О внесении изменений в постановление акимата Акмолинской области от 23 ноября 2015 года № А-11/534 «Об утверждении регламентов государственных услуг»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Акмолинской области от 23 ноября 2015 года № А-11/534 «Об утверждении регламентов государственных услуг»
- Атауы (қаз.)
- «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № А-11/534 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- А-5/220
- Қабылданған күні
- 17.05.2018
- Көрсетілген редакция
- 03.02.2020 122641_442378.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.02.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18B0006668
- ЭКБ идентификаторы
- 122641
- Редакция идентификаторы
- 122641_442378
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 00:29
0 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 23 қарашадағы
№ А-11/534 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңдарына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № А-11/534 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5162 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Мүгедек-балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
1
«1. «Мүгедек-балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Ақмола облысы аудандарының, Көкшетау және Степногорск қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:
1 1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2 2) мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тағайындау, сондай-ақ мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді (бұдан әрі – жәрдемақы) тағайындау туралы ақпарат алу кезінде www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.»;
5 - тармағының 5) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«5) кеңсе қызметкері хабарламаны береді - 30 минут.»;
8 -тармағының 5) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«5) кеңсе қызметкері хабарламаны береді - 30 минут.»;
көрсетілген регламенттің 2-қосымшасы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
1
«1. «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Ақмола облысы аудандарының, Көкшетау және Степногорск қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен және кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:
1 1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2 2) көрсетілетін қызметті беруші;
3 3) «электрондық үкімет»: www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал);
4 4) «Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Орталық) арқылы жүзеге асырылады.»;
5-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
5 «5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны әрбір құрылымдық бөлімшелердің бөлінісінде орындаудың ұзақтығы:
1 1) жауапты орындаушы құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады, тексереді, тіркейді және анықтаманы дайындайды – 5 минут;
2 2) басшы атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін (не тиесілі еместігін) растайтын көрсетілетін қызметті алушының анықтамасына қол қояды – 5 минут;
3 3) жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушыға (немесе нотариалдық расталған сенімхаты бойынша оның өкіліне) көрсетілетін қызметті алушының атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін (не тиесілі еместігін) растайтын анықтама береді – 5 минут.»;
7-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
7 «7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1 1) жауапты орындаушы;
2 2) басшы.»;
8-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
8 «8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасында рәсімдердің (іс-қимылдардың) кезеңділігін сипаттау:
1 1) жауапты орындаушы құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады, тексереді, тіркейді және анықтаманы дайындайды – 5 минут;
2 2) басшы көрсетілетін қызметті алушының атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін (не тиесілі еместігін) растайтын анықтамасына қол қояды – 5 минут;
3 3) жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушыға (немесе нотариалдық расталған сенімхаты бойынша оның өкіліне) көрсетілетін қызметті алушының атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін (не тиесілі еместігін) растайтын анықтама береді – 5 минут.»;
көрсетілген регламенттің 2-қосымшасы осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары О.А. Бектеновке жүктелсін.
3 3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
23 «Мүгедек-балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы
Ақмола облысы әкімдігінің
2018 жылғы 17 мамырдағы
№ А-5/220 қаулысына
1 -қосымша
«Мүгедек-балаларды үйде оқытуға жұмсалған
шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша
«Мүгедек-балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу»
мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы
24 «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру»мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы
Ақмола облысы әкімдігінің
2018 жылғы 17 мамырдағы
№ А-5/220 қаулысына
2-қосымша
«Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша
«Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру»мемлекеттік қызмет көрсету
бизнес-процестерінің анықтамалығы
«Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру»мемлекеттік қызмет көрсету
бизнес-процестерінің анықтамалығы