О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 23 сентября 2015 года № 15-05/844 «Об утверждении норматива запаса по видам пестицидов и Правил его использования»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 23 сентября 2015 года № 15-05/844 «Об утверждении норматива запаса по видам пестицидов и Правил его использования»
- Атауы (қаз.)
- «Пестицидтердің түрлері бойынша қор нормативін және оны пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қыркүйектегі № 15-05/844 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 224
- Қабылданған күні
- 11.07.2022
- Көрсетілген редакция
- 11.07.2022 169776_583120.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.07.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200028778
- ЭКБ идентификаторы
- 169776
- Редакция идентификаторы
- 169776_583120
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 01:05
0 «Пестицидтердің түрлері бойынша қор нормативін және оны
пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қыркүйектегі № 15-05/844 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Пестицидтердің түрлері бойынша қор нормативін және оны пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қыркүйектегі № 15-05/844 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12332 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген пестицидтердің түрлері бойынша қор нормативі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пестицидтер қорын пайдалану қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Пестицидтер қорын пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабы 21) тармақшасына сәйкес әзірленді және пестицидтер қорын пайдалану тәртібін айқындайды.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Пестицидтер қорын жаңарту Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес тиісті бюджеттік бағдарламадағы шығыстар бағыты бойынша сомалар шегінде жыл сайын сатып алынатын пестицидтер көлемінен жүзеге асырылады.».
2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
1 Пестицидтердің түрлері бойынша қор нормативі
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2022 жылғы 11 шілдедегі
№ 224 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 15-05/844 бұйрығына
1-қосымша
Пестицидтердің түрлері бойынша қор нормативі
Р/с №
Аса қауіпті зиянды организмнің атауы
Болжамды алаңдағы қор пайызы, дейін
1
2
3
1
Шегіртке тектестер (азиялық, марокколық және италиялық прус)
75