Құжат мәтініне өту

«О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 23 февраля 2015 года № 138 «Об утверждении Правил координации деятельности дежурных диспетчерских служб и полномочий единой дежурно-диспетчерской службы «112» на территории Республики Казахстан»

Бұйрық · № 323 · қабылданған 22.04.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/23-2015-no-138-112-ekb-131153/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
«О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 23 февраля 2015 года № 138 «Об утверждении Правил координации деятельности дежурных диспетчерских служб и полномочий единой дежурно-диспетчерской службы «112» на территории Республики Казахстан» Қолданыста Бұйрық ·№ 323 ·22.04.2019
22.04.2019 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.04.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

«О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 23 февраля 2015 года № 138 «Об утверждении Правил координации деятельности дежурных диспетчерских служб и полномочий единой дежурно-диспетчерской службы «112» на территории Республики Казахстан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 323 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
«О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 23 февраля 2015 года № 138 «Об утверждении Правил координации деятельности дежурных диспетчерских служб и полномочий единой дежурно-диспетчерской службы «112» на территории Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасының аумағында кезекшілік-диспетчерлік қызметтердің қызметін үйлестіру қағидаларын және бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметінің өкілеттіктерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 138 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
323
Қабылданған күні
22.04.2019
Көрсетілген редакция
22.04.2019 131153_404169.kaz
Соңғы өзгеріс
22.04.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900018587
ЭКБ идентификаторы
131153
Редакция идентификаторы
131153_404169
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 20:15

0 «Қазақстан Республикасының аумағында кезекшілік-диспетчерлік қызметтердің қызметін үйлестіру қағидаларын және бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметінің өкілеттіктерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы

№ 138 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасының аумағында кезекшілік-диспетчерлік қызметтердің жұмысын үйлестіру қағидаларын және бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметінің өкілеттіктерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 138 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10972 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағындағы кезекшілік-диспетчерлік қызметтердің қызметін үйлестіру қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасы аумағында, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің (бұдан әрі – ТЖК) аумақтық бөлімшелерінің жауапты аймағында өзара іс-қимыл жасайтын кезекшілік-диспетчерлік қызметтердің құрамына:
1) ТЖК аумақтық бөлімшелерінің бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызмет басқармасы (бұдан әрі- БКДҚБ);
2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жедел басқару орталығы, аумақтық органының кезекші бөлімі;
3) жергілікті атқарушы органның жедел медициналық жәрдем станциясының диспетчерлік бөлімшесі;
4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық авиация қызметінің диспетчерлік бөлімшесі;
5) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті аумақтық органының кезекші қызметі;
6) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің «Қазаэронавигация» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының әуе қозғалысын жоспарлаудың бас орталығы;
7) әлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылым объектілеріндегі авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын бақылауды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның кезекшілік-диспетчерлік қызметтері;
8) байланыс операторларының анықтамалық қызметі кіреді.».
32-тармақ алып тасталсын;
3-қосымша алып тасталсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.Р. Беккер) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялауға және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3 3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

4 4) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
2019 жылғы « »
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
2019 жылғы « »
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
2019 жылғы « »

Қолданыстағы