О внесении изменения в решение акима Алтынсаринского района от 23 февраля 2015 года № 4 «Об образовании избирательных участков на территории Алтынсаринского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение акима Алтынсаринского района от 23 февраля 2015 года № 4 «Об образовании избирательных участков на территории Алтынсаринского района»
- Атауы (қаз.)
- Алтынсарин ауданы әкімінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 4 «Алтынсарин ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 2
- Қабылданған күні
- 06.05.2019
- Көрсетілген редакция
- 30.03.2020 131248_450401.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.03.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19NE008418
- ЭКБ идентификаторы
- 131248
- Редакция идентификаторы
- 131248_450401
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 20:03
0 Алтынсарин ауданы әкімінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 4
«Алтынсарин ауданының аумағында сайлау учаскелерін
құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 23-бабына және Қостанай облысы әкімдігінің және Қостанай облыстық маслихатының 2019 жылғы 11 қаңтардағы № 357 «Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы» бірлескен қаулы және шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 8243 болып енгізілген) сәйкес, аудандық сайлау комиссиясының келісімі бойынша Алтынсарин ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Алтынсарин ауданы әкімінің «Алтынсарин ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» 2015 жылғы 23 ақпандағы № 4 (2015 жылғы 2 сәуірде «Таза бұлақ - Чистый родник» аудандық газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5428 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасындағы № 200 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Новоалексеев ауылы шекарасы: Строительный, Целинный, Комсомольский, Ленин, Школьный, Гагарин, Романенко, Садовый, Набережный, 8 Март, 1 Май, Октябрьский, Рабочий тұйық, Советский, Украинский, Қазақ.».
2 2. «Алтынсарин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы шешімнің мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;