О внесении изменений в решение маслихата от 23 июля 2015 года № 333 "О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата от 23 июля 2015 года № 333 "О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов"
- Атауы (қаз.)
- Мәслихаттың 2015 жылғы 23 шілдедегі № 333 "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 365
- Қабылданған күні
- 23.12.2015
- Көрсетілген редакция
- 23.12.2015 97879_44288.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.12.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15NF006141
- ЭКБ идентификаторы
- 97879
- Редакция идентификаторы
- 97879_44288
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 11:41
0 Мәслихаттың 2015 жылғы 23 шілдедегі №333 «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Амангелді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Мәслихаттың 2015 жылғы 23 шілдедегі №333 «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5802 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 тамызда «Аманкелді арайы» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды (бұдан әрі - кемтар балалар) үйде оқытуға жұмсаған шығындары (бұдан әрі - оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) жеке оқыту жоспары бойынша ай сайын алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өндірілсін.»;
көрсетілген шешімнің 2-тармағы 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«3) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін көрсетілетін қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынады:
өтініш;
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;
тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімінің анықтамасы);
психологиялық - медициналық - педагогикалық консультацияның қорытындысы;
мүгедектігі туралы анықтама;
банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді растайтын құжат;
мүгедек баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы.
Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады;».
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таратады.
КЕЛІСІЛДІ
«Амангелді ауданы әкімдігінің жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
басшысының міндетін атқарушы
_________________________ А.Ибраев
2015 жылғы «23» желтоқсан