Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Алматинской области от 23 июля 2015 года № 327 "Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере архитектуры, градостроительства и строительства"

Қаулы · № 204 · қабылданған 19.04.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/23-2015-no-327/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Алматинской области от 23 июля 2015 года № 327 "Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере архитектуры, градостроительства и строительства" Күшін жойған Қаулы ·№ 204 ·19.04.2016
08.02.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.02.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Алматинской области от 23 июля 2015 года № 327 "Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере архитектуры, градостроительства и строительства"

Күшін жойған Қаулы ·№ 204 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Алматинской области от 23 июля 2015 года № 327 "Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере архитектуры, градостроительства и строительства"
Атауы (қаз.)
Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 шілдедегі № 327 "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
204
Қабылданған күні
19.04.2016
Көрсетілген редакция
08.02.2017 102530_167977.kaz
Соңғы өзгеріс
08.02.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16D0003827
ЭКБ идентификаторы
102530
Редакция идентификаторы
102530_167977
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 09:31

0 Алматы облысы әкімдігінің

2015 жылғы 23 шілдедегі
№ 327 «Сәулет, қала құрылысы
және құрылыс саласындағы
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламенттерін
бекіту туралы» қаулысына
өзгерістер енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына, «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 276 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 25 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының бұйрығына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Облыс әкімдігінің 2015 жылғы 23 шілдедегі «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» № 327 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылдың 7 тамызда № 3329 тіркелген, 2015 жылғы 20 тамыздағы № 94 «Жетісу» мен «Огни Алатау» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген регламенттерде:
бүкіл мәтін бойынша «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – орталық)», «Орталықпен», «Орталыққа», «Орталық» деген сөздер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация)», «Мемлекеттік корпорациямен», «Мемлекеттік корпорацияға», «Мемлекеттік корпорация» деген сөздермен ауыстырылсын.

2

2. «Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және облыс әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің орынбасары Ғ. Р. Абдраймовқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы