О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 23 февраля 2015 года № 149 «Об утверждении Правил подтверждения подлинности иностранной электронной цифровой подписи доверенной третьей стороной Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 23 февраля 2015 года № 149 «Об утверждении Правил подтверждения подлинности иностранной электронной цифровой подписи доверенной третьей стороной Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапының шетелдік электрондық цифрлық қолтаңбасының түпнұсқалылығын растау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 ақпандағы № 149 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1186
- Қабылданған күні
- 09.12.2015
- Көрсетілген редакция
- 09.12.2015 97597_48965.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.12.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500012591
- ЭКБ идентификаторы
- 97597
- Редакция идентификаторы
- 97597_48965
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 12:10
0 «Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапының шетелдік электрондық цифрлық қолтаңбасының түпнұсқалылығын растау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 ақпандағы № 149 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапының шетелдік электрондық цифрлық қолтаңбасының түпнұсқалылығын растау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 ақпандағы № 149 бұйрығына (Норамтивтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 2 сәуірде №10615 болып тіркелген, 2015 жылғы 4 шілдедегі №125 (28001) «Казахстанская правда» және 2015 жылғы 4 шілдедегі №125 (28603) «Егемен Қазақстан» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кiрiспесi мынадай редакцияда жазылсын:
«Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы»
2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы
1- тармағының 13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапының шетелдік электрондық цифрлық қолтаңбасының түпнұсқалылығын растау қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапының шетелдік электрондық цифрлық қолтаңбасының түпнұсқалылығын растау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 5-бабы 1-тармағының
13) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Қағидалар Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапының ақпаратық алмасу қатысушылармен шетелдік электрондық цифрлық қолтаңбасының түпнұсқалылығын растау тәртібін айқындайды.».
2 2. Қазақстан Республикасы Инветициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б. Қазанғап):
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға баспа және электронды түрде жіберуді;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.