О внесении изменения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 23 апреля 2015 года № 387 «Об утверждении Правил создания, содержания, материально-технического обеспечения, подготовки и привлечения формирований гражданской защиты»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 23 апреля 2015 года № 387 «Об утверждении Правил создания, содержания, материально-технического обеспечения, подготовки и привлечения формирований гражданской защиты»
- Атауы (қаз.)
- «Азаматтық қорғау құралымдарын құру, ұстау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, дайындау және оларды тарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі №387 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 41
- Қабылданған күні
- 23.08.2022
- Көрсетілген редакция
- 23.08.2022 171022_588746.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.08.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200029296
- ЭКБ идентификаторы
- 171022
- Редакция идентификаторы
- 171022_588746
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 00:28
0 «Азаматтық қорғау құралымдарын құру, ұстау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, дайындау және оларды тарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы
23 сәуірдегі № 387 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Азаматтық қорғау құралымдарын құру, ұстау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, дайындау және оларды тарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 387 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11243 тіркелді) бұйрығына келесі өзгеріс енгізілсін:
Аталған бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғау құралымдарын құру, ұстау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, даярлау және тарту қағидаларында:
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Азаматтық қорғау құралымдарына бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды, жүкті әйелдерді, сегіз жасқа дейінгі жастағы балалары бар әйелдерді және соғыс уақытында – жұмылдыру нұсқаулары бар әскери міндеттілерді қоспағанда, еңбекке қабілетті еркектер мен әйелдер қабылданады.
Бейбіт уақытта табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін құралымдарға жұмылдыру ұйғарымы бар әскери міндеттілер кіргізіледі. Соғыс уақытында жұмылдыру ұйғарымы бар адамдар азаматтық қорғау құралымдары құрамынан шығарылады (мұндай жағдайда оларды ауыстыратын дублерлер дайындалады).»
2 2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.