О внесении изменений в решение маслихата города Астаны от 23 сентября 2015 года № 410/57-V «О Порядке предоставления права льготного проезда отдельным категориям обучающихся города Астаны на городском пассажирском транспорте»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата города Астаны от 23 сентября 2015 года № 410/57-V «О Порядке предоставления права льготного проезда отдельным категориям обучающихся города Астаны на городском пассажирском транспорте»
- Атауы (қаз.)
- «Астана қаласы білім алушыларының жекелеген санаттарына қалалық жолаушылар көлігінде жеңілдікпен жүру құқығын ұсыну Тәртібі туралы» Астана қаласы мәслихатының 2015 жылғы 23 қыркүйектегі № 410/57-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 359/45-VI
- Қабылданған күні
- 06.03.2019
- Көрсетілген редакция
- 28.12.2022 130486_617139.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.12.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19AAZ01223
- ЭКБ идентификаторы
- 130486
- Редакция идентификаторы
- 130486_617139
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 20:55
0 «Астана қаласы білім алушыларының жекелеген санаттарына қалалық жолаушылар көлігінде жеңілдікпен жүру құқығын ұсыну Тәртібі туралы» Астана қаласы мәслихатының 2015 жылғы 23 қыркүйектегі № 410/57-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңы 8-бабының 3) тармақшасына, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. «Астана қаласы білім алушыларының жекелеген санаттарына қалалық жолаушылар көлігінде жеңілдікпен жүру құқығын ұсыну тәртібі Астана қаласы мәслихатының 2015 жылғы 23 қыркүйектегі № 410/57-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 959 тіркелген, 2015 жылдың 3 қарашасында «Астана ақшамы», «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешімнің 1- қосымшасында:
4-тармақтың 2) тармақшасындағы «Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесі» деген сөздер «Астана қаласының Қоғамдық даму істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтың 2) тармақшасындағы «11» деген сандар алынып тасталсын;
10- тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Тәртіптің 8-тармағында көрсетілген барлық санаттағы 15 жасқа дейінгі оқушылар мен тәрбиеленушілер үшін – балалардың ай сайынғы жол жүру билетін көлік картасын толықтыру жолымен сатып алу»;
2), 3) тармақшалардағы «ақша қаражатын төлеу» деген сөздер «көлік картасын толықтыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
11-тармақ алынып тасталсын;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Тәртіптің 8-тармағында көрсетілген тұлғаларды қамтамасыз ету түріндегі әлеуметтік көмек көлік картасын толықтыру үшін жол жүру билетін сатып алуға мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу жолымен жүргізіледі.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Әкімші әрбір білім беру ұйымы ұсынған өтінімге сәйкес балалардың ай сайынғы жол жүру билеттерінің көлік картасын толықтыру үшін тізім жолдайды.».