О приостановлении действий некоторых норм приказа исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 23 января 2015 года № 47 "Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых к деятельности по перевозке грузов железнодорожным транспортом, и перечня документов, подтверждающих соответствие им"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О приостановлении действий некоторых норм приказа исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 23 января 2015 года № 47 "Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых к деятельности по перевозке грузов железнодорожным транспортом, и перечня документов, подтверждающих соответствие им"
- Атауы (қаз.)
- "Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қызметіне қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 23 қаңтардағы № 47 бұйрығының кейбір нормаларының қолданысын тоқтату туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 509
- Қабылданған күні
- 20.06.2016
- Көрсетілген редакция
- 20.06.2016 104380_97222.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.06.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G16IL000509
- ЭКБ идентификаторы
- 104380
- Редакция идентификаторы
- 104380_97222
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:42
0 «Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау
қызметіне қойылатын бiлiктiлiк талаптары
мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар
тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің міндетін
атқарушының 2015 жылғы 23 қаңтардағы
№ 47 бұйрығының кейбір нормаларының
қолданысын тоқтату туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін:
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 47 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10409 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 8 сәуірде жарияланған) Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қызметіне қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінің (бұдан әрі - Бiлiктiлiк талаптары) реттік нөмірі 6-жолының;
Біліктілік талаптарына қосымшаның 1-тармағы 6) тармақшасының қолданысы тоқтатылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1 1) осы бұйрықтың көшірмесін бір апта мерзімінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберуді;
2 2) осы бұйрықты мерзімді баспа басылымдарында, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_________________ К. Бишімбаев
2016 жылғы 28 маусым