О внесении изменений в постановление акимата Шемонаихинского района от 23 ноября 2015 года № 316 «Об определении целевых групп населения, проживающих на территории Шемонаихинского района на 2016 год»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Шемонаихинского района от 23 ноября 2015 года № 316 «Об определении целевых групп населения, проживающих на территории Шемонаихинского района на 2016 год»
- Атауы (қаз.)
- «2016 жылға Шемонаиха ауданы аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы» Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 316 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 05
- Қабылданған күні
- 11.01.2016
- Көрсетілген редакция
- 20.04.2016 98477_71100.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.04.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16VS004390
- ЭКБ идентификаторы
- 98477
- Редакция идентификаторы
- 98477_71100
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 11:13
0 «2016 жылға Шемонаиха ауданы аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы» Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 316 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21- бабына сәйкес, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы Заңының негізінде Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «2016 жылға Шемонаиха ауданы аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы» Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 316 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 07 желтоқсанда 4260 нөмірімен тіркеліп, «ЛЗ-Сегодня» газетінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 52 санында жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 2) және 3) тармақшалары келесі редакцияда жазылсын:
«2) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар;».