О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 23 января 2015 года № 50 «Об утверждении квалификационных требований для осуществления деятельности по изготовлению Государственного Флага Республики Казахстан и Государственного Герба Республики Казахстан, и перечня документов, подтверждающих соответствие им»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 23 января 2015 года № 50 «Об утверждении квалификационных требований для осуществления деятельности по изготовлению Государственного Флага Республики Казахстан и Государственного Герба Республики Казахстан, и перечня документов, подтверждающих соответствие им»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын жасау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 50 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 306-НҚ
- Қабылданған күні
- 26.07.2022
- Көрсетілген редакция
- 26.07.2022 170152_585339.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.07.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200028922
- ЭКБ идентификаторы
- 170152
- Редакция идентификаторы
- 170152_585339
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 00:52
0 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 50 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 50 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10381 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесінде:
реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
6
«Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою, тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сертификаттың нысанын белгілеу жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 13 шілдедегі № 454-НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23514 болып тіркелген) нысан бойынша шығарылатын өнімге СТ-KZ нысанындағы сертификаттың болуы
Сертификатты берген ұйымның атауын, нөмірін және күнін көрсете отырып, СТ-KZ нысанының сертификаты туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (қосымшаға сәйкес)
».
2 2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі