Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в совместный приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 23 декабря 2015 года № 1222 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 26 декабря 2015 года № 796 «Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочного листа в области изучения и использования недр»

Бұйрық · № 779 · қабылданған 09.11.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/23-2015-no-1222-26-2015-no-796-ekb-126260/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в совместный приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 23 декабря 2015 года № 1222 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 26 декабря 2015 года № 796 «Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочного листа в области изучения и использования недр» Қолданыста Бұйрық ·№ 779 ·09.11.2018
09.11.2018 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.11.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в совместный приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 23 декабря 2015 года № 1222 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 26 декабря 2015 года № 796 «Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочного листа в области изучения и использования недр»

Қолданыста Бұйрық ·№ 779 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в совместный приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 23 декабря 2015 года № 1222 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 26 декабря 2015 года № 796 «Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочного листа в области изучения и использования недр»
Атауы (қаз.)
«Жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1222 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 796 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
779
Қабылданған күні
09.11.2018
Көрсетілген редакция
09.11.2018 126260_374034.kaz
Соңғы өзгеріс
09.11.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800017808
ЭКБ идентификаторы
126260
Редакция идентификаторы
126260_374034
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 22:40

0

«Жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1222 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 796 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫЗ:

1

1. «Жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1222 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 796 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12699 болып тіркелген, 2016 жылғы 23 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жер қойнауын геологиялық зерттеуді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы тексеру парағы;
3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес қатты пайдалы қазбаларды барлауды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы тексеру парағы;
4) осы бірлескен бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес уранды қоспағанда, кең таралған және қатты пайдалы қазбаларды өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы тексеру парағы;
5) осы бірлескен бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жер қойнауы кеңістігін пайдалануды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы тексеру парағы;
6) осы бірлескен бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес кен іздеушілікті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы тексеру парағы;
7) осы бірлескен бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес геологиялық ақпаратты есепке алуды, сақтауды, оның сақталуын және анықтығын қамтамасыз етуді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы тексеру парағы бекітілсін.»;
көрсетілген бірлескен бұйрыққа 1 және 2 - қосымшалар осы бірлескен бұйрыққа 1 және 2 - қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бірлескен бұйрыққа 3, 4, 5, 6, 7 - қосымшаларға сәйкес редакциясында көрсетілген бірлескен бұйрыққа 3, 4, 5, 6, 7 - қосымшалармен толықтырылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4

4) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақтан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есеп жөніндегі комитеті
2018 жылғы «___»______________

1 Жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2018 жылғы 9 қарашадағы № 779 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 10 қарашадағы № 63
бірлескен бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1222
және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 796
бірлескен бұйрығына
1-қосымша
Жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабы 3-тармағына, 143-бабы 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шiлдедегi № 3 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларына және тексеру парақтарының нысанына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген, 2018 жылғы
14 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) сәйкес қатты пайдалы қазбалар, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органдар және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласында қызметін жүзеге асыратын субъектілерді тәуекел дәрежелеріне жатқызу үшін әзірленді.

2 2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1

1) жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы тәуекел – зиян келтіру салдарының ауырлығын ескере отырып, жер қойнауының жай-күйіне, минералдық-шикізат базасына, жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы субъектілер қызметінің нәтижесінде алынған геологиялық ақпараттың сақталуына және анықтығына зиян келтіру ықтималдығы;

2

2) жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы бақылау субъектілері (бұдан әрі – бақылау субъектілері) – қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі, уранды өндіру жөніндегі операцияларды қоспағанда, кең таралған пайдалы қазбаларды және қатты пайдалы қазбаларды өндіру, геологиялық зерттеу, сондай-ақ жер қойнауы кеңістігін пайдалану, кен іздеушілік, геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, оның сақталуы мен анықтығын қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілер (жер қойнауын пайдаланушылар);

3

3) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – белгілі бір қызмет саласындағы тәуекел дәрежесіне байланысты бақылау субъектілерін іріктеу үшін пайдалатынатын және жекелеген бақылау субъектісіне тікелей байланысты емес тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

4 4) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бақылау субъектісінің қызмет нәтижелеріне байланысты бақылау субъектілерін іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

5

5) елеулі бұзушылықтар – есептерді ұсынбауы, бұрмалауы, маркшейдерлік құжаттаманың болмауы, бақылау субъектілеріне бір және одан көп расталған шағымның болуы, лицензияның шарттарында көзделмеген механизациялау құралдарын пайдалану бөлігінде жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптардың бұзылуы;

6

6) елеусіз бұзушылықтар – жергілікті жерде өндіру учаскесі шекарасында белгілердің болмауы, кен іздеушілікке лицензия берген облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының өндірілген құнды металдар және асыл тастар туралы кезеңдік есепті ұсынуы бөлігінде жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптардың бұзылуы;

7

7) өрескел бұзушылықтар – жер қойнауы учаскесінен тыс жерде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу, жобалық құжаттың болмауы, жобалық құжаттарда көзделмеген жұмыстарды жүргізу, өндіру жөніндегі жұмыстарды құжаттаудың қамтамасыз етілмеуі, өндіруді және өндіру кезінде пайда болған өндіріс қалдықтарын қате есепке алу, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай жүргізілген профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жоймау, тең түрде бұзушылықтарды жою бойынша іс-шаралар жоспарын мерзімінде ұсынбау, техногендік минералдық түзілімдерді жер қойнауы учаскесінен тыс жерге орналатыру, тау-кендік жұмыстар жоспарын келіспеу, жобалық құжаттарда көзделмеген жұмыс түрлерін, тәсілдерін және әдістерін қолдану, жобалық құжаттарға өзгерістер енгізілгенін құзыретті органға белгіленген мерзімде ескертпеу, құзыретті органға ескертпей тау-кендік жұмыстардың жоспарына өзгерістер енгізу, кен іздеушілік учаскесіне келетін су объектілерінде және су қоры жерлерінде экскаваторлар мен бульдозерлерді пайдалану, химиялық реагенттерді және жарылғыш заттарды қолдану, күрделі құрылысжайларды салу және тұрғызу, топырақ пен шығарылған тау-кендік массаны кен іздеушілік учаскесінен тыс жерге әкету бөлігінде жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптардың бұзылуы.

3 3. Бақылау субъектілерін тәуекелдер дәрежелері бойынша жатқызу объективті өлшемшарттар мен субъективті өлшемшарттар негізінде жүзеге асырылады.

Кен іздеушілік, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды мемлекеттік бақылауды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.

2 2-тарау. Объективті өлшемшарттар

4

4. Бақылау субъектілерінің тәуекел дәрежесін объективті өлшемшарттар бойынша бағалау және оларды жоғары немесе жоғарыға жатпайтын тәуекел тобына жатқызу бақылау субъектісі қызметінің нәтижесінде қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтірудің ең үлкен ықтимал көрсеткіштері бойынша, оның салдарының ауырлық дәрежесін есепке ала отырып жүзеге асырылады.
Бақылау субъектілерінің объективті өлшемшарттары бойынша мынадай тәуекелдер дәрежелеріне бөлінеді:

1 1) жоғары тәуекел дәрежесіне:

уранды өндіру операциясын қоспағанда, кен іздеушілік, қатты және кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бақылау субъектілері жатады;

2 2) жоғары тәуекел дәрежесіне жатпайтынға:

қатты пайдалы қазбаларды барлау, геологиялық зерттеу, сондай-ақ жер қойнауы кеңістігін пайдалану, геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, оның сақталуын және анықтығын қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бақылау субъектілері жатады.

5 5. Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілеріне қатысты бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бармай профилактикалық бақылау, бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексерулер жүргізіледі.

Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмаған бақылау субъектілеріне қатысты бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бармай профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

3 3-тарау. Субъективті өлшемшарттар

6 6. Субъективті өлшемшарттарды айқындау мынадай кезеңдерді қолдана отырып жүзеге асырылады:

1 1) дерекқорды қалыптастыру және ақпарат жинау;

2 2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау.

7 7. Дерекқорды қалыптастыру және ақпарат жинау Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнамасын бұзған бақылау субъектілерін анықтау үшін қажет.

Тәуекелдер дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері қолданылады:

1 1) мемлекеттік органдар жүргізетін бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері;

2 2) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жүргізілген алдыңғы тексерістер мен профилактикалық бақылау нәтижелері;

3 3) расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны.

4 4) бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай жүргізілген профилактикалық бақылау нәтижелері (бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай жүргізілген профилактикалық бақылау қорытындысы бойынша берілген қорытынды құжаттар (анықтама, қорытынды, ұсынымдар);

8

8. Бақылау субъектісінде жеңілдететін индикаторлар бар болған кезде, геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, оның сақталуын және анықтығын қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бақылау субъектісі бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тиісті профилактикалық бақылау жүргізуден босатылады.
Жеңілдететін индикаторларға:
жер қойнауын пайдаланушылардың жеке меншік геологиялық ақпаратын «Жер қойнауы туралы мемлекеттік деректер банкі» ақпараттық жүйесінде сақтау (Бағдарламалық өнімдер, бағдарламалық кодтар және нормативтік-техникалық құжаттар депозитариінде
2014 жылғы 1 шілдеде № ДХ-14-0000067 және Мемлекеттік ақпараттық ресурстар тіркелімінде 2014 жылғы 8 шілдеде № KZ-П-14-0000029 болып тіркелген).
«Жер қойнауы туралы мемлекеттік деректер банкі» ақпараттық жүйесі «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының
39-бабына сәйкес «Қазақстан Республикасы минералдық ресурстарының ұлттық деректер банкі» ақпараттық жүйесі құрылып, енгізілгенге дейін пайдаланылады.

9

9. Субъективті өлшемшарттар сақталмауы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына сәйкес белгілі бір бұзушылықтар дәрежесіне сәйкес келетін тексеру парақтарының талаптары негізінде әзірленді. Тексеру парақтарындағы әрбір талапқа қатысты бұзушылық дәрежесі – өрескел, елеулі және елеусіз болып айқындалады.
Бұл ретте өрескел, елеулі және елеусіз бұзушылықтарды айқындау кезінде мемлекеттік бақылаудың тиісті саласының ерекшелігін есепке ала отырып, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында белгіленеді.
Субъективті өлшемшарттарды қалыптастыру кезінде бұзушылықтар дәрежесі (өрескел, елеулі, елеусіз) белгіленген өрескел, елеулі және елеусіз бұзушылықтарға сәйкес беріледі.
Осы Өлшемшарттардың 7-тармағында көрсетілген ақпарат көздерінің негізінде өрескел, елеулі, елеусіз бұзушылықтардың белгіленген анықтамаларына сәйкес жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары осы Өлшемшарттарға қосымшаға сәйкес айқындалды.
Субъективті өлшемшарттарды талдау және бағалау әлеуетті тәуекелі ең көп бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жүргізілетін профилатикалық бақылауды шоғырландыруға мүмкіндік береді.
Талдау және бағалау кезінде нақты бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты бұрын ескерілген және пайдаланылған субъективті өлшемшарттардың деректері және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап мерзімінің уақыты өткен деректер қолданылмайды.

10 10. Бақылау субъектісін тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін төмендегідей тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу тәртібі қолданылады.

Бір өрескел бұзушылық айқындалған кезде бақылау субъектісіне 100 тәуекел дәрежесінің көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.
Өрескел бұзушылықтар анықталмаған жағдайда, тәуекел дәрежесінің көрсеткішін анықтау үшін елеулі және елеусіз дәрежедегі бұзушылықтар бойынша қосынды көрсеткіш есептеледі.
Елеулі бұзушылықтардың көрсеткіштерін айқындау кезінде
0,7 коэффициенті қолданылады және аталған көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі:
SРз = (SР2 х 100/SР1) х 0,7,
мұндағы:
SРз – елеулі бұзушылықтар көрсеткіші;
SР1 – елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;
SР2 – анықталған елеулі бұзушылықтар саны.
Елеусіз бұзушылықтардың көрсеткіштерін айқындау кезінде
0,3 коэффициенті қолданылады және аталған көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі:
SРн = (SР2 х 100/SР1) х 0,3,
мұндағы:
SРн – елеусіз бұзушылық көрсеткіші;
SР1 – елеусіз бұзушылықтардың талап етілетін саны;
SР2 – анықталған елеулі бұзушылықтар саны.
Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (SР) 0-ден 100-ге дейінгі шкала бойынша есептеледі және елеулі мен елеусіз бұзушылықтардың көрсеткіштерін мынадай формула бойынша қосу жолымен айқындалады:
SР = SРз + SРн,
мұндағы:
SР – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;
SРз – елеулі бұзушылықтар көрсеткіші;
SРн – елеусіз бұзушылықтар көрсеткіші.

11 11. Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша бақылау субъектісі мыналарға жатқызылады:

1 1) жоғары тәуекел дәрежесіне – тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 61-ден 100-ді қоса алғанға дейін болған кезде және оған қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі;

2 2) жоғары тәуекел дәрежесіне жатпайтынға - тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 60-ты қоса алғанға дейін болған кезде және оған қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілмейді.

12 12. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жиілігі субъективті өлшемшарттар бойынша алынған мәліметтерді бағалау мен талдаудың нәтижесі бойынша айқындалады және жылына бір реттен артық болмауы тиіс.

13 13. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жүргізілетін профилактикалық бақылау Кодекстің 141-бабының 3-тармағына сәйкес қалыптастырылатын бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жүргізілетін профилактикалық бақылаудың жартыжылдық тізімдері негізінде жүргізіледі.

14 14. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жүргізілетін профилактикалық бақылау тізімдері субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші ең көп бақылау субъектісінің басымдығын ескере отырып жасалады.

1-1 Жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (көрсетілген талап орындалмаған жағдайда ауырлық дәрежесі белгіленеді)

Жер қойнауын зерттеу және пайдалану
саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына қосымша
Жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы тәуекел
дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары
(көрсетілген талап орындалмаған жағдайда ауырлық дәрежесі белгіленеді)
р/с

Өл­шем­шар­ттар
Бұ­зу­шы­лық дә­ре­же­сі
1
2
3
Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сіне (объ­ек­ті­сіне) бар­май жүр­гі­зі­л­ген про­фи­лак­ти­ка­лық ба­қы­лау нәти­же­ле­рі (ба­қы­лау субъ­ек­ті­сіне (объ­ек­ті­сіне) бар­май жүр­гі­зі­л­ген про­фи­лак­ти­ка­лық ба­қы­лау қо­ры­тын­ды­ла­ры бой­ын­ша бе­рі­л­ген қо­ры­тын­ды құ­жат­тар (анық­та­ма, қо­ры­тын­ды, ұсы­ным­дар)
1
Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сіне (объ­ек­ті­сіне) бар­май жүр­гі­зі­л­ген про­фи­лак­ти­ка­лық ба­қы­лау нәти­же­ле­рі бой­ын­ша анық­тал­ған бұ­зу­шы­лық­тар­ды бел­гі­лен­ген мер­зім­де жой­мау, сол си­яқ­ты бұ­зу­шы­лық­тар­ды жою бой­ын­ша іс-ша­ра­лар жос­па­рын мер­зі­мін­де ұсын­бау
Өрес­кел
1. Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар жүр­гі­зе­тін ба­қы­лау субъ­ек­ті­сі ұсы­на­тын есеп­ті­лік пен мә­лі­мет­тер­ді мо­ни­то­рин­гі­леу нәти­же­ле­рі
2
Ке­зең­дік гео­ло­ги­я­лық есеп­тер­ді ұсын­ба­уы (әр жыл­дың 30 сәу­і­рі­нен кеш емес), бұр­ма­ла­уы
Еле­улі
3
Уран­ды қо­с­па­ған­да, өді­рі­л­ген құн­ды ме­тал­дар және асыл та­стар, , кең та­рал­ған және қат­ты пай­да­лы қаз­ба­лар ту­ра­лы есеп­тер­ді ұсын­бау
Еле­улі
4
Жо­ба­лық құ­жат­тар­да көз­дел­ме­ген жұ­мыстар­ды жүр­гі­зу.
Өрес­кел
5
Жер қой­на­уы учас­ке­сі­нен тыс жер­лер­де жер қой­на­уын пай­да­ла­ну жө­нін­де­гі опе­ра­ци­я­лар­ды жүр­гі­зу
Өрес­кел
2. Ал­дың­ғы тек­се­рі­стер­дің және ба­қы­лау субъ­ек­ті­ле­ріне (объ­ек­ті­ле­ріне) ба­ру ар­қы­лы жүр­гі­зі­л­ген про­фи­лак­ти­ка­лық ба­қы­ла­удың нәти­же­ле­рі
Уран­ды қо­с­па­ған­да, кең та­рал­ған және қат­ты пай­да­лы қаз­ба­лар­ды өн­ді­ру­ді жү­зе­ге асы­ра­тын жер қой­на­уын пай­да­ла­ну­шы­лар­ға қа­ты­сты
6
Жер қой­на­уы учас­ке­сі ше­гін­де өн­ді­ру­ді жүр­гі­зу
Өрес­кел
7
Өн­ді­ру бой­ын­ша бар­лық жұ­мыстар­ды құ­жат­тау. Құ­жат­та­ма­да жер қой­на­уы учас­ке­сін дұ­рыс зерт­теу және кей­ін иге­ру үшін қа­жет­ті жұ­мыстар­дың си­па­ты қам­ты­луы ти­іс
Өрес­кел
8
Өн­ді­рі­л­ген пай­да­лы қаз­ба­лар­ды, өн­ді­ру ке­зін­де тү­зі­ле­тін өн­ді­ріс қал­дық­та­рын дұ­рыс есеп­ке алу­ды қам­та­ма­сыз ету
Өрес­кел
9
Марк­шей­дер­лік құ­жат­та­ма­лар­дың бо­луы
Еле­улі
10
Тау-кен өн­ді­ру және тау-кен қай­та өң­деу (бай­ы­ту) өн­ді­рі­сте­рі­нің тех­но­ген­дік ми­не­рал­дық тү­зі­лім­де­рін ли­цен­зия бой­ын­ша пай­да­ла­ну­да­ғы жер қой­на­уы учас­ке­ле­рі ше­гін­де ор­на­ла­сты­ру
Өрес­кел
11
Жер қой­на­уын пай­да­ла­ну жө­нін­де­гі опе­ра­ци­я­лар­ды жүр­гі­зу­ді көз­дей­тін жо­ба­лау құ­жат­ның бо­луы.
Өрес­кел
12
Тау-кен жұ­мыста­ры­ның жос­па­рын ке­лі­сім­де­удің бо­луы
Өрес­кел
13
Жо­ба­лық құ­жат­тар­да көз­дел­ген жұ­мыс түр­ле­рін, тә­сіл­де­рін және әді­сте­рін қол­да­на оты­рып, өн­ді­ру жө­нін­де­гі опе­ра­ци­я­лар­ды жүр­гі­зу
Өрес­кел
14
Құ­зы­рет­ті ор­ган­ға (ке­лі­сім­шар­ттың бір та­ра­бы және (неме­се) жер қой­на­уын пай­да­ла­ну­ға ли­цен­зия бе­ру­ші мем­ле­кет­тік ор­ган) бел­гі­лен­ген мер­зім­де жо­ба­лық құ­жат­тар­ға өзге­рі­стер ен­гі­зі­л­ге­ні ту­ра­лы ха­бар­лау
Өрес­кел
15
Өзгер­ті­л­ген тау-кен жұ­мыста­ры­ның жос­па­рын құ­зы­рет­ті ор­ган­ға ұсын­ған­ға дей­ін ол бой­ын­ша жұ­мыстар жүр­гізу­ге тый­ым са­лу­ды сақ­тау
Өрес­кел
Кен із­де­у­ші­лік­ті жү­зе­ге асы­ра­тын жер қой­на­уын пай­да­ла­ну­шы­лар­ға қа­ты­сты
16
Жер қой­на­уы учас­ке­сі ше­гін­де кен із­де­у­ші­лік­ті жүр­гі­зу
Өрес­кел
17
Кен із­де­у­ші­лік учас­ке­сіне ке­ле­тін су объ­ек­ті­ле­рін­де және су қо­ры жер­ле­рін­де экс­ка­ва­тор­лар мен буль­до­зер­лер­ді пай­да­ла­ну­ға, хи­ми­я­лық ре­а­гент­тер­ді және жа­ры­л­ғыш заттар­ды қол­да­ну­ға, күр­де­лі құ­ры­лы­сжай­лар­ды са­лу­ға және тұр­ғызуға, то­пы­рақ пен шы­ға­ры­л­ған тау-кен­дік мас­са­ны кен із­де­у­ші­лік учас­ке­сі­нен тыс жер­ге әке­ту­ге тый­ым са­лу­ды сақ­тау
Өрес­кел
18
Ли­цен­зия шар­тта­рын­да көз­дел­ген ме­ха­ни­ка­лан­ды­ру құ­рал­да­рын пай­да­ла­ну бой­ын­ша шек­те­улер­ді сақ­тау
Өрес­кел
19
Өн­ді­рі­л­ген ба­ға­лы ме­тал­дар мен асыл та­стар ту­ра­лы ке­зең­дік есеп­ті кен із­де­у­ші­лік­ке ар­нал­ған ли­цен­зи­я­ны бер­ген об­лы­стың жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­га­ны­на ұсы­ну
Өрес­кел
20
Ме­ха­ни­ка­лан­ды­ру құ­рал­да­рын пай­да­ла­ну ке­зін­де кен із­де­у­ші­лік жос­па­ры­ның бо­луы
Еле­у­сіз
3. Же­ке неме­се заң­ды тұ­лға­лар­дан, мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дан ке­ліп түс­кен рас­тал­ған ша­ғым­дар мен ары­здар­дың бо­луы және са­ны
21
Бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ды бұ­за оты­рып, жер қой­на­уын пай­да­ла­ну жө­нін­де­гі опе­ра­ци­я­лар­ды жүр­гі­зе­тін ба­қы­лау субъ­ек­ті­ле­ріне рас­тал­ған бір неме­се одан көп ша­ғым­дар­дың бо­луы
Еле­улі

2 Жер қойнауын зерттеу мен пайдалану саласындағы тексеру парағы

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2018 жылғы 9 қарашадағы № 779 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 10 қарашадағы № 63
бірлескен бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1222
және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 796
бірлескен бұйрығына
2-қосымша
Жер қойнауын зерттеу мен пайдалану саласындағы
тексеру парағы
жер қойнауының геологиялық зерттеуді жүзеге асыратын жер қойнауын
пайдаланушыларға қатысты
__________________________________________________________________________
бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ________________________________
__________________________________________________________________________
Тексеруді / бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық
бақылауды тағайындау туралы акт____________________________________________
__________________________________________________________________________
№, күні
Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы _________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендiру нөмiрі), бизнес-сәйкестендiру
нөмiрi ____________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Орналасқан мекенжайы_________________________________________________
__________________________________________________________________________
№ р/р
Та­лап­тар тіз­бе­сі
Та­лап еті­ле­ді
Та­лап етіл­мей­ді
Та­лап­тар­ға сәй­кес ке­ле­ді
Та­лап­тар­ға сәй­кес кел­мей­ді
1
2
3
4
5
6
1
Жер қой­на­уы учас­ке­сі ше­гін­де жер қой­на­уын гео­ло­ги­я­лық зерт­те­уді жүр­гі­зу
2
Жер қой­на­уын пай­да­ла­ну жө­нін­де­гі опе­ра­ци­я­лар­ды жүр­гі­зу­ді көз­дей­тін жо­ба­лық құ­жат­тың бо­луы
3
Жо­ба­лық құ­жат­қа сәй­кес жер қой­на­уын гео­ло­ги­я­лық зерт­теу жүр­гі­зу үшін (гео­ло­ги­я­лық зерт­те­удің жос­па­ры, же­ра­с­ты су­ла­ры­на із­де­сті­ру-ба­ға­лау жұ­мыста­ры­ның жо­ба­сы)
4
Гео­ло­ги­я­лық зерт­те­у­ге ар­нал­ған ли­цен­зия бой­ын­ша жүр­гі­зі­ле­тін жұ­мыстар­ды құ­жат­тау және жер қой­на­уын дұ­рыс зерт­те­у­ге қа­жет­ті бар­лық мә­лі­мет­тер­ді көр­се­ту
5
Күр­де­лі құ­ры­лы­сжай­лар­ды тұр­ғызуға, жа­ры­л­ғыш заттар­ды тұ­рақ­ты түр­де жи­нап қо­ю­ға және сақ­та­у­ға, жы­ра­лар, шурф­тар, арық­тар және тау-кен қаз­ба­ла­ры­ның бас­қа да түр­ле­рін жа­са­у­ға, сон­дай-ақ ар­шу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге тый­ым са­лу­ды сақ­тау (жер қой­на­уын гео­ло­ги­я­лық зерт­те­у­ге ар­нал­ған ли­цен­зи­я­лар үшін)
Лауазымды адам (дар) ____________________________ ___________________
лауазымы қолы
___________________________________________________
аты, жөні, әкесінің аты (бар болса)
Бақылау субъектісінің
басшысы ____________________________ ____________________
лауазымы қолы
___________________________________________________
аты, жөні, әкесінің аты (бар болса)

3 Жер қойнауын зерттеу мен пайдалану саласындағы тексеру парағы

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2018 жылғы 9 қарашадағы № 779 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 10 қарашадағы № 63
бірлескен бұйрығына
3-қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1222
және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 796
бірлескен бұйрығына
3-қосымша
Жер қойнауын зерттеу мен пайдалану саласындағы
тексеру парағы
жер қойнауының қатты пайдалы қазбаларды барлауын жүзеге асыратын жер
қойнауын пайдаланушыларға қатысты
__________________________________________________________________________
бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ________________________________
__________________________________________________________________________
Тексеруді / бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық
бақылауды тағайындау туралы акт____________________________________________
__________________________________________________________________________
№, күні
Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы _________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендiру нөмiрі), бизнес-сәйкестендiру
нөмiрi ____________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Орналасқан мекенжайы_________________________________________________
__________________________________________________________________________
№ р/р
Та­лап­тар тіз­бе­сі
Та­лап еті­ле­ді
Та­лап етіл­мей­ді
Та­лап­тар­ға сәй­кес ке­ле­ді
Та­лап­тар­ға сәй­кес кел­мей­ді
1
2
3
4
5
6
1
Жер қой­на­уы учас­ке­сі ше­гін­де қат­ты пай­да­лы қаз­ба­лар­ды бар­ла­уды жүр­гі­зу
2
Жер қой­на­уын пай­да­ла­ну жө­нін­де­гі опе­ра­ци­я­лар­ды жүр­гі­зу­ді көз­дей­тін жо­ба­лық құ­жат­тың бо­луы
3
Қат­ты пай­да­лы қаз­ба­лар­ды бар­лау жө­нін­де­гі жұ­мыстар­ды құ­жат­тау және жер қой­на­уын дұ­рыс зерт­теу үшін қа­жет бар­лық мә­лі­мет­тер­ді көр­се­ту
4
Бар­лау учас­ке­сін­де құ­ры­лы­сжай­лар­ды тұр­ғызуға, сон­дай-ақ тау-кен қай­та өң­деу өн­ді­рі­сте­рі­нің тех­но­ген­дік ми­не­рал­дық тү­зі­лім­де­рін ор­на­ла­сты­ру­ға тый­ым са­лу­ды сақ­тау
5
Жо­ба­лық құ­жат­та көз­дел­ген жұ­мыс түр­ле­рін, тә­сіл­дер мен әді­стер­ді қол­да­на оты­рып қат­ты пай­да­лы қаз­ба­лар­ды бар­лау жө­нін­де­гі опе­ра­ци­я­лар­ды жүр­гі­зу
6
Құ­зы­рет­ті ор­ган­ға жо­ба­лық құ­жат­қа бел­гі­лен­ген мер­зім­де өзге­рі­стер ен­гі­зу ту­ра­лы ха­бар­лан­ды­ру (ке­лі­сім­шар­ттың бір та­ра­бы және (неме­се) жер қой­на­уын пай­да­ла­ну­ға ли­цен­зия бе­ру­ші мем­ле­кет­тік ор­ган)
7
Қат­ты пай­да­лы қаз­ба­лар са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган­ға бар­лау жос­па­ры­ның кө­шір­ме­сін ұсын­ған­нан кей­ін ға­на қат­ты пай­да­лы қаз­ба­лар­ды бар­лау жө­нін­де­гі опе­ра­ци­я­лар­ды жүр­гі­зу
8
Қат­ты пай­да­лы қаз­ба­лар са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган­ға ұсы­ны­л­ған бар­лау жос­па­рын­да көз­дел­ме­ген бар­лау жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге тый­ым са­лу­ды сақ­тау
Лауазымды адам (дар) ____________________________ ___________________
лауазымы қолы
___________________________________________________
аты, жөні, әкесінің аты (бар болса)
Бақылау субъектісінің
басшысы ____________________________ ____________________
лауазымы қолы
___________________________________________________
аты, жөні, әкесінің аты (бар болса)

4 Жер қойнауын зерттеу мен пайдалану саласындағы тексеру парағы

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2018 жылғы 9 қарашадағы № 779 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 10 қарашадағы № 63
бірлескен бұйрығына
4-қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1222
және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 796
бірлескен бұйрығына
4-қосымша
Жер қойнауын зерттеу мен пайдалану саласындағы
тексеру парағы
уранды қоспағанда, кең таралған және қатты пайдалы қазбаларды өндіруді жүзеге
асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ________________________________
__________________________________________________________________________
Тексеруді / бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық
бақылауды тағайындау туралы акт____________________________________________
__________________________________________________________________________
№, күні
Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы _________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендiру нөмiрі), бизнес-сәйкестендiру
нөмiрi ____________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Орналасқан мекенжайы_________________________________________________
__________________________________________________________________________
№ р/р
Та­лап­тар тіз­бе­сі
Та­лап еті­ле­ді
Та­лап етіл­мей­ді
Та­лап­тар­ға сәй­кес ке­ле­ді
Та­лап­тар­ға сәй­кес кел­мей­ді
1
2
3
4
5
6
1
Жер қой­на­уы учас­ке­сі ше­гін­де өн­ді­ру­ді жүр­гі­зу
2
Өн­ді­ру бой­ын­ша бар­лық жұ­мыстар­ды құ­жат­тау. Құ­жат­та­ма­лар анық зерт­теу және жер қой­на­уы учас­ке­сін кей­ін­нен иге­ру үшін қа­жет­ті жұ­мыс си­па­тын қам­туы ти­іс
3
Өн­ді­ру ке­зін­де тү­зі­ле­тін өн­ді­рі­стің қал­дық­та­ры­ның, өн­ді­рі­л­ген пай­да­лы қаз­ба­лар­дың анық есеп­ке алуын қам­та­ма­сыз ету
4
Марк­шей­дер­лік құ­жат­тар­дың бо­луы
5
Тау-кен өн­ді­ру және тау-кен қай­та өң­деу (бай­ы­ту) өн­ді­рі­сте­рі­нің тех­но­ген­дік ми­не­рал­дық тү­зі­лім­де­рін ор­на­ла­сты­ру ли­цен­зия бой­ын­ша пай­да­ла­ну­да­ғы жер қой­на­уы учас­ке­ле­рі ше­гін­де ға­на жү­зе­ге асы­ры­ла­ды
6
Жер қой­на­уын пай­да­ла­ну бой­ын­ша опе­ра­ци­я­лар­ды жүр­гі­зу­ді көз­дей­тін жо­ба­лау құ­жа­ты­ның бо­луы
7
Тау-кен жұ­мыста­ры­ның жос­па­ры ке­лі­сі­мі­нің бо­луы
8
Жо­ба­лау құ­жа­ты­мен көз­дел­ген түр­ле­рін, тә­сіл­де­рі мен әді­сте­рін қол­да­на оты­рып өн­ді­ру бой­ын­ша опе­ра­ци­я­лар­ды жүр­гі­зу
9
Құ­зы­рет­ті ор­ган­ды (ке­лі­сім­шарт та­ра­пы және (неме­се) жер қой­на­уын пай­да­ла­ну­ға ли­цен­зи­я­ны бер­ген мем­ле­кет­тік ор­ган) жо­ба­лау құ­жат­та­ры­на бел­гі­лен­ген мер­зім­де өзге­рі­стер ен­гі­зу ту­ра­лы ха­бар­дар ету
10
Өзгер­ті­л­ген тау-кен жұ­мыста­ры­ның жос­па­рын қат­ты пай­да­лы қаз­ба­лар са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган­ға ұсын­ған­ға дей­ін ол бой­ын­ша жұ­мыстар жүр­гізу­ге тый­ым са­лу­ды сақ­тау
Лауазымды адам (дар) ____________________________ ___________________
лауазымы қолы
___________________________________________________
аты, жөні, әкесінің аты (бар болса)
Бақылау субъектісінің
басшысы ____________________________ ____________________
лауазымы қолы
___________________________________________________
аты, жөні, әкесінің аты (бар болса)

5 Жер қойнауын зерттеу мен пайдалану саласындағы тексеру парағы

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2018 жылғы 9 қарашадағы № 779 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 10 қарашадағы № 63
бірлескен бұйрығына
5-қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1222
және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 796
бірлескен бұйрығына
5-қосымша
Жер қойнауын зерттеу мен пайдалану саласындағы
тексеру парағы
жер қойнауының кеңістігін пайдалануды жүзеге асыратын жер қойнауын
пайдаланушыларға қатысты
__________________________________________________________________________
бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ________________________________
__________________________________________________________________________
Тексеруді / бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық
бақылауды тағайындау туралы акт____________________________________________
__________________________________________________________________________
№, күні
Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы _________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендiру нөмiрі), бизнес-сәйкестендiру
нөмiрi ____________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Орналасқан мекенжайы_________________________________________________
__________________________________________________________________________
№ р/р
Та­лап­тар тіз­бе­сі
Та­лап еті­ле­ді
Та­лап етіл­мей­ді
Та­лап­тар­ға сәй­кес ке­ле­ді
Та­лап­тар­ға сәй­кес кел­мей­ді
1
2
3
4
5
6
1
Жер қой­на­уы уас­ке­сі ше­гін­де жер қой­на­уы ке­ңі­сті­гін пай­да­ла­ну
2
Жер қой­на­уын пай­да­ла­ну жө­нін­де­гі опе­ра­ци­я­лар­ды жүр­гі­зу­ді көз­дей­тін жо­ба­лау құ­жа­ты­ның бо­луы
3
Жо­ба­лау құ­жа­ты­на сәй­кес жер қой­на­уы ке­ңі­сті­гін пай­да­ла­ну
4
Қат­ты, сұй­ық және ра­дио­ак­тив­ті қал­дық­тар­ды, зи­ян­ды улы заттар­ды сақ­тау және (неме­се) кө­му, сар­қын­ды, өнер­к­ә­сіп­тік және тех­ни­ка­лық су­лар­ды ағы­зу (ай­дау) ке­зін­де есеп­ке алу­дың анық­тығ­ын қам­та­ма­сыз ету
5
Тау-кен өн­ді­ру және тау-кен қай­та өң­деу (бай­ы­ту) өн­ді­рі­сте­рі­нің тех­но­ген­дік ми­не­рал­дық тү­зі­лім­де­рін ор­на­ла­сты­ру ли­цен­зия бой­ын­ша пай­да­ла­ну­да­ғы жер қой­на­уы учас­ке­ле­рі ше­гін­де ға­на жү­зе­ге асы­ры­ла­ды
Лауазымды адам (дар) ____________________________ ___________________
лауазымы қолы
___________________________________________________
аты, жөні, әкесінің аты (бар болса)
Бақылау субъектісінің
басшысы ____________________________ ____________________
лауазымы қолы
___________________________________________________
аты, жөні, әкесінің аты (бар болса)

6 Жер қойнауын зерттеу мен пайдалану саласындағы тексеру парағы

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2018 жылғы 9 қарашадағы № 779 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 10 қарашадағы № 63
бірлескен бұйрығына
6-қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1222
және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 796
бірлескен бұйрығына
6-қосымша
Жер қойнауын зерттеу мен пайдалану саласындағы
тексеру парағы
кен іздеушілікті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ________________________________
__________________________________________________________________________
Тексеруді / бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық
бақылауды тағайындау туралы акт____________________________________________
__________________________________________________________________________
№, күні
Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы _________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендiру нөмiрі), бизнес-сәйкестендiру
нөмiрi ____________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Орналасқан мекенжайы_________________________________________________
__________________________________________________________________________
№ р/р
Та­лап­тар тіз­бе­сі
Та­лап еті­ле­ді
Та­лап етіл­мей­ді
Та­лап­тар­ға сәй­кес ке­ле­ді
Та­лап­тар­ға сәй­кес кел­мей­ді
1
2
3
4
5
6
1
Жер қой­на­уы учас­ке­сі ше­гін­де кен із­де­у­ші­лік­ті жүр­гі­зу
2
Кен із­де­у­ші­лік учас­ке­сін­де­гі су объ­ек­ті­ле­рін­де және су қо­ры же­рін­де экс­ка­ва­тор­лар мен буль­до­зер­лер­ді пай­да­ла­ну­ға, хи­ми­я­лық ре­а­гент­тер­ді және жа­ры­л­ғыш заттар­ды қол­да­ну­ға, күр­де­лі құ­ры­лы­сжай­лар­ды тұр­ғызуға және са­лу­ға, то­пы­рақ пен ай­ы­рып алын­ған тау-кен мас­са­сын кен із­де­у­ші­лік учас­ке­сі­нің ше­гі­нен тыс жер­ге шы­ға­ру­ға тый­ым са­лу­ды сақ­тау
3
Ли­цен­зия шар­тта­рын­да көз­дел­ген ме­ха­ни­ка­лан­ды­ру құ­рал­да­рын пай­да­ла­ну бой­ын­ша шек­те­улер­ді сақ­тау
4
Өн­ді­рі­л­ген ба­ға­лы ме­тал­дар мен асыл та­стар ту­ра­лы ке­зең­дік есеп­ті кен із­де­у­ші­лік­ке ар­нал­ған ли­цен­зи­я­ны бер­ген об­лы­стың жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­га­ны­на ұсы­ну
5
Ме­ха­ни­ка­лан­ды­ру құ­рал­да­рын пай­да­ла­ну ке­зін­де кен із­де­у­ші­лік жос­па­ры­ның бо­луы
Лауазымды адам (дар) ____________________________ ___________________
лауазымы қолы
___________________________________________________
аты, жөні, әкесінің аты (бар болса)
Бақылау субъектісінің
басшысы ____________________________ ____________________
лауазымы қолы
___________________________________________________
аты, жөні, әкесінің аты (бар болса)

7 Жер қойнауын зерттеу мен пайдалану саласындағы тексеру парақтары

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2018 жылғы 9 қарашадағы № 779 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 10 қарашадағы № 63
бірлескен бұйрығына
7-қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1222
және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 796
бірлескен бұйрығына
7-қосымша
Жер қойнауын зерттеу мен пайдалану саласындағы
тексеру парақтары
геологиялық ақпаратты есепке алуды, сақтауды, оның сақталуын және анықтығын
қамтамасыз етуді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты
__________________________________________________________________________
бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ________________________________
__________________________________________________________________________
Тексеруді / бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық
бақылауды тағайындау туралы акт____________________________________________
__________________________________________________________________________
№, күні
Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы _________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендiру нөмiрі), бизнес-сәйкестендiру
нөмiрi ____________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Орналасқан мекенжайы_________________________________________________
__________________________________________________________________________
№ р/р
Та­лап­тар тіз­бе­сі
Та­лап еті­ле­ді
Та­лап етіл­мей­ді
Та­лап­тар­ға сәй­кес ке­ле­ді
Та­лап­тар­ға сәй­кес кел­мей­ді
1
2
3
4
5
6
1
Жер қой­на­уын пай­да­ла­ну жө­нін­де­гі опе­ра­ци­я­лар­ды жүр­гі­зу нәти­же­сін­де алын­ған гео­ло­ги­я­лық ақ­па­рат­тың және оның жет­кіз­гіш­те­рі­нің бо­луын, оны есеп­ке алу мен сақ­та­уды, сон­дай-ақ зерт­теу неме­се тек­се­ру үшін жер қой­на­уын зерт­теу жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ор­ган өкіл­де­рі­нің оған ке­дер­гі­сіз қол жет­кі­зу­ін қам­та­ма­сыз ету
2
Ко­дек­сте көз­дел­ген жағ­дай­лар­ды қо­с­па­ған­да жер қой­на­уын пай­да­ла­ну­ға ар­нал­ған ке­лі­сім­шар­ттың неме­се ли­цен­зи­я­ның қол­да­ны­лу ке­зін­де, жер қой­на­уын пай­да­ла­ну жө­нін­де­гі опе­ра­ци­я­лар­ды жүр­гі­зу нәти­же­сін­де алын­ған гео­ло­ги­я­лық ақ­па­рат­тың та­би­ғи жет­кіз­гіш­те­рін ие­лік­тен шы­ға­ру­ға тый­ым са­лы­нып сақ­тау
3
Ко­дек­сте көз­дел­ген жағ­дай­лар­да жер қой­на­уын пай­да­ла­ну жө­нін­де­гі опе­ра­ци­я­лар ту­ра­лы есеп­ті­лік ұсы­ну
4
Жер қой­на­уы­на гео­ло­ги­я­лық зерт­теу жүр­гі­зу ке­зін­де:
зерт­ха­на­лық зерт­те­улер мен тал­да­у­лар­дың де­ректе­рін қо­са ал­ған­да, жүр­гі­зі­л­ген опе­ра­ци­я­лар ба­ры­сын­да алын­ған гео­ло­ги­я­лық ақ­па­рат­тың сақ­та­луын және анық­тығ­ын;
гео­ло­ги­я­лық құ­жат­та­ма­ны жүр­гі­зу­дің уақ­ты­лы­ғы және са­па­сын; ли­цен­зия бер­ген жер қой­на­уын зерт­теу жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ор­ган­ға осы Ко­дек­сте көз­дел­ген тәр­тіп­пен және мер­зім­де гео­ло­ги­я­лық зерт­теу учас­ке­сі бой­ын­ша жүр­гі­зі­л­ген жұ­мыстар ту­ра­лы есеп­тер­ді және осын­дай жұ­мыстар­дың нәти­же­ле­рі бой­ын­ша гео­ло­ги­я­лық есеп­ті ұсы­ну­ды қам­та­ма­сыз ету
5
Мер­зім­ді гео­ло­ги­я­лық есеп­тер­ді жыл сай­ын өт­кен күн­тіз­бе­лік жыл үшін әр жыл­дың оты­зын­шы сәу­і­рі­нен ке­шік­тір­мей ұсы­ну.
6
Ли­цен­зи­я­ның қол­да­ны­луы тоқ­та­ты­л­ған күн­нен ба­стап үш ай­дан ке­шік­тір­мей жер қой­на­уын зерт­теу жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ор­ган­ға гео­ло­ги­я­лық зерт­теу нәти­же­ле­рі ту­ра­лы түп­кі­лік­ті есеп­ті ұсы­ну
7
Гео­ло­ги­я­лық зерт­теу нәти­же­сін­де ал­ған гео­ло­ги­я­лық ақ­па­рат­ты ли­цен­зия мер­зі­мі аяқ­тал­ған күн­нен ба­стап бір ай ішін­де жер қой­на­уын зерт­теу жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ор­ган­ның пай­да­ла­нуы­на өте­у­сіз бе­ру­ді қам­та­ма­сыз ету ти­іс
8
Бар­лау жө­нін­де­гі опе­ра­ци­я­лар­ды жүр­гіз­ген кез­де:
зерт­ха­на­лық зерт­те­улер­дің және тал­да­у­лар­дың де­ректе­рін қо­са ал­ған­да, бар­лау ба­ры­сын­да алын­ған бар­лық ба­стап­қы гео­ло­ги­я­лық ақ­па­рат­тың анық­тығ­ын және сақ­та­луын;
гео­ло­ги­я­лық құ­жат­та­ма­ны (оның ішін­де сы­на­ма­лау жос­пар­ла­рын, гео­ло­ги­я­лық кар­та­лар мен олар­дың кес­кін­де­рі, кен де­не­ле­рі­нің, ай­мақ­та­ры­ның гео­ло­ги­я­лық кон­тур­ла­рын, тау-кен-бар­лау қаз­ба­ла­ры­ның су­рет­те­рін са­лу) жүр­гі­зу­дің уақ­ты­лы­ғын және са­па­сын қам­та­ма­сыз ету
9
Бар­ла­у­ға ар­нал­ған ли­цен­зия бой­ын­ша ке­зең­ді гео­ло­ги­я­лық есеп­ті ұсы­ну
10
Ли­цен­зия қол­да­ны­сы тоқ­та­ты­л­ған­нан кей­ін жер қой­на­уын зерт­теу жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ор­ган­ға бар­лау учас­ке­сін­де­гі гео­ло­ги­я­лық бар­лау жұ­мыста­ры­ның нәти­же­ле­рі ту­ра­лы түп­кі­лік­ті есеп­ті ли­цен­зи­я­ның қол­да­ны­лу мер­зі­мі тоқ­та­ты­л­ған күн­нен ба­стап үш ай­дан ке­шік­тір­мей ұсы­ну
11
Өн­ді­ру ке­зін­де, зерт­ха­на­лық зерт­те­улер мен тал­да­у­лар де­ректе­рін қо­са ал­ған­да, алын­ған бі­рін­ші және екін­ші гео­ло­ги­я­лық ақ­па­рат­тың анық­тығы мен сақ­та­луын қам­та­ма­сыз ету
12
Өн­ді­ру­ге ар­нал­ған ли­цен­зия бой­ын­ша мы­на­дай мер­зім­дік есеп­тер­ді:
1) гео­ло­ги­я­лық есеп­тер­ді;
2) өн­ді­рі­л­ген пай­да­лы қаз­ба­лар бой­ын­ша есеп­ті ұсы­ну
13
Жер қой­на­уын зерт­теу жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ор­ган­ға же­ра­с­ты құ­ры­лы­сжай­ын пай­да­ла­ну ту­ра­лы есеп­тер­ді ұсы­ну
14
Жер қой­на­уы ке­ңі­сті­гін пай­да­ла­ну жө­нін­де­гі бар­лық жұ­мыстар­ды құ­жат­тау. Құ­жат­та­ма­да жер қой­на­уы учас­ке­сін дұ­рыс зерт­теу және кей­ін иге­ру үшін қа­жет жұ­мыстар си­патта­ма­сы қам­ты­луы ти­іс
15
Зерт­ха­на­лық зерт­те­улер мен тал­да­у­лар­дың де­ректе­рін қо­са ал­ған­да, жер қой­на­уы ке­ңі­сті­гін пай­да­ла­ну ке­зін­де алын­ған бар­лық ба­стап­қы және қай­та­ла­ма гео­ло­ги­я­лық ақ­па­рат­тың сақ­та­луын және анық­тығ­ын қам­та­ма­сыз ету

Қолданыстағы