Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 23 апреля 2015 года № 147 «Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере религиозной деятельности»

Бұйрық · № 01-01/117 · қабылданған 28.12.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/23-2015-no-147-ekb-128137/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 23 апреля 2015 года № 147 «Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере религиозной деятельности» Күшін жойған Бұйрық ·№ 01-01/117 ·28.12.2018
31.03.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 23 апреля 2015 года № 147 «Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере религиозной деятельности»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 01-01/117 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 23 апреля 2015 года № 147 «Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере религиозной деятельности»
Атауы (қаз.)
«Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 147 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
01-01/117
Қабылданған күні
28.12.2018
Көрсетілген редакция
31.03.2020 128137_455831.kaz
Соңғы өзгеріс
31.03.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800018133
ЭКБ идентификаторы
128137
Редакция идентификаторы
128137_455831
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 21:38

0 «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 147 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» 2018 жылғы 19 маусымдағы № 702 және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» 2018 жылғы 28 маусымдағы № 707 Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 147 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11183 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 19 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі әзірлеген.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Астана және Алматы, Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жердің мекенжайлары:
көрсетілетін қызметті берушінің: www.qogam.gov.kz;
Мемлекеттік корпорацияның: www.gov4c.kz интернет-ресурсында орналасқан.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiн келiсу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі әзірлеген.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Қоғамдық келісім комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жердің мекенжайлары:
көрсетілетін қызметті берушінің: www.qogam.gov.kz;
Мемлекеттік корпорацияның: www.gov4c.kz интернет-ресурсында орналасқан.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктерінің басшыларын тағайындауын келiсу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі әзірлеген.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Қоғамдық келісім комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жердің мекенжайлары:
көрсетілетін қызметті берушінің: www.qogam.gov.kz;
Мемлекеттік корпорацияның: www.gov4c.kz интернет-ресурсында орналасқан.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Дінтану сараптамасын жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі әзірлеген.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Қоғамдық келісім комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі жүзеге асырады.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жердің мекенжайлары көрсетілетін қызметті беруші: www.qogam.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартында:
2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі әзірлеген.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Астана және Алматы, Шымкент қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жердің мекенжайлары:
көрсетілетін қызметті беруші: www.qogam.gov.kz;
Мемлекеттік корпорация: www.gov4c.kz интернет-ресурсында орналасқан.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартында:
2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі әзірлеген.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жердің мекенжайлары:
көрсетілетін қызметті беруші: www.qogam.gov.kz;
Мемлекеттік корпорация: www.gov4c.kz интернет-ресурсында орналасқан.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі әзірлеген.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жердің мекенжайлары:
көрсетілетін қызметті беруші: www.qogam.gov.kz;
Мемлекеттік корпорация: www.gov4c.kz интернет-ресурсында орналасқан.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі әзірлеген.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жердің мекенжайлары: көрсетілетін қызметті беруші: www.qogam.gov.kz;
Мемлекеттік корпорация: www.gov4c.kz интернет-ресурсында орналасқан.»

2 2. Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Қоғамдық келісім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде оның қағаз және электронды түрдегі көшірмелерін және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін ресми жариялау үшін мерзімді баспасөз басылымдарға жолдауды;

4 4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

5 5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы