Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 23 января 2015 года № 37 «Об утверждении Правил выдачи комплексных экологических разрешений и перечня типов промышленных объектов, для которых возможно получение комплексных экологических разрешений вместо разрешений на эмиссии в окружающую среду»

Бұйрық · № 3 · қабылданған 11.01.2021
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/23-2015-no-37/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 23 января 2015 года № 37 «Об утверждении Правил выдачи комплексных экологических разрешений и перечня типов промышленных объектов, для которых возможно получение комплексных экологических разрешений вместо разрешений на эмиссии в окружающую среду» Күшін жойған Бұйрық ·№ 3 ·11.01.2021
11.10.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.10.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 23 января 2015 года № 37 «Об утверждении Правил выдачи комплексных экологических разрешений и перечня типов промышленных объектов, для которых возможно получение комплексных экологических разрешений вместо разрешений на эмиссии в окружающую среду»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 3 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 23 января 2015 года № 37 «Об утверждении Правил выдачи комплексных экологических разрешений и перечня типов промышленных объектов, для которых возможно получение комплексных экологических разрешений вместо разрешений на эмиссии в окружающую среду»
Атауы (қаз.)
«Кешенді экологиялық рұқсаттар беру қағидаларын және қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттардың орнына кешенді экологиялық рұқсаттар алу мүмкін болатын өнеркәсіп объектілері үлгілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 37 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
3
Қабылданған күні
11.01.2021
Көрсетілген редакция
11.10.2021 151697_540421.kaz
Соңғы өзгеріс
11.10.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100022060
ЭКБ идентификаторы
151697
Редакция идентификаторы
151697_540421
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 09:55

0

«Кешенді экологиялық рұқсаттар беру қағидаларын және қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттардың орнына кешенді экологиялық рұқсаттар алу мүмкін болатын өнеркәсіп объектілері үлгілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 37 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17-бабының 30) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Кешенді экологиялық рұқсаттар беру қағидаларын және қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттардың орнына кешенді экологиялық рұқсаттар алу мүмкін болатын өнеркәсіп объектілері үлгілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 37 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10737 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 маусымда «Әділет» ақпараттық – құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес, көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кешенді экологиялық рұқсаттарды беру қағидалары жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттардың орнына кешенді экологиялық рұқсаттар алу мүмкін болатын өнеркәсіп объектілері үлгілерінің тізбесінде:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Энергетика саласының өнеркәсіптік объектілері:
1) 50 мегаватттан (бұдан әрі – МВт) астам жылу қуатын номиналды тұтынатын қоқыс жағу қондырғылары;
2) мұнай және газ өңдеу зауыттары;
3) кокс пештері;
4) көмірді газдауға және газды сұйылтуға арналған қондырғылар;
5) қуаты 50 МВТ жоғары жылу электр станциялары және қуаты сағатына 200 гигакаллорийден жоғары жылу энергиясын шығаратын энергетикалық отынды жағу жөніндегі қазандық қондырғылар.».

2 2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде берілген тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

0 Кешенді экологиялық рұқсатты беру қағидалары

Қазақстан Республикасының
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрінің
2021 жылғы 11 қаңтардағы
№ 3
бұйрыққа қосымша
Кешенді экологиялық рұқсатты беру қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы «Кешенді экологиялық рұқсатты беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17-бабының 30) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Кешенді экологиялық рұқсатты беру» (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) мемлекеттік қызмет көрсету және кешенді экологиялық рұқсатты беру тәртібін белгілейді.

2 2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

3 3. Қызмет жеке және (немесе) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.

4 4. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1

1) кешенді экологиялық рұқсат – табиғат пайдаланушының ең озық қолжетімді технологияларды (бұдан әрі – ОҚТ) енгізу және Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгіленген эмиссиялардың техникалық үлестік нормативтерін (бұдан әрі – ТҮН) сақтау шартымен қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыру құқығын куәландыратын бірыңғай құжат;

2

2) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;

3 3) жеке кабинет – көрсетілетін қызметті алушының авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді және олардың өзгерістерін енгізу үшін өтініш беруге арналған электрондық кабинеті;

4 4) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.

2 2-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі

5

5. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы мынадай құжаттарды қоса бере отырып, кешенді экологиялық рұқсат алуға өтініш береді:
эмиссиялар нормативтерінің жобаларына мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындыларының электрондық көшірмелерін (ақпараттық жүйеде мәліметтер болмаған жағдайда);
ең озық қолжетімді технологияларды енгізу бағдарламасының электрондық көшірмесі;
шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын табиғат пайдаланушылар үшін міндетті экологиялық сақтандыру шарты түпнұсқасының электрондық көшірмесі.
Ең озық қолжетімді технологияларды енгізуді жоспарлайтын көрсетілетін қызметті алушы өтініш беруді қоршаған ортаға эмиссияларға арналған қолданыстағы рұқсаттың мерзімі аяқталғанға дейін не жаңа объектіні (жаңа қызметті) пайдалануға бергенге дейін төрт айдан кешіктірмей жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес «кешенді экологиялық рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында жазылған.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі өтініш келіп түскен күні қоса берілген құжаттармен бірге порталда тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына жібереді.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, қоршаған ортаға әсерді бағалау материалдарымен және эмиссиялар нормативтерімен бірге көзделіп отырған қызмет жобаларына мемлекеттік экологиялық сараптаманың рұқсаттары, қорытындылары туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды тіркеген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде олардың толықтығына тексереді. Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттар ұсынылған жағдайда, бас тарту себептерін дәлелді негіздей отырып, көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында қараудан бас тарту жіберіледі.
Құжаттар топтамасы толық болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтініш тіркелген күннен бастап 2 (екі) ай ішінде осы Қағидалардың 6-тармағының талаптарына сәйкестігін қарайды. Осы мерзім өткеннен кейін көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кешенді экологиялық рұқсат немесе көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды береді.
Көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салуды қарау мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында сақталады.

6 6. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіздер:

1 1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

2 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі;

3 3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы болып табылады.

7 7. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректердің мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

3 3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

8

8. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қатысты шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысына осы Қағидалардың 3-қосымшасының 7-тармағында көрсетілген мекен-жай бойынша жіберіледі.
Шағым жазбаша нысанда почта арқылы, портал арқылы немесе қолма-қол көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жұмыс күндері беріледі.
Шағымда:

1 1) жеке тұлғаның – оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), пошталық мекен-жайы, байланыс телефоны көрсетіледі;

2 2) заңды тұлғаның - оның атауы, почтасының мекен-жайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қойылады.

Шағымның қабылданғанын растау - шағымды қабылдаған адамның аты-жөні, шағымға жауап алу уақыты мен орны көрсетілген, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) тіркеу болып табылады.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары арқылы алуға болады.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» көрсетілетін қызметті берушімен өтінімді өңдеу барысында (жеткізу белгісі, тіркеу, орындау, қарау туралы жауап немесе қарауға қабылдаудан бас тарту туралы) жаңартылатын өтінім туралы ақпарат қол жетімді.
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің атына түскен шағымы Заңның 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес:
мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті беруші оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекен-жайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы, тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:

1 1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

2 2) қосымша ақпарат алу үшін.

Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш берушіге ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

9 9. Көрсетілетін қызметті беруші шешімнің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Заңның 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.

4 4-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету ерекшеліктерін ескеретін өзге де талаптар

10

10. Кешенді экологиялық рұқсат көрсетілетін қызметті алушымен қоршаған ортаға эмиссияларды төмендетуді және табиғи ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыруды көздейтін ең озық қолжетімді технологияларды кезең-кезеңімен енгізуді жоспарлаған жағдайларда немесе өтінім берген сәтте бекітілген ТҮН сақталған кезде қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттың орнына беріледі.

11 11. Эмиссиялар нормативтерінің жобалары кешенді экологиялық рұқсаттың ажырамас бөлігі болып табылады.

12

12. Кешенді экологиялық рұқсатқа енгізілетін ең озық қолжетімді технологиялар «ең озық қолжетімді технологиялар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 155 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 29 қаңтарда № 10166 болып тіркелген) ең озық қолжетімді технологиялар тізбесінің біреуіне немесе бірнешеуінің жиынтығына сәйкес келуі тиіс.

13 13. Тиісті ТҮН мен табиғат пайдалану шарттары ағымдағы жағдайға (өтінім беру сәтіне) және ең озық қолжетімді технологияларға көшуді аяқтау сәтіне арналған кешенді экологиялық рұқсатта көрсетіледі.

14

14. Егер Қазақстан Республикасында кешенді экологиялық рұқсат алуға өтінім берген кезде көрсетілетін қызметті алушы жүзеге асыратын өндірістік процестің түрі бойынша эмиссиялардың техникалық үлестік нормативтері бекітілген жағдайда, кешенді экологиялық рұқсатта оларға қол жеткізу жөніндегі шарттар белгіленеді.

15

15. Кешенді экологиялық рұқсаттың қолданылу кезеңінде көрсетілетін қызметті алушы тиісті мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындыларын бұрын ұсынылған қолданылу мерзімі өткен жағдайда немесе жобалау құжаттамасы түзетілген жағдайда көрсетілетін қызметті берушіге уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді.

1 Кешенді экологиялық рұқсатты беру қағидаларына

1-қосымша
Нысан
____________________________________________
(Мемлекеттік органның атауы)
___________________________________________________________________
(табиғат пайдаланушының атауы)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(өтініш иесі-ұйымның заңды мекенжайы немесе жеке тұлғаның мекенжайы)
1. Жалпы ақпарат
Байланыс телефоны,факс_____________________________________________
Өтінім берілетін өндірістік объектінің атауы
___________________________________________________________________
Табиғат пайдаланушының санаты (өндірістік объектінің қауіптілік сыныбы)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Жеке сәйкестендіру нөмірі / бизнес сәйкестендіру нөмірі
___________________________________________________________________

2 2. Табиғат пайдалану жүзеге асырылатын өнеркәсіптік алаңдардың орналасқан жері туралы деректер:

1-кесте
Өнеркәсіптік алаңдардың орналасуы туралы деректер
Өнер­к­ә­сіп­тік алаң­ның нө­мі­рі
Өнер­к­ә­сіп­тік алаң­ның ата­уы
Об­лыс
Аудан, ел­ді ме­кен
Ко­ор­ди­нат­тар, град. мин. сек.
Ала­тын ау­ма­ғы, га
ен­дік
бой­лық
1
2
3
4
5
6
7

3 3. Ластаушы заттар шығарындыларының, төгінділерінің және орналастырылатын қалдықтардың сұралатын көлемі.

Ескертпе:
3-тармақтың кестелерін толтыру кезінде «а» әріптік белгісі бар кестелерде кешенді экологиялық рұқсаттар алуға өтінім беру сәтіндегі қолданыстағы жобалау-нормативтік құжаттаманың көрсеткіштерін көрсету қажет. Егер кешенді экологиялық рұқсат алуға өтінім берген сәтте кәсіпорын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен өндірістік процестің түрі бойынша техникалық үлестік нормативтерге (ТҮН) жетпеген жағдайда, кәсіпорын оларға қол жеткізу жөніндегі шарттарды белгілейді және ең озық қолжетімді технологияларды (ОҚТ) енгізу бағдарламасын әзірлейді. Бұл ретте кәсіпорын «а» әріптік белгісі бар кестелерде көрсетілген ОҚТ енгізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезеңінде ТҮН қамтамасыз етуге міндеттенеді.
«Ең озық қолжетімді технологияларға көшу бағдарламасы» деген 10-кестеде көрсетілген жұмыстарды іске асырғаннан кейін кәсіпорын «б» әріптік белгісі бар кестелерде көрсетілген нормативтерге қол жеткізуі және одан әрі сақтауы қажет, бұл ретте осы кестелер тиісті саланың ТҮН-да бекітілген көрсеткіштерінен аспауы тиіс.
2-кесте. Атмосфералық ауаға ластаушы заттар шығарындыларының көздері

1 1) өтінім беру сәтіне

Өн­ді­ріс
Цех
Ла­ста­у­шы затты бө­ле­тін көз­дің ата­уы
Құ­ры­л­ғы­ның жұ­мыс іс­теу уа­қы­ты, с/ж
Зи­ян­ды заттар шы­ға­рындыс ы кө­зі­нің ата­уы
Жүй­е­лі кар­та­ның нө­мі­рі
Шы­ға­рын­ды кө­зі­нің би­ік­ті­гі, м
Құ­быр ауы­зы­ның диа­мет­рі, м
Газ ауа қо­с­па­ның па­ра­метр­ле­рі
Ла­ста­у­шы заттың ата­уы
Ла­ста­у­шы заттар­дың кон­цен­тра­ци­я­сы мг / нм3 және олар­дың шы­ға­рын­ды­ла­ры, г / с
Жыл­дамды­ғы,с/м
Бір құ­быр­ға кө­ле­мі, м3/с
Тем­пе­ра­ту­ра, 0С
г/с
мг/нм3
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14

2 2) ең озық қолжетімді технологияларға көшуді аяқтау сәтіне

Өн­ді­ріс
Цех
Ла­ста­у­шы затты бө­ле­тін көз­дің ата­уы
Құ­ры­л­ғы­ның жұ­мыс іс­теу уа­қы­ты, с/ж
Зи­ян­ды заттар шы­ға­рындыс ы кө­зі­нің ата­уы
Жүй­е­лі кар­та­ның нө­мі­рі
Шы­ға­рын­ды кө­зі­нің би­ік­ті­гі, м
Құ­быр ауы­зы­ның диа­мет­рі, м
Газ ауа қо­с­па­ның па­ра­метр­ле­рі
Ла­ста­у­шы заттың ата­уы
Ла­ста­у­шы заттар­дың кон­цен­тра­ци­я­сы мг / нм3 және олар­дың шы­ға­рын­ды­ла­ры, г / с
Жыл­дамды­ғы,с/м
Бір құ­быр­ға кө­ле­мі, м3/с
Тем­пе­ра­ту­ра, 0С
г/с
мг/нм3
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
Ескертпе:
«Атмосфералық ауаға ластаушы заттар шығарындыларының көздері» 2-кестеде қоршаған ортаға теріс әсер ететін объектіде қолданылатын технологиялар мен өндірістік процестің ерекшеліктерін сипаттайтын негізгі заттар тізбесімен атмосфералық ауаны ластаудың негізгі көздері бойынша деректерді көрсету қажет. Кестені толтырған кезде кәсіпорынның негізгі өндірісі бөліністерінің атауын енгізу, негізгі көздер жататын цехтың немесе учаскенің атауын көрсету, газ-ауа қоспасы шығарындысының негізгі параметрлерін, ластаушы заттардың тізбесін және шоғырлануы мен шығарындыларын (қажет болған кезде солардың атауы бар бағандарды көлденең қоса отырып) бекітілген ТҮН-ге сәйкес енгізу керек.
3-кесте. Газ тазартушы қондырғылардың сипаттамасы

а а) өтінім беру сәтіне

Газ та­зар­ту­шы қон­дыр­ғы­лар­дың ата­уы
Олар бой­ын­ша та­зар­ту жүр­гі­зі­ле­тін заттар
Газ та­зар­ту­мен қам­та­ма­сыз еті­лу ко­эф­фи­ци­ен­ті
Та­зар­ту­дың ор­та­ша пай­да­ла­ну дә­ре­же­сі/ та­зар­ту­дың ең жо­ғар­ғы дә­ре­же­сі
Ла­ста­у­шы затты бө­ле­тін көз дің ата­уы
Кар­та-схе­ма­да­ғы нө­мі­рі
1
2
3
4
5
6

б б) ең озық қолжетімді технологияларға көшуді аяқтау сәтіне

Газ та­зар­ту­шы қон­дыр­ғы­лар­дың ата­уы
Олар бой­ын­ша та­зар­ту жүр­гі­зі­ле­тін заттар
Газ та­зар­ту­мен қам­та­ма­сыз еті­лу ко­эф­фи­ци­ен­ті
Та­зар­ту­дың ор­та­ша пай­да­ла­ну дә­ре­же­сі/ та­зар­ту­дың ең жо­ғар­ғы дә­ре­же­сі
Ла­ста­у­шы затты бө­ле­тін көз дің ата­уы
Кар­та-схе­ма­да­ғы нө­мі­рі
1
2
3
4
5
6
Ескертпе:
«Газ тазартушы қондырғылардың сипаттамасы» 3-кестеде кәсіпорынның 2-кестеде ұсынылған негізгі ластау көздерінен шығатын газ-ауа қоспасын тазарту үшін орнатылған тазарту құрылысжайлары бойынша деректерді енгізу қажет.
4-кесте. Атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының көлемі

а а) өтінім беру сәтіне

Ла­ста­у­шы заттың ата­уы
Өн­ді­ріс кө­ле­мі
Ат­мо­сфе­ра­ға ла­ста­у­шы заттар­дың шы­ға­рын­ды­ла­ры, тон­на/жыл
Тех­ни­ка­лық үле­стік нор­ма­тив­тер
өл­шем бір­лік­те­рі
Көр­сет­кіш
өл­шем бір­лік­те­рі
ағым­да­ғы көр­сет­кіш­тер
ТҮН-нің бе­кі­ті­л­ген мән­де­рі
1
2
3
4
5
6
7
Жиы­ны

б б) ең озық қолжетімді технологияларға көшуді аяқтау сәтіне

Ла­ста­у­шы заттың ата­уы
Өн­ді­ріс кө­ле­мі
Ат­мо­сфе­ра­ға ла­ста­у­шы заттар­дың шы­ға­рын­ды­ла­ры, тон­на/жыл
Тех­ни­ка­лық үле­стік нор­ма­тив­тер
өл­шем бір­лік­те­рі
Көр­сет­кіш
өл­шем бір­лік­те­рі
қол жет­кі­зі­л­ген ТҮН
ТҮН-нің бе­кі­ті­л­ген мән­де­рі
1
2
3
4
5
6
7
Жиы­ны
Ескертпе:
«Атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының көлемі» 4-кестеде бүкіл кәсіпорыннан немесе негізгі ластау көздерінен түзілетін бекітілген ТҮН-ге сәйкес (тиісті саланың белгіленген техникалық үлестік нормативтеріне қарай) тізбеге сай ластаушы заттардың жалпы шығарындыларының деректерін көрсету және кәсіпорынның жалпы өнімділігіне эмиссиялардың үлестік көрсеткіштерін есептеуді жүргізу талап етіледі.
5-кесте. Ластаушы заттардың сарқынды сулармен төгінділерінің көлемдері

а а) өтінім беру сәтіне

Заттың ата­уы
Ла­ста­у­шы заттар­дың тө­гін­ді­сі
Тех­ни­ка­лық үле­стік нор­ма­тив­тер
мг/л
тон­на/жыл
өл­шем бір­лік­те­рі
ағым­да­ғы көр­сет­кіш­тер
ТҮН-нің бе­кі­ті­л­ген мән­де­рі
1
2
3
4
5
6
№ 1 шы­ға­ры­лым бой­ын­ша
Бар­лы­ғы, оның ішін­де ин­гре­ди­ент­тер бой­ын­ша
№ 2 шы­ға­ры­лым бой­ын­ша
Бар­лы­ғы, оның ішін­де ин­гре­ди­ент­тер бой­ын­ша
Жиы­ны

б б) ең озық қолжетімді технологияларға көшуді аяқтау сәтіне

Заттың ата­уы
Ла­ста­у­шы заттар­дың тө­гін­ді­сі
Тех­ни­ка­лық үле­стік нор­ма­тив­тер
мг/л
тон­на/жыл
өл­шем бір­лік­те­рі
қол жет­кі­зі­л­ген ТҮН
ТҮН-нің бе­кі­ті­л­ген мән­де­рі
1
2
3
4
5
6
№ 1 шы­ға­ры­лым бой­ын­ша
Бар­лы­ғы, оның ішін­де ин­гре­ди­ент­тер бой­ын­ша
№ 2 шы­ға­ры­лым бой­ын­ша
Бар­лы­ғы, оның ішін­де ин­гре­ди­ент­тер бой­ын­ша
Жиы­ны
Ескертпе:
«Ластаушы заттардың сарқынды сулармен төгінділерінің көлемдері» «а» таңбалануы бар 5-кестеде деректерді өтінім беру кезіне белгіленген шекті жол берілетін төгінділерге сәйкес, олардың төгіндісінің көлемдерімен енгізу қажет. «Техникалық үлестік нормативтер» деген бағанда кәсіпорынның жалпы өнімділігіне арналған есепке сәйкес мәндерді, сондай-ақ бекітілген ТҮН-ді енгізу қажет.
6-кесте. Қалдықтарды орналастыру көлемдері

а а) өтінім беру сәтіне

Қал­дық­тың ата­уы
Қал­дық­ты ор­на­ла­сты­ру ор­ны
Өн­ді­ріс кө­ле­мі
Ор­на­ла­сты­ру кө­ле­мі,
мың тон­на
Тех­ни­ка­лық үле­стік нор­ма­тив­тер
өл­шем бір­лік­те­рі
көр­сет­кіш
өл­шем бір­лік­те­рі
ағым­да­ғы көр­сет­кіш­тер
ТҮН-нің бе­кі­ті­л­ген мән­де­рі
1
2
3
4
5
6
7
8
Өзге­лер
Жиы­ны

б б) ең озық қолжетімді технологияларға көшуді аяқтау сәтіне

Қал­дық­тың ата­уы
Қал­дық­ты ор­на­ла­сты­ру ор­ны
Өн­ді­ріс кө­ле­мі
Ор­на­ла­сты­ру кө­ле­мі,
мың тон­на
Тех­ни­ка­лық үле­стік нор­ма­тив­тер
өл­шем бір­лік­те­рі
көр­сет­кіш
өл­шем бір­лік­те­рі
қол жет­кі­зі­л­ген ТҮН
ТҮН-нің бе­кі­ті­л­ген мән­де­рі
1
2
3
4
5
6
7
8
Өзге­лер
Жиы­ны
Ескертпе:
«Қалдықтарды орналастыру көлемдері» 6-кестені толтырған кезде арнайы жабдықталған полигондарда немесе жерасты кеңістіктерде орналастыру үшін бөгде кәсіпорындардан алынатын тиісті қалдықтарды ескере отырып, бекітілген ТҮН қалдықтар тізбесіне сәйкес орналастыруға жататын бүкіл кәсіпорынның қалдықтары бойынша деректерді келтіру және жиынтық көлемді «Орналастыру көлемі, мың тонна» деген 4-бағанға жылына тоннамен енгізу қажет. Сонымен қатар, бүкіл кәсіпорынның белгіленген өндіріс көлемін ескере отырып, қалдықтарды орналастырудың үлестік көрсеткішін айқындау бойынша есептеу жүргізу қажет.

4 4. Ресурс тұтыну бойынша ақпараттық деректер

Ескертпе:
Шикізаттың, материалдардың/заттардың, энергия ресурстарының тізбесін анықтама ретінде көрсету қажет.
7-кесте. Ресурс тұтыну бойынша ақпараттық деректер

а а) өтінім беру сәтіне

Ши­кі­заттың, ма­те­ри­ал­дың/заттың, энер­гия ре­сур­сы­ның ата­уы
Тұ­ты­ну кө­ле­мі
өл­шем бір­лі­гі
көр­сет­кіш
1
2
3

б б) ең озық қолжетімді технологияларға көшуді аяқтау сәтіне

Ши­кі­заттың, ма­те­ри­ал­дың/заттың, энер­гия ре­сур­сы­ның ата­уы
Тұ­ты­ну кө­ле­мі
өл­шем бір­лі­гі
көр­сет­кіш
1
2
3
Ескертпе:
«Ресурс тұтыну бойынша ақпараттық деректер» 7-кестеге кәсіпорынның өндірістік процесі барысында талап етілетін бүкіл пайдаланылатын шикізаттың, материалдардың, энергияның, отынның тізбесін енгізу қажет.

5 5. Төтенше жағдайларға дайындық

8-кесте. Төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл бағдарламасы
Тө­тен­ше жағ­дай­дың тү­рі
Қор­ша­ған ор­та­ны және ха­лық­тың ден­са­улы­ғын қор­ғау жө­нін­де­гі іс-қи­мыл­дар
Жа­у­ап­ты
1
2
3

6 6. Ең озық қолжетімді технологияларды енгізу мерзімдері мен шарттары

Ескертпе:
Бұл тұрғыдан алғанда, ең озық қолжетімді технологиялар Қазақстан Республикасында белгіленген техникалық үлестік нормативтерді қамтамасыз етуге дейін шаруашылық қызметтің қоршаған ортаға теріс әсерінің деңгейін төмендетуге бағытталған ұйымдастыру және басқару шараларын қамтамасыз ететін салалық технологиялар, техника мен жабдықтар пайдаланылатын және / немесе жоспарланатын кәсіпорын болып табылады.
Ең озық қолжетімді технологиялар ғылым мен техниканың қазіргі заманғы жетістіктері және оны қолданудың техникалық мүмкіндігі болған жағдайда қоршаған ортаны қорғау мақсаттарына қол жеткізу өлшемшарттарының ең үздік үйлесімі негізінде айқындалады.
9-кесте. Кәсіпорында қолданылатын ең озық қолжетімді технологиялар
Қол­да бар тех­но­ло­ги­я­ның ата­уы
ОҚТ-ны ен­гі­зу әсе­рі­нің тү­рі
Ен­гі­зу жы­лы
Ен­гі­зі­ле­тін тех­но­ло­ги­я­лар­дың ОҚТ са­на­ты­на жа­та­ты­нын рас­тау
1
2
3
4
Ескертпе:
«Кәсіпорында қолданылатын ең озық қолжетімді технологиялар» атты 9-кестеде ең озық қолжетімді технологиялар ретінде сәйкестендіруге болатын, қолданылуы кешенді экологиялық қорытындыға өтінім бергенге дейінгі мерзімде кәсіпорында эмиссиялардың және/немесе ресурс сыйымдылығының төмендеуіне қол жеткізуге мүмкіндік берген қолда бар технологияларды санамалау қажет. Бұл ретте 4-бағанда «Ең озық қолжетімді технологиялар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 155 бұйрығына сәйкес ОҚТ көрсетілген нормативтік құжаттың атауын енгізу қажет (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 29 қаңтарда № 10166 болып тіркелген).
10-кесте. Ең озық қолжетімді технологияларды енгізу бағдарламасы
Ен­гі­зі­ле­тін тех­но­ло­ги­я­ның ата­уы
Жос­пар­ла­нып отыр­ған ОҚТ-ны ен­гі­зу әсе­рі­нің бо­лжал­ды тү­рі
Ен­гі­зу мер­зі­мі, жыл
Бо­лжал­ды құ­ны (мил­ли­он тең­ге)
Ен­гі­зі­ле­тін тех­но­ло­ги­я­лар­дың ОҚТ са­на­ты­на жа­та­ты­нын рас­тау
1
2
3
4
5
Ескертпе:
«Ең озық қолжетімді технологияларды енгізу бағдарламасы» 10-кестені толтырған кезде кәсіпорынның стратегиясын айқындау және солардың нәтижесінде эмиссиялардың және/немесе ресурс сыйымдылығының төмендеуі болатын жұмыстарды жүргізу жөніндегі деректерді енгізу қажет, бұл ретте бекітілген ТҮН-ге қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасының ОҚТ тізбесіне сәйкес әртүрлі бөліністерде және технологиялық кезеңдерде бір немесе бірнеше технологияның комбинациясын айқындау қажет.
Бұл бағдарлама он жылдан аспайтын мерзімге әзірленеді, бұл ретте «Енгізу мерзімі, жыл» деген 3-бағанда жоспарланып отырған параметрлердегі көрсетілген ОҚТ-ны енгізуге сәйкес келетін күнтізбелік жылды көрсету қажет. Бұл ретте, бағдарламада аумақты көгалдандыру жөніндегі іс-шара ескерілуге тиіс.
ОҚТ-ны енгізу бағдарламасында көрсетілген ең озық қолжетімді технологияларды енгізу мерзімі өткеннен кейін кәсіпорын бүкіл кезең ішінде «Ең озық қолжетімді технологияларды енгізу бағдарламасының» орындалған жұмыстары бойынша деректер көрсетілетін есепті көрсетілетін қызметті берушіге ұсынуға тиіс.
Енгізілетін технологияларды ең озық қолжетімді технологиялар санатына жатқызуды растау үшін 5-бағанда «Ең озық қолжетімді технологиялар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 155 бұйрығына сәйкес осы ОҚТ көрсетілген нормативтік құжаттың атауын енгізу қажет (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 29 қаңтарда № 10166 болып тіркелген).

7 7. Табиғат пайдаланудың ұсынылатын шарттары:

Осымен табиғат пайдалану шарттары бұл өтінімде сипатталғанға сәйкес
болатындығын растаймыз.

8 8. Өтінімге мына құжаттар қоса беріледі:

_____________________________________________________________
______________________________________________________________
Басшысы
(уәкілетті тұлға) _______________ ________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Электрондық цифрлық қолтаңба

2 Кешенді экологиялық

рұқсатты беру қағидаларына
2-қосымша
«Ке­шен­ді эко­ло­ги­я­лық рұқ­сат­ты бе­ру» мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет стан­дар­ты
1
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Эко­ло­гия, гео­ло­гия және та­би­ғи ре­сур­стар ми­ни­стр­лі­гі­нің Эко­ло­ги­я­лық рет­теу және ба­қы­лау ко­ми­те­ті және оның аумақ­тық бө­лім­ше­ле­рі.
2
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі
«Элек­трон­дық үкі­мет­тің» www.​egov.​kz веб-пор­та­лы ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
3
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту мер­зі­мі
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші өті­нім­ді тір­ке­ген сәт­тен ба­стап:
ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­дың то­лық­тығ­ын қа­рау 2 (екі) жұ­мыс кү­ні ішін­де;
ке­шен­ді эко­ло­ги­я­лық рұқ­сат­ты өті­ніш тір­кел­ген күн­нен ба­стап 2 (екі) ай ішін­де бе­ру.
4
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны
Элек­трон­дық (то­лық ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған).
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту нәти­же­сі
Осы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет стан­дар­ты­ның 9-тар­ма­ғын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар мен негіз­дер бой­ын­ша ке­шен­ді эко­ло­ги­я­лық рұқ­сат неме­се мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден дәлел­ді бас тар­ту.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны- элек­трон­дық.
6
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту ке­зін­де өн­ді­ріп алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны жи­нау тә­сіл­де­рі
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға ақы­сыз көр­се­ті­ле­ді.
7
Жұ­мыс кесте­сі
Пор­тал-жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы 2015 жы­л­ғы 23 қа­ра­ша­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ең­бек ко­дек­сі­нің (бұ­дан әрі - Ко­декс) та­лап­та­ры­на сәй­кес жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­ті қа­был­дау және Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – Ко­дек­стің та­лап­та­ры­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі­нен бас­қа, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да, са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен-жайы:
1) Қызы­мет бе­ру­ші­нің ин­тер­нет-ре­сур­сын­да;
2) www.​egov.​kz пор­та­лын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған.
8
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға жү­гін­ген кез­де мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар ті­зі­мі
1) ке­шен­ді эко­ло­ги­я­лық рұқ­сат алу­ға өті­нім;
2) эмис­си­я­лар нор­ма­тив­те­рі­нің жо­ба­ла­ры­на мем­ле­кет­тік эко­ло­ги­я­лық са­рап­та­ма қо­ры­тын­ды­ла­ры­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­ле­рін (ақ­па­рат­тық жүй­е­де мә­лі­мет­тер бол­ма­ған жағ­дай­да);
3) ең озық қол­же­тім­ді тех­но­ло­ги­я­лар­ды ен­гі­зу бағ­дар­ла­ма­сы­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
4) ша­ру­а­шы­лық және өзге де қыз­мет­тің эко­ло­ги­я­лық қа­уіп­ті түр­ле­рін жү­зе­ге асы­ра­тын та­би­ғат пай­да­ла­ну­шы­лар үшін мін­дет­ті эко­ло­ги­я­лық сақ­тан­ды­ру шар­ты түп­нұс­қа­сы­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі.
9
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту негіз­де­ме­сі мы­на­лар бо­лып та­бы­ла­ды
1) Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы мә­лі­мет­тер­дің (ақ­па­рат­тың) дұ­рыс еме­сті­гін анық­тау;
2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер мен мә­лі­мет­тер­дің осы Қа­ғи­да­лар­дың та­лап­та­ры­на сәй­кес кел­ме­уі;
3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты бел­гі­лі бір мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу­ды та­лап ете­тін қыз­мет­ке неме­се қыз­мет­тің же­ке­ле­ген түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі (үкі­мі) бар.

3 Кешенді экологиялық рұқсатты

беру қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Сериясы № 00000
A-W
_______________________________________________________________
(табиғат пайдаланушының атауы)
_______________________________________________________________
(табиғат пайдаланушының заңды мекенжайы)
ЖСН, БСН _____________________________________________________
Өндірістік объектінің атауы _______________________________________
Өндірістік объектінің орналасқан жері _____________________________
Ең озық қолжетімді технологияларды енгізу нәтижесінде белгіленген
көрсеткіштерге қол жеткізу мерзімі ____________жыл.

1 1. Осы арқылы табиғат пайдаланушыға қоршаған ортаға эмиссиялармен (әсерлермен) ұштасқан мынадай әрекеттерді жүзеге асыруға рұқсат етіледі:

1.1

1.1. Осы рұқсатқа 1-қосымшаның 1-кестесінде көрсетілген заттар шығарындыларының техникалық үлестік нормативтеріне сәйкес атмосфераға ластаушы заттардың шығарындыларын техникалық үлестік нормативтерге сәйкес келетін және ағымдағы жағдайға ______________ тоннадан/өндірілетін өнімнің бірлігі, ең озық қолжетімді технологияларды енгізу аяқталғаннан кейінгі кезге алынған ______________ тоннадан/өндірілетін өнімнің бірлігі аспайтын көлемдерде жүргізу.

1.2

1.2. Осы рұқсатқа 1-қосымшаның 2-кестесінде көрсетілген ластаушы заттар төгінділерінің техникалық үлестік нормативтеріне сәйкес ластаушы заттардың төгінділерін техникалық үлестік нормативтерге сәйкес және ағымдағы жағдайға ______________ тоннадан/өндірілетін өнімнің бірлігі, ең озық қолжетімді технологияларды енгізу аяқталғаннан кейінгі кезге алынған ______________ тоннадан/өндірілетін өнімнің бірлігі аспайтындай жүргізу.

