Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 23 февраля 2015 года № 149 «Об утверждении Правил подтверждения подлинности иностранной электронной цифровой подписи доверенной третьей стороной Республики Казахстан»

Бұйрық · № 121 · қабылданған 29.03.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/23-2015-no-149/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 23 февраля 2015 года № 149 «Об утверждении Правил подтверждения подлинности иностранной электронной цифровой подписи доверенной третьей стороной Республики Казахстан» Қолданыста Бұйрық ·№ 121 ·29.03.2018
29.03.2018 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.03.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 23 февраля 2015 года № 149 «Об утверждении Правил подтверждения подлинности иностранной электронной цифровой подписи доверенной третьей стороной Республики Казахстан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 121 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 23 февраля 2015 года № 149 «Об утверждении Правил подтверждения подлинности иностранной электронной цифровой подписи доверенной третьей стороной Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапының шетелдік электрондық цифрлық қолтаңбасының түпнұсқалығын растау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 23 ақпандағы № 149 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
121
Қабылданған күні
29.03.2018
Көрсетілген редакция
29.03.2018 120929_314114.kaz
Соңғы өзгеріс
29.03.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800016776
ЭКБ идентификаторы
120929
Редакция идентификаторы
120929_314114
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 01:05

0 «Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапының шетелдік электрондық цифрлық қолтаңбасының түпнұсқалығын растау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 23 ақпандағы № 149 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы»
2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы
1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапының шетелдік электрондық цифрлық қолтаңбасының түпнұсқалығын растау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 23 ақпандағы

№ 149 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10615 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 17 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапының электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалығын растау қағидаларын бекіту туралы»;
Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапының шетелдік электрондық цифрлық қолтаңбасының түпнұсқалығын растау қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Электрондық үкіметті» және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту департаменті:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4 4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапының электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалығын растау қағидалары

Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрінің міндетін атқарушысының
2018 жылғы 29 наурыздағы
№ 121 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін
атқарушысының
2015 жылғы 23 ақпандағы
№ 149 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапының электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалығын
растау қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапының электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалығын растау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапының электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалығын растау тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) кері қайтарып алынған тіркеу куәліктерінің тізімі (бұдан әрі – ҚТКТ) – олардың қолданысы тоқтатылған тіркеу куәліктері туралы мәліметтерді, олардың сериялық нөмірін, күнін және қайтарып алу себептерін (жою) қамтитын тіркеу куәліктері тіркелімінің бөлігі;

2 2) куәландырушы орталық – электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне сәйкестігін куәландыратын, сондай-ақ тіркеу куәлігінің дұрыстығын растайтын заңды тұлға;

3

3) Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапы (бұдан әрі – ҚР СБҮТ) – трансшекаралық өзара іс-қимыл жасау шеңберінде шетелдік электрондық цифрлық қолтаңбаның және Қазақстан Республикасының аумағында берілген электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалығын растауды жүзеге асыратын ақпараттық жүйе;

4 4) тіркеу куәлігі – электрондық цифрлық қолтаңбаның Заңмен белгіленген талаптарға сәйкестігін растау үшін куәландырушы орталық беретін қағаз тасығыштағы құжат немесе электрондық құжат;

5 5) тіркеу куәліктерінің төлнұсқалығын растау сервисі (Validation of Public Key Certificates, бұдан әрі – VPKC) – бір немесе бірнеше тіркеу куәліктерінің электрондық цифрлық қолтаңбасының ашық кілтінің тиісілілігін және растығын тексеруді жүзеге асыратын ҚР СБҮТ сервисі;

6

6) шетел мемлекетінің сенім білдірген үшінші тарапы (бұдан әрі – шетел мемлекетінің СБҮТ) – шетел мемлекетінің заңнамасына сәйкес электрондық құжатқа қолтаңба қойған тұлғаға қатысты белгіленген уақытта электрондық құжаттарда электрондық цифрлық қолтаңбаны тексеру қызметін атқару автоматты режимде жүзеге асыру құқығы берілген ұйым;

7 7) электрондық цифрлық қолтаңбаны тексеру түбіртегі (бұдан әрі – түбіртек) ҚР СБҮТ ЭЦҚ куәландырылған және ЭЦҚ төлнұсқалығын растайтын электрондық құжат;

8 8) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдардың жиынтығы;

9 9) электрондық цифрлік қолтаңбамен қолтаңба қойылған құжаттардың төлнұсқалығын растау сервисі (Validation of Digitally Signed Document, бұдан әрі – VSD) – ЭЦҚ төлнұсқалығын тексеруді жүзеге асыратын ҚР СБҮТ сервисі;

10 10) XML (Extensible Markup Language (бұдан әрі – XML)) – кеңейтілетін белгілеу тілі) – құрылымдық және машинада оқылатын форматтағы сақтау және тасымалдау үшін пайдаланылатын кеңейтілетін белгілеу тілі.

3 3. ҚР СБҮТ-мен ақпарат алмасудың қатысушылары:

1 1) куәландырушы орталықтар;

2 2) шетел мемлекеттерінің СБҮТ;

3 3) ҚР СБҮТ-мен интеграцияланған ақпараттық жүйелердің пайдаланушылары болып табылады.

2 2-тарау. Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапының электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалығын растау тәртібі

4 4. Қазақстан Республикасының куәландырушы орталықтарында алынған тіркеу куәліктерін пайдаланумен қалыптастырылған ЭЦҚ Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы

9 желтоқсандағы № 1187 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №12864 болып тіркелген) Электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалығын тексеру қағидаларына (бұдан әрі – ЭЦҚ төлнұсқалығын тексеру қағидалары) сәйкес ақпараттық жүйелермен тексеріледі.
Егер шетел мемлекеттерінің ақпараттық жүйесіне электрондық құжат жолданған жағдайда, шетел мемлекеттерінде ЭЦҚ төлнұсқалығын растау үшін ҚР СБҮТ Қазақстан Республикасының ақпараттық жүйелерінен сұрау салу негізінде түбіртек береді. ҚР СБҮТ түбіртекті берер алдында ЭЦҚ төлнұсқалығын тексеру қағидаларына сәйкес ЭЦҚ және тіркеу куәлігін тексеруді жүзеге асырады, бұл ретте АЖ Заңның 10-бабы 1-тармағының
2),3) және 4) тармақшаларында көзделген тексерісті жүзеге асырады.

5 5. Шетел мемлекеттерінің куәландырушы орталықтарында алынған тіркеу куәліктерін пайдаланумен қалыптастырылған ЭЦҚ шетелдік ақпараттық жүйелерінің сұрау салуы негізінде ҚР СБҮТ тексереді.

6 6. ҚР СБҮТ мынадай шарттарды орындау кезінде шетелдік ЭЦҚ төлнұсқалығын тексереді:

1 1) тексерiлетiн электрондық құжат жеке немесе заңды тұлғалардың ЭЦҚ-сымен куәландырылған;

2 2) ҚР СБҮТ-ында шетел мемлекетінің СБҮТ немесе тексерілетін тіркеу куәлігін берген куәландырушы орталығы тіркелген.

7 7. ЭЦҚ-ның төлнұсқалығын тексеру үшін пайдаланушы немесе АЖ ҚР СБҮТ-қа мынадай сұрау салулардың бірін жібереді:

1 1) VSD электрондық сұрау салу – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес;

2 2) VPKC электрондық сұрау салу – осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес;

3 3) XML электрондық сұрау салу – осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес.

ҚР СБҮТ көлемі 100 мегабайттан артық емес сұрау салуды қабылдайды.

8 8. Электрондық сұрау салудың, түбіртектің және түбіртектің негізгі деректемелерінің ақпараттық схемасының нысандары осы Қағидаларға 1,2,3,4 және 5-қосымшаларда келтiрiлген.

9 9. Куәландырушы орталықтан және (немесе) шетел мемлекетінің

СБҮТ-нен алынған жауаптың негізінде ҚР СБҮТ Қазақстан Республикасының аумағында ЭЦҚ төлнұсқалығын растау үшін қажетті және жеткілікті болып табылатын түбіртек түрінде жауапты қалыптастырады.

10 10. ҚР СБҮТ-нің ЭЦҚ және/немесе тіркеу куәлігінің төлнұсқалығын растау тегін жүзеге асырылады.

11 11. ҚР СБҮТ-ден жауаптардың түрлері:

1 1) ЭЦҚ-ны оң тексеру жағдайында, «Тексерілді» («Расталды») мәртебесі бар түбіртек;

2 2) ЭЦҚ-ны теріс тексеру жағдайында, «Тексерілмеді» («Расталмады») мәртебесі бар түбіртек. Ақпараттық жүйенің пайдаланушысы «Тексерілмеді» деген мәртебесі бар түбіртекті алған кезде ақпараттық жүйенің құралдары арқылы тиісті хабарландыруды алады.

3 3) электрондық сұрау салудың құрылымы сәйкес болмағанда немесе

ҚР СБҮТ-ында куәландырушы орталығының не шетел мемлекетінің
СБҮТ-нің тіркеуі болмаған жағдайда, «Тексеру мүмкiн емес» («Ашып жазылмаған», «қате», «бас тарту») деген мәртебесі бар түбіртек.
ЭЦҚ және (немесе) тіркеу куәлігінің төлнұсқалығын растау
ҚР СБҮТ-де АЖ немесе пайдаланушы алған «Тескерілді» деген мәртебесі бар түбіртек болған жағдайда, куәландырылған болып есептеледі.

12 12. ҚР СБҮТ транзакцияның бірегей сәйкестендірулерін пайдалана отырып, деректер базасында алынған сұрау салулар туралы ақпаратты бес жыл ішінде сақтайды.

13 13. Сақтау мерзiмі өткен соң алынған сұрау салулар туралы ақпарат

ҚР СБҮТ-ге архивті сақтауға түседi.

1 VSD электрондық сұрау салу

Қазақстан Республикасының сенім
білдірілген үшінші тарапының
электрондық цифрлық
қолтаңбаның төлнұсқалығын
растау қағидаларына
1-қосымша
VSD электрондық сұрау салу

р/с
Хабарлау алаңының атауы
Хабарлау алаңының түрі
Мағыналық мазмұны
Мiндеттiлiк
DVCSRequestInformation (сұрау)
1.
requestInformation->version
integer
Сұрау салу нұсқасы. Өздігінен-1
Жоқ
2.
requestInformation->service
ServiceType
Сервистiң түрi. VSD–2
Ия
3.
requestInformation->nonce
integer
Резервтелген алаң (пайдаланылмайды)
Жоқ
4.
requestInformation->requestTime
DVCSTime
Таңдаудың бір мәнін қамтуы мүмкін – UTC бойынша уақыт (genTime), уақыт белгісі (timeStampToken)
Жоқ
5.
requestInformation->requester
GeneralNames
Таңдаудың бір мәнін қамтуы мүмкін – otherName, rfc822Name, dNSName, x400Address, directoryName, ediPartyName, uniformResourceIdentifier, iPAddress, registeredID
Жоқ
6.
requestInformation->requestPolicy
PolicyInformation
Сұрау салу саясаты
Жоқ
7.
requestInformation->dvcs
GeneralNames
Таңдаудың бір мәнін қамтуы мүмкін – otherName, rfc822Name, dNSName, x400Address, directoryName, ediPartyName, uniformResourceIdentifier, iPAddress, registeredID
Жоқ
8.
requestInformation->dataLocations
GeneralNames
Таңдаудың бір мәнін қамтуы мүмкін – otherName, rfc822Name, dNSName, x400Address, directoryName, ediPartyName, uniformResourceIdentifier, iPAddress, registeredID
Жоқ
9.
requestInformation->extensions
Extensions
Қосымша ақпарат
Жоқ
10.
data
Data
Тексерілетін деректер
Ия
11.
transactionIdentifier
GeneralName
Транзакияның сәйкестендірігіші
Ия

2 Қазақстан Республикасының сенім

білдірілген үшінші тарапының
электрондық цифрлық
қолтаңбаның төлнұсқалығын
растау қағидаларына
2-қосымша

р/с
Хабарлау алаңының атауы
Хабарлау алаңының түрі
Мағыналық мазмұны
Мiндеттiлiк
DVCSRequestInformation (сұрау)
1.
requestInformation->version
integer
Сұрау салу нұсқасы. Өздігінен-1
Жоқ
2.
requestInformation->service
ServiceType
Сервистiң түрi. VPKC – 3.
Ия
3.
requestInformation->nonce
integer
Резервтелген алаң (пайдаланылмайды)
Жоқ
4.
requestInformation->requestTime
DVCSTime
Таңдаудың бір мәнін қамтуы мүмкін – UTC бойынша уақыт (genTime), уақыт белгісі (timeStampToken)
Жоқ
5.
requestInformation->requester
GeneralNames
Таңдаудың бір мәнін қамтуы мүмкін – otherName, rfc822Name, dNSName, x400Address, directoryName, ediPartyName, uniformResourceIdentifier, iPAddress, registeredID
Жоқ
6.
requestInformation->requestPolicy
PolicyInformation
Сұрау салу саясаты
Жоқ
7.
requestInformation->dvcs
GeneralNames
Таңдаудың бір мәнін қамтуы мүмкін – otherName, rfc822Name, dNSName, x400Address, directoryName, ediPartyName, uniformResourceIdentifier, iPAddress, registeredID
Жоқ
8.
requestInformation->dataLocations
GeneralNames
Таңдаудың бір мәнін қамтуы мүмкін – otherName, rfc822Name, dNSName, x400Address, directoryName, ediPartyName, uniformResourceIdentifier, iPAddress, registeredID
Жоқ
9.
requestInformation->extensions
Extensions
Қосымша ақпарат
Жоқ
10.
data
Data
Тексерілетін деректер
Ия
11.
transactionIdentifier
GeneralName
Транзакияның сәйкестендірігіші
Ия

3 XML электрондық сұрау салу

Қазақстан Республикасының сенім
білдірілген үшінші тарапының
электрондық цифрлық
қолтаңбаның төлнұсқалығын
растау қағидаларына
3-қосымша
XML электрондық сұрау салу
<?xml version="1.0" encoding="UTF-8"?>
<xs:schema xmlns:xs="http://www.w3.org/2001/XMLSchema" xmlns:doc="urn:EEC:SignedData:v1.0:
EDoc" xmlns:ds="http://www.w3.org/2000/09/xmldsig#" targetNamespace=
"urn:EEC:SignedData:v1.0:EDoc" elementFormDefault="qualified" attributeFormDefault="unqualified">
<xs:import namespace="http://www.w3.org/2000/09/xmldsig#" schemaLocation=
"http://www.w3.org/TR/2002/REC-xmldsig-core-20020212/xmldsig-core-schema.xsd#"/>
<xs:element name="SignedDoc" type="doc:SignedDocType">
<xs:annotation>
<xs:documentation>Электрондық құжат</xs:documentation>
</xs:annotation>
</xs:element>
<xs:complexType name="SignedDocType">
<xs:annotation>
<xs:documentation>деректер түрі " Электрондық құжат "</xs:documentation>
</xs:annotation>
<xs:sequence>
<xs:element name="Data">
<xs:annotation>
<xs:documentation>Электрондық құжаттағы блог </xs:documentation>
</xs:annotation>
<xs:complexType>
<xs:complexContent>
<xs:extension base="doc:DataType">
<xs:attribute name="Id" type="xs:ID" use="required"/>
</xs:extension>
</xs:complexContent>
</xs:complexType>
</xs:element>
<xs:element ref="ds:Signature" minOccurs="0">
<xs:annotation>
<xs:documentation> Сенім білдірілген үшінші тарап түбіртегі </xs:documentation>
</xs:annotation>
</xs:element>
</xs:sequence>
</xs:complexType>
<xs:complexType name="DataType">
<xs:annotation>
<xs:documentation> Электрондық құжаттағы блогтың типі</xs:documentation>
</xs:annotation>
<xs:sequence>
<xs:element ref="ds:Signature" maxOccurs="unbounded">
<xs:annotation>
<xs:documentation>Электрондық цифрлық қолтаңба (электрондық қолтаңба)</xs:documentation>
</xs:annotation>
</xs:element>
<xs:element name="SignedContent">
<xs:annotation>
<xs:documentation>Қол қоятын деректер блогы</xs:documentation>
</xs:annotation>
<xs:complexType>
<xs:sequence>
<xs:any namespace="##any" processContents="lax" maxOccurs="unbounded">
<xs:annotation>
<xs:documentation>Электрондық құжаттар (мәліметтер) түрлерінің құрылымы</xs:documentation>
</xs:annotation>
</xs:any>
</xs:sequence>
<xs:attribute name="Id" type="xs:ID" use="required">
<xs:annotation>
<xs:documentation> қол қойылатын деректер блогының атрибут-сәйкестендіргіші </xs:documentation>
</xs:annotation>
</xs:attribute>
<xs:attribute name="DocInstance" type="xs:anyURI" use="required">
<xs:annotation>
<xs:documentation> Электрондық құжаттың бірегей идентификаторы</xs:documentation>
</xs:annotation>
</xs:attribute>
</xs:complexType>
</xs:element>
</xs:sequence>
</xs:complexType>
</xs:schema>

4 Электрондық түбіртек

Қазақстан Республикасының сенім
білдірілген үшінші тарапының
электрондық цифрлық
қолтаңбаның төлнұсқалығын
растау қағидаларына
4-қосымша
Электрондық түбіртек

р/с
Хабарлау алаңының атауы
Хабарлау алаңының түрі
Мағыналық мазмұны
Мiндеттiлiк
DVCSResponse(жауап), 1-жауаптың нұсқасы
1.
dvCertInfo->version
integer
Сұрау салу нұсқасы. Өздігінен-1
Жоқ
2.
dvCertInfo->dvReqInfo
DVCSRequestInformation
Сұрау салу туралы ақпарат
Ия
3.
dvCertInfo->messageImprint
DigestInfo
Сұрау салудан ақпаратқа хэш-мағынасы
Ия
4.
dvCertInfo->serialNumber
Integer
Сұрау салудың бірегей сәйкестендіргіші
Ия
5.
dvCertInfo->responseTime
DVCSTime
Таңдаудың бір мәнін қамтуы мүмкін – UTC бойынша уақыт (genTime), уақыт белгісі (timeStampToken)
Ия
6.
dvCertInfo->dvStatus
PKIStatusInfo
Жауаптың мәртебесі
Жоқ
7.
dvCertInfo->policy
PolicyInformation
Жауаптың саясаты
Жоқ
8.
dvCertInfo->reqSignature
SignerInfos
Сұрау салудың қолтаңбасы
Жоқ
9.
dvCertInfo->certs
TargetEtcChain
Тіркеу куәліктері
Жоқ
10.
dvCertInfo->extensions
Extensions
Қосымша ақпарат
Жоқ
DVCSResponse(жауап), 2-жауаптың нұсқасы
1.
dvErrorNote->transactionStatus
PKIStatusInfo
Жауаптың мәртебесі
Ия
2.
dvErrorNote->transactionIdentifier
GeneralName
Транзакияның сәйкестендірігіші
Жоқ

5 Түбіртектің негізгі деректемелерінің ақпараттық схемасы

Қазақстан Республикасының сенім
білдірілген үшінші тарапының
электрондық цифрлық
қолтаңбаның төлнұсқалығын
растау қағидаларына
5-қосымша
Түбіртектің негізгі деректемелерінің
ақпараттық схемасы
<?xml version="1.0" encoding="UTF-8"?>
<xs:schema xmlns:xs="http://www.w3.org/2001/XMLSchema" xmlns:rcpt="urn:EEC:TTP:v1.0:receipt" targetNamespace="urn:EEC:TTP:v1.0:receipt" elementFormDefault="qualified" attributeFormDefault="unqualified">
<xs:element name="Receipt" type="rcpt:ReceiptType">
<xs:annotation>
<xs:documentation>түбіртектің негізгі деректемелер блогы</xs:documentation>
</xs:annotation>
</xs:element>
<xs:complexType name="ReceiptType">
<xs:annotation>
<xs:documentation> түбіртектің негізгі деректемелер блогының типі</xs:documentation>
</xs:annotation>
<xs:sequence>
<xs:element name="ReceiptId" type="xs:anyURI">
<xs:annotation>
<xs:documentation> құрылған түбіртектің бірегей сәйкестендіргіші </xs:documentation>
</xs:annotation>
</xs:element>
<xs:element name="DocId" type="xs:anyURI">
<xs:annotation>
<xs:documentation> Электрондық құжаттың сәйкестендіргіші </xs:documentation>
</xs:annotation>
</xs:element>
<xs:element name="Report">
<xs:annotation>
<xs:documentation> Тексеру нәтижесінің мәлімдемелер блогы </xs:documentation>
</xs:annotation>
<xs:complexType>
<xs:choice maxOccurs="unbounded">
<xs:element name="Success" type="rcpt:SuccessType"/>
<xs:element name="Error" type="rcpt:ErrorType"/>
</xs:choice>
</xs:complexType>
</xs:element>
<xs:element name="AttachedData" minOccurs="0">
<xs:annotation>
<xs:documentation> XML форматындағы қосымша мәлімдемелер блогы</xs:documentation>
</xs:annotation>
<xs:complexType>
<xs:sequence>
<xs:any namespace="##any" processContents="lax" maxOccurs="unbounded"/>
</xs:sequence>
</xs:complexType>
</xs:element>
</xs:sequence>
<xs:attribute name="Id" type="xs:ID" use="required"/>
</xs:complexType>
<xs:complexType name="BaseReportType">
<xs:annotation>
<xs:documentation> элементтің базалық типі – тексеру туралы есеп</xs:documentation>
</xs:annotation>
<xs:attribute name="Reference" type="xs:anyURI" use="optional"/>
</xs:complexType>
<xs:complexType name="SuccessType">
<xs:annotation>
<xs:documentation> СбҮТ тексерісі сәтті өткенін көрсететін элементтің типі</xs:documentation>
</xs:annotation>
<xs:complexContent>
<xs:extension base="rcpt:BaseReportType"/>
</xs:complexContent>
</xs:complexType>
<xs:complexType name="ErrorType">
<xs:annotation>
<xs:documentation>қате сипаттамасының контейнер типі </xs:documentation>
</xs:annotation>
<xs:complexContent>
<xs:extension base="rcpt:BaseReportType">
<xs:sequence>
<xs:element name="ReasonCode">
<xs:annotation>
<xs:documentation>Қате коды</xs:documentation>
</xs:annotation>
<xs:simpleType>
<xs:restriction base="xs:string">
<xs:enumeration value="Signature.Error"/>
<xs:enumeration value="Signature.BadCertificate"/>
<xs:enumeration value="Document.AuthenticityError"/>
</xs:restriction>
</xs:simpleType>
</xs:element>
<xs:element name="ReasonText" type="xs:string" >
<xs:annotation>
<xs:documentation> Қатенің мәтіндік сипаттамасы</xs:documentation>
</xs:annotation>
</xs:element>
</xs:sequence>
</xs:extension>
</xs:complexContent>
</xs:complexType>
</xs:schema>

Қолданыстағы