О внесении изменений в решение маслихата от 23 июля 2015 года № 333 «О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата от 23 июля 2015 года № 333 «О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов»
- Атауы (қаз.)
- Мәслихаттың 2015 жылғы 23 шілдедегі № 333 «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 383
- Қабылданған күні
- 22.05.2020
- Көрсетілген редакция
- 22.05.2020 143256_463368.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.05.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20NF009220
- ЭКБ идентификаторы
- 143256
- Редакция идентификаторы
- 143256_463368
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 14:23
0 Мәслихаттың 2015 жылғы 23 шілдедегі № 333 «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық– педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 4) тармақшасына сәйкес Амангелді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Мәслихаттың «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы» 2015 жылғы 23 шілдедегі № 333 шешіміне (2015 жылғы 20 тамызда «Әділет» ақпараттық – құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5802 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 2-тармағының 2), 3) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
«2) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үйде оқытылатын кемтар балалардың ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне (бұдан әрі – алушы) беріледі;
3) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін алушы мынадай құжаттарды:
өтінішті;
алушының жеке басын куәландыратын құжатты (жеке басын сәйкестендіру үшін);
психологиялық - медициналық - педагогикалық консультацияның қорытындысын;
мүгедектігі туралы анықтаманы;
банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді растайтын құжатты;
оқу орнының мүгедек баланы үйде оқыту фактісін растайтын анықтамасын ұсынады.
Құжаттарды салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары алушыға қайтарылады;».