1.3

1.3. Осы рұқсатқа 1-қосымшаның 3-кестесінде көрсетілген қалдықтарды орналастыру техникалық үлестік нормативтеріне сәйкес өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыруды (жинақтауды, көмуді) техникалық үлестік нормативтерге сәйкес келетін және ағымдағы кезге _____ тоннадан/өндірілетін өнімнің бірлігі (оның ішінде бөгде кәсіпорындардың қалдықтарын орналастырудан), ең озық қолжетімді технологияларды енгізу аяқталғаннан кейінгі кезге _____ тоннадан/өндірілетін өнімнің бірлігі (оның ішінде бөгде кәсіпорындардың қалдықтарын орналастырудан) аспайтын көлемдерде жүргізу.

2 2. Табиғат пайдаланушы мынадай шарттарды сақтауға міндеттенеді:

2.1 2.1. Осы рұқсатқа 2-қосымшаның 4-кестесінде көрсетілген ең озық қолжетімді технологияларды енгізу жөніндегі бағдарламаны орындау.

2.2 2.2. Осы рұқсатқа 3-қосымшаға сәйкес табиғат пайдалану шарттарын орындау.

3 3. Қоршаған ортаға эмиссияға арналған кешенді экологиялық рұқсаттың қолданылу мерзімі қолданылатын өнім өндіру технологиясы өзгергенге дейін белгіленсін.

Осы Рұқсаттың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген эмиссиялар нормативтерінің жобасы, бағдарламалар мен қосымшалар Рұқсаттың ажырамас бөлігі болып табылады.
Басшысы
(уәкілетті тұлға) _______________ ________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Электрондық цифрлық қолтаңба
қала берілген күні

3.1 Кешенді экологиялық рұқсатқа

1-қосымша
1-кесте. Ластаушы заттардың атмосфералық ауаға шығарындыларының лимиттері

а а) ағымдағы жағдайға

Ла­ста­у­шы заттың ата­уы
Тех­ни­ка­лық үле­стік нор­ма­тив­тер
өл­шем бір­лік­те­рі
көр­сет­кіш
1
2
3

б б) ең озық қолжетімді технологияларды енгізуді аяқтау сәтіне

Ла­ста­у­шы заттың ата­уы
Тех­ни­ка­лық үле­стік нор­ма­тив­тер
өл­шем бір­лік­те­рі
көр­сет­кіш
1
2
3
2-кесте. Ластаушы заттардың сарқынды сулармен төгінділерінің лимиттері

а а) ағымдағы жағдайға

Заттың ата­уы
Тех­ни­ка­лық үле­стік нор­ма­тив­тер
өл­шем бір­лік­те­рі
көр­сет­кіш­тер
1
2
3
№ 1 шы­ға­ры­лым бой­ын­ша
Бар­лы­ғы, оның ішін­де ин­гре­ди­ент­тер бой­ын­ша
№ 2 шы­ға­ры­лым бой­ын­ша
Бар­лы­ғы, оның ішін­де ин­гре­ди­ент­тер бой­ын­ша
Жиы­ны

б б) ең озық қолжетімді технологияларды енгізуді аяқтау сәтіне

Заттың ата­уы
Тех­ни­ка­лық үле­стік нор­ма­тив­тер
өл­шем бір­лік­те­рі
көр­сет­кіш­тер
1
2
3
№ 1 шы­ға­ры­лым бой­ын­ша
Бар­лы­ғы, оның ішін­де ин­гре­ди­ент­тер бой­ын­ша
№ 2 шы­ға­ры­лым бой­ын­ша
Бар­лы­ғы, оның ішін­де ин­гре­ди­ент­тер бой­ын­ша
Жиы­ны
3-кесте. Қалдықтарды орналастыру лимиттері

а а) ағымдағы жағдайға

Қал­дық­тың ата­уы
Тех­ни­ка­лық үле­стік нор­ма­тив­тер
өл­шем бір­лік­те­рі
көр­сет­кіш
1
2
3
Өзге­лер

б б) ең озық қолжетімді технологияларды енгізуді аяқтау сәтіне

Қал­дық­тың ата­уы
Тех­ни­ка­лық үле­стік нор­ма­тив­тер
өл­шем бір­лік­те­рі
Көр­сет­кіш
1
2
3
Өзге­лер

3.2 Кешенді экологиялық рұқсатқа

2-қосымша
4-кесте. Ең озық қолжетімді технологияларға көшу бағдарламасы
Ен­гі­зі­ле­тін тех­но­ло­ги­я­ның ата­уы
Жос­пар­ла­нып отыр­ған ОҚТ-ны ен­гі­зу әсе­рі­нің бо­лжал­ды тү­рі
Ен­гі­зу мер­зі­мі, жыл
Кү­ті­ле­тін құ­ны (мил­ли­он тең­ге)
Ен­гі­зі­ле­тін тех­но­ло­ги­я­лар­дың ОҚТ са­на­ты­на жа­та­ты­нын рас­тау
1
2
3
4
5

3.3 Кешенді экологиялық рұқсатқа

3-қосымша
Табиғат пайдалану шарттары
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

Қолданыстағы