Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 23 февраля 2015 года № 147 «Об утверждении Правил расследования аварийных случаев с судами»

Бұйрық · № 286 · қабылданған 26.04.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/23-2015-no-147/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 23 февраля 2015 года № 147 «Об утверждении Правил расследования аварийных случаев с судами» Қолданыста Бұйрық ·№ 286 ·26.04.2023
26.04.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.04.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 23 февраля 2015 года № 147 «Об утверждении Правил расследования аварийных случаев с судами»

Қолданыста Бұйрық ·№ 286 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 23 февраля 2015 года № 147 «Об утверждении Правил расследования аварийных случаев с судами»
Атауы (қаз.)
«Кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеп-тексеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 23 ақпандағы № 147 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
286
Қабылданған күні
26.04.2023
Көрсетілген редакция
26.04.2023 180316_627381.kaz
Соңғы өзгеріс
26.04.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300032374
ЭКБ идентификаторы
180316
Редакция идентификаторы
180316_627381
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 19:31

0 «Кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеп-тексеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 23 ақпандағы № 147 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеп-тексеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 23 ақпандағы № 147 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10709 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізу:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеп-тексеру қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Халықаралық және аумақтық суларда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумақтық суларында шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемелермен болған авариялық жағдайлар осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен міндетті тергеп-тексеруге жатады.»;
25-тармақ алып тасталсын;
1 және 3-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру департаментіне заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Iшкi iстер министрі

1 Авариялық жағдайды тергеп-тексеру жөніндегі уәкілдің куәлігі

Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
міндетін атқарушы
2023 жылғы 26 сәуірдегі
№ 286 Бұйрыққа
1-қосымша
Кемелермен болған
авариялық жағдайларды
тергеп-тексеру қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Авариялық жағдайды тергеп-тексеру жөніндегі уәкілдің куәлігі
Алдыңғы жақ
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ин­ду­стрия және ин­фра­құ­ры­лым­дық да­му ми­ни­стр­лі­гі
Ел­таң­ба
Ministry of industry and infrastructural development of the Republic of Kazakhstan
ФО­ТО­СУ­РЕТ
Те­гі
FAMILY NAME
Аты
GIVEN NAME
№0000001
Тер­геп-тек­се­ру жө­нін­де­гі уәкіл/Investiqator
Артқы жақ
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ин­ду­стрия және ин­фра­құ­ры­лым­дық да­му ми­ни­стр­лі­гі
Ел­таң­ба
Ministry of industry and infrastructural development of the Republic of Kazakhstan
Тер­геп-тек­се­ру жө­нін­де­гі уәкіл­дің құқық­та­ры:
ава­ри­я­лық жағ­дай орын ал­ған жер­ге жү­зу уа­қы­тын­да ке­ме­де бо­лу;
ава­ри­я­лық жағ­дай­дың орын ал­ған же­рін қа­рап-тек­се­ру;
бар­лық құ­жат­тар­ға қол жет­кі­зу;
қа­тыс­қан адам­дар және куә­гер­лер­ді сұ­ра­ту;
ұлт­тық заң­на­ма­мен және ха­лы­қа­ра­лық ак­ті­лер­мен ре­гла­мент­тел­ген өзге де құқық­та­ры.
Іnvestigator’s rights:
to be in a vessel during the way to the accident place;
inspection the accident place;
access to all documents;
questioning of witnesses and involved persons;
and rights were established by national legislation and international acts.
№0000001

1.1 Қорытынды кеме мен авария/елеулі авария туралы ақпарат

Бұйрыққа 2-қосымша
Кемелермен болған
авариялық жағдайларды
тергеп-тексеру қағидаларына
3-қосымша
Қорытынды кеме мен авария/елеулі авария туралы ақпарат

1 1. Авариялық жағдай жіктелген түрі:_______________________________ (елеулі авария, авария, оқыс оқиға)

2 2. Авариялық жағдай түрі:_____________________________________ (соқтығысу, қайраңға тұру, ғимараттарға зақым келтіру, ластану, кеменің қирауы, қаза тапқандар)

3 3. Авариялық жағдай күні мен уақыты:__________________________________

4 4. Орны:________________________________________ (порт, ішкі сулар, аумақтық сулар, балық аулайтын аймақтар, ортақ су кеңістігі, мұхит, координаталар)

5 5. Кеме туралы деректер:_____________________________________________

Атауы:_____________________________________________________________
Ту:_________________________________________________________________
Халықаралық теңіз ұйымының нөмірі:__________________________________
Рейс (қайдан және қайда):_____________________________________________
Капитанның тегі, аты мен әкесінің аты (болған жағдайда):_________________
Тіркелу порты (орын) және тіркелу нөмірі:_______________________________
Кеме иесі, Халықаралық теңіз ұйымының нөмірі, мекенжайы:_______________
Жасалған орны және жылы:___________________________________________
Кеменің ең үлкен өлшемі:_____________________________________________
Сыйымдылығы (брутто/нетто): ________________________________________
Кеме электр қондырғылардың типі мен қуаты: ___________________________
Еспелі винттердің саны мен құрылымы: _________________________________
Рульдың құрылымы: _________________________________________________
Толық жүрісінің жылдамдығы(маневрлік/теңіз, кеме жүрісінің жылдамдығын білдіретін шамамен): ________________________________________________
Авариялық жағдай кезіндегі кеменің суға шөгуі (тұмсық): __________________
Авариялық жағдай кезіндегі кеменің суға шөгуі (кеменің артқы жағы): _______
Жолаушылар саны: __________________________________________________
Жүктің саны мен түрі, оны трюмда орналастыру: _________________________
Экипаж саны: _______________________________________________________
Құтқару құралдарының штаттық жиынтығы: _____________________________
Радиостанцияның қуаты және оның әрекет ету радиусы: ___________________
Электронды навигациялық аспаптар: ___________________________________
Су төгетін құралдардың саны мен қуаты: ________________________________
Өртке қарсы құралдар: _______________________________________________
Кемені мұзға қарсы күшейтудің санаты: Отын және жанар-жағар май материалдардың саны туралы деректер:_______________________________

6 6. Кеме түрін жіктеу мен куәландыруға уәкілетті ұйымымен кемені куәландыру туралы ақпарат:_________________________________________

(жіктеу және конвенциялық құжаттарды беретін және кеме мен кеме қатынасы компаниясының соңғы куәландыруді жүргізетін орган (органдар).
6.1 Жіктеу куәлігінің жарамдылық мерзімі_____________________________

7 7. Авариялық жағдайдың салдары_____________________________________

(адамның өлімі; адамның денсаулығына келтірілген ауыр зиян; адамның кемеден жоғалуы; жүктің жоғалуы; кеменің қирауы; корпус, механизм, жүйе, құралдар, жабдықтар, жүк пен басқа материалдық құндылықтардың бұзылуы; қоршаған ортаны ластау; теңіз инфрақұрылымынын объектілерінің бұзылуы; кеменің тұруы (сағат, тәулік), авариялық жөндеуге байланысты кеменің тұруын қоса алғанда)

8 8. Теңіздегі авариялық жағдайдың қысқаша сипаттамасы______________________

9 9. Авариялық жағдайды тергеп-тексерудің нәтижесі__________________________

9.1 9.1. Авариялық жағдайдың мән-жайы мен жағдайлары________________________

9.2 9.2. Анықталған фактілер_________________________________________________

9.3 9.3. Жағдайлар__________________________________________________________

10 10. Авариялық жағдайдың себептері_______________________________________

11 11. Болашақта осындай авариялық жағдайлардың алдын алу бойынша ұсынымдар_______________________________________________________

Тергеп-тексеру жөніндегі уәкіл _________________________________________
(тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда)
Комиссия мүшесі ________________________________________
(тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда)
Комиссия мүшесі ________________________________________
(тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда)
Комиссия мүшесі ________________________________________
(тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда)
Комиссия мүшесі ________________________________________
(тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда)

Қолданыстағы