Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в решение Курмангазинского районного маслихата от 23 декабря 2015 года № 475-V «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Курмангазинском районе»

Өзге акт · № 101-VIII · қабылданған 25.12.2023
Заңдық күші: Күшін жойған · 04.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/23-2015-no-475-v/on/2026-09-04/
Басып шығарылды 2026-09-04 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в решение Курмангазинского районного маслихата от 23 декабря 2015 года № 475-V «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Курмангазинском районе» Күшін жойған Өзге акт ·№ 101-VIII ·25.12.2023
25.04.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
04.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в решение Курмангазинского районного маслихата от 23 декабря 2015 года № 475-V «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Курмангазинском районе»

Күшін жойған Өзге акт ·№ 101-VIII · 04.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в решение Курмангазинского районного маслихата от 23 декабря 2015 года № 475-V «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Курмангазинском районе»
Атауы (қаз.)
Құрманғазы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 475-V «Құрманғазы ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
101-VIII
Қабылданған күні
25.12.2023
Көрсетілген редакция
25.04.2024 191090_698690.kaz
Соңғы өзгеріс
25.04.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V23TH511706
ЭКБ идентификаторы
191090
Редакция идентификаторы
191090_698690
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 14:29

0 Құрманғазы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 475-V «Құрманғазы ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Құрманғазы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Құрманғазы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 475-V «Құрманғазы ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3408 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген қосымшасында:

1 1) 3-тармақтағы:

«тәртібін» деген сөз «қағидаларын» деген сөзімен ауыстырылсын;

2 2) 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергілікті өкілді органдар белгiлеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде бір адамға 15 (он бес) шаршы метрден кем емес және 18 (он сегіз) шаршы метрден артық емес мөлшерде, бірақ бір бөлмелі пәтерден немесе жатақханадағы бөлмеден кем емес аудан нормасы қабылданады.»;

3 3) 4-1-тармақпен толықтырылсын:

«4-1. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсетуден тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде бас тартады.»

4 4) 5-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

«5. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің көтерілуіне өтемақы төлеу «Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекуту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 295/НҚ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады».

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы