Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение маслихата от 23 ноября 2015 года № 324 «О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов»

Өзге акт · № 414 · қабылданған 03.07.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/23-2015-no-324/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в решение маслихата от 23 ноября 2015 года № 324 «О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов» Күшін жойған Өзге акт ·№ 414 ·03.07.2020
14.10.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.10.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение маслихата от 23 ноября 2015 года № 324 «О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов»

Күшін жойған Өзге акт ·№ 414 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение маслихата от 23 ноября 2015 года № 324 «О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов»
Атауы (қаз.)
Мәслихаттың 2015 жылғы 23 қарашадағы № 324 «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
414
Қабылданған күні
03.07.2020
Көрсетілген редакция
14.10.2021 144576_544592.kaz
Соңғы өзгеріс
14.10.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20NM009313
ЭКБ идентификаторы
144576
Редакция идентификаторы
144576_544592
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 13:42

0 Мәслихаттың 2015 жылғы 23 қарашадағы № 324 «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық - педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Мәслихаттың «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы № 324 шешіміне (2015 жылғы 15 желтоқсанда «Қарасу өңірі» аудандық газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6045 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қазақ тіліндегі тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы»;
көрсетілген шешімнің қазақ тіліндегі 2-тармағының бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«2. Мыналар:»;
көрсетілген шешімнің қазақ тіліндегі 2-тармағының 1), 4) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«1) кемтар балаларды оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу «Қарасу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады;»;
«4) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тиісті оқу жылы ішінде өтініш берген айдан бастап тағайындалады және әрбір кемтар балаға төленеді деп белгіленсін.»;
көрсетілген шешімнің 2-тармағының 2), 3) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
«2) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үйде оқытылатын кемтар балалардың ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне (бұдан әрі – алушы) беріледі;
3) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін алушы мынадай құжаттарды:
өтінішті;
алушының жеке басын куәландыратын құжатты (жеке басын сәйкестендіру үшін);
психологиялық - медициналық - педагогикалық консультацияның қорытындысын;
мүгедектігі туралы анықтаманы;
банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді растайтын құжатты;
оқу орнының мүгедек баланы үйде оқыту фактісін растайтын анықтамасын ұсынады.
Құжаттарды салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары алушыға қайтарылады;».

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы