверждении регламентов государственных услуг»
- Атауы (қаз.)
- «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № А-11/533 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- А-8/352
- Қабылданған күні
- 26.07.2019
- Көрсетілген редакция
- 03.02.2020 133873_442125.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.02.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19B0007313
- ЭКБ идентификаторы
- 133873
- Редакция идентификаторы
- 133873_442125
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 19:01
0 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № А-11/533 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі заңдарына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қарашадығы № А-11/533 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5165 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 21 қаңтарда жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
5-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
5 «5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны әрбір құрылымдық бөлімшелердің бөлінісінде орындаудың ұзақтығы:
Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу немесе тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылдау:
1 1) кеңсенің қызметкері құжаттарды қабылдайды, тіркейді және басшыға құжаттарды жолдайды – 30 минут;
2 2) басшы құжаттармен танысады және жауапты орындаушыны белгілейді – 1 сағат;
3 3) жауапты орындаушы құжаттарды қарайды және арнайы комиссияға жолдайды – 2 жұмыс күні;
4 4) арнайы комиссия шешім береді – 15 жұмыс күні;
5 5) жауапты орындаушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін даярлайды, басшыға жолдайды – 1 жұмыс күні;
6 6) басшы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне қол қояды және кеңсеге жолдайды – 1 сағат;
7 7) кеңсенің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін береді – 30 минут.
Алғаш рет өтініш білдірген көрсетілетін қызметті алушыларға куәлік беру:

3 3) жауапты орындаушы құжаттарды қарайды және арнайы комиссияға жолдайды – 1 жұмыс күні;
4 4) арнайы комиссия шешім береді – 2 жұмыс күні;
5 5) жауапты орындаушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін даярлайды, басшыға жолдайды – 1 сағат;

Куәліктің телнұсқасын беру:

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі, мемлекеттік қызметті көрсету туралы шешімді қабылдау үшін қосымша сұраныс, тексеріс жүргізу қажет болған жағдайларда 1 айға ұзартылады.»;
8-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
8 «8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдың) реттілігін сипаттау:

мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсетілген регламентінің қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары Қ.М. Ыдырысовқа жүктелсін.
3 3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
48 Ақмола облысы әкімдігінің
2019 жылғы 26 шілдедегі
№ А-8/352 қаулысына
қосымша
«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша