О внесении изменений в постановление акимата Мангистауской области от 23 июля 2015 года № 207 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере культуры»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Мангистауской области от 23 июля 2015 года № 207 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере культуры»
- Атауы (қаз.)
- Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 шілдедегі № 207 «Мәдениет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 324
- Қабылданған күні
- 25.10.2016
- Көрсетілген редакция
- 20.03.2020 107777_450339.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.03.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16M0003195
- ЭКБ идентификаторы
- 107777
- Редакция идентификаторы
- 107777_450339
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:26
0 Маңғыстау облысы әкімдігінің
2015 жылғы 23 шілдедегі № 207
«Мәдениет саласындағы мемлекеттік
көрсетілетін қызметтер регламенттерін
бекіту туралы» қаулысына өзгерістер
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы «Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті органның кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» № 757 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 12939 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық- құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 05 ақпанда жарияланған) сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 шілдесіндегі № 207 «Мәдениет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 2808 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық- құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 02 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
«Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 4 тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау»;
«Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 4 тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау».
2 2. «Маңғыстау облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Б.Т. Базарбаев) осы қаулының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.Ғ. Нұрғазиеваға жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Маңғыстау облысының мәдениет
Басқармасының басшысы
____________________ Б.Т. Базарбаев
«25» 10 2016 ж.