О внесении изменений в постановление акимата Акмолинской области от 23 ноября 2015 года № А-11/538 «Об утверждении регламентов государственных услуг»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Акмолинской области от 23 ноября 2015 года № А-11/538 «Об утверждении регламентов государственных услуг»
- Атауы (қаз.)
- «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № А-11/538 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- А-10/445
- Қабылданған күні
- 13.09.2016
- Көрсетілген редакция
- 03.02.2020 107152_442165.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.02.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16B0005581
- ЭКБ идентификаторы
- 107152
- Редакция идентификаторы
- 107152_442165
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:48
0 «Мемлекеттік көрсетілетін
қызметтер регламенттерін
бекіту туралы» Ақмола облысы
әкімдігінің 2015 жылғы
23 қарашадағы № А-11/538
қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № А-11/538 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5163 болып тіркелген, «Акмолинская правда» және «Арқа ажары» газеттерінде 2015 жылдың 30 желтоқсанында жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
5-тармақтағы бірінші бөліктің 3)-тармақшасының екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын;
«бала тууды бала туылған күнінен бастап үш жұмыс күні өткеннен кейін тіркеген жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызмет күнтізбелік 14 күн ішінде көрсетіледі;»;
5-тармақтағы екінші бөліктің 5)-тармақшасының екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«бала тууды бала туылған күнінен бастап үш жұмыс күні өткеннен кейін тіркеген жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызмет күнтізбелік 13 күн ішінде көрсетіледі;»;
8-тармақтағы бірінші бөліктің 3)-тармақшасының екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«бала тууды бала туылған күнінен бастап үш жұмыс күні өткеннен кейін тіркеген жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызмет күнтізбелік 14 (он төрт) күн ішінде көрсетіледі;»;
8-тармақтағы екінші бөліктің 5)-тармақшасының екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«бала тууды бала туылған күнінен бастап үш жұмыс күні өткеннен кейін тіркеген жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызмет күнтізбелік 13 (он үш) күн ішінде көрсетіледі;»;
9-тармақтағы бесінші бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:
«Баланың туған күнінен бастап үш жұмыс күні өткеннен кейін баланың тууын тіркеген жағдайда мыналар қосымша:
1 1) ата-анасының түсініктемесі;
2 2) баланың туған жері мен ата-анасының тұрғылықты жері бойынша туу туралы жазбасының жоқтығы туралы тіркеу органының анықтамасы (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін туылған балалардан басқа);
3
3) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарышысы 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) жүгінген кезден бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен кешіктірілмей берілген, баланың тұратын жері бойынша оның денсаулығы туралы анықтама;
4 4) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариат куәландырған сенімхат ұсынылады.»;
аталған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламентіне 2-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары Д.З. Әділбековке жүктелсін.
3 3. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
8 «Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы
2016 жылғы 13 қыркүйектегі
№ А-10/445
қаулысына қосымша
«Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша
«Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы
«Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы