О внесении дополнений и изменения в решение маслихата города Алматы от 23 июля 2015 года № 347 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в городе Алматы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений и изменения в решение маслихата города Алматы от 23 июля 2015 года № 347 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в городе Алматы»
- Атауы (қаз.)
- Алматы қаласы мәслихатының 2015 жылғы 23 шілдедегі № 347 «Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 463
- Қабылданған күні
- 23.06.2020
- Көрсетілген редакция
- 08.12.2023 144282_671942.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.12.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20R0001623
- ЭКБ идентификаторы
- 144282
- Редакция идентификаторы
- 144282_671942
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 13:57
0 Алматы қаласы мәслихатының 2015 жылғы 23 шілдедегі № 347
«Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның
мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық
актілер туралы» Заңына сәйкес, VI сайланған Алматы қаласының
мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алматы қаласы мәслихатының 2015 жылғы 23 шілдедегі № 347 «Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1194 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 тамызда «Алматы Ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) келесі толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларындағы:
3-тармақ келесі мазмұндағы 14 және 15-тармақшалармен толықтырылсын:
«14) Алматы қаласы ЖИТС орталығы – Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
15) АИТВ – адамның иммун тапшылығы вирусы.»;
келесі мазмұндағы 20-2 тармақпен толықтырылсын:
«20-2. Алматы қаласының ЖИТС орталығында диспансерлік есепте тұрған, АИТВ инфекциясы бар балаларға әлеуметтік көмек отбасының табысын есепке алмағанда жыл сайын Республикалық ең төменгі күнкөріс деңгейінің
2 (екі) есе мөлшерінде ай сайынғы төлеммен тағайындалады.
Алматы қаласының ЖИТС орталығында диспансерлік есепте тұрған АИТВ жұқтырған балалар үшін ата-аналары (заңды өкілдері) әлеуметтік көмек тағайындау туралы өтініш беруге құқылы. Заңды өкілдері тиісті органның бала (қыз) асырап алу немесе балаларға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірмені қоса береді.»;
21-тармақ келесі мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:
«18-1) Алматы қаласының ЖИТС орталығында диспансерлік есепте тұрған АИТВ-инфекциясын жұқтырған балалар.»;
36-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«36. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы ай сайын 29-на дейін Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасына АИТВ-инфекциясын жұқтырған балалардың тізімін, амбулаториялық емдеу кезеңіндегі туберкулезбен ауыратын адамдардың тізімін, «Каменское Плато» туберкулезге қарсы санаторийіне стационарлық емдеуге жіберілген туберкулезбен ауыратын адамдардың тізімін және 7 күннен астам уақыт емделуден қол үзіп қалған туберкулезбен ауыратын адамдардың тізімін ұсынады.».