Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата от 23 ноября 2015 года № 501 «Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача лицензии на оказание услуг по складской деятельности с выдачей зерновых расписок»

Қаулы · № 551 · қабылданған 09.12.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/23-2015-no-501-ekb-108421/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата от 23 ноября 2015 года № 501 «Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача лицензии на оказание услуг по складской деятельности с выдачей зерновых расписок» Күшін жойған Қаулы ·№ 551 ·09.12.2016
08.01.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.01.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата от 23 ноября 2015 года № 501 «Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача лицензии на оказание услуг по складской деятельности с выдачей зерновых расписок»

Күшін жойған Қаулы ·№ 551 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата от 23 ноября 2015 года № 501 «Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача лицензии на оказание услуг по складской деятельности с выдачей зерновых расписок»
Атауы (қаз.)
Әкімдіктің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 501 «Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
551
Қабылданған күні
09.12.2016
Көрсетілген редакция
08.01.2020 108421_437919.kaz
Соңғы өзгеріс
08.01.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16N0006756
ЭКБ идентификаторы
108421
Редакция идентификаторы
108421_437919
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 06:59

0 Әкімдіктің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 501 «Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 501 «Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6081 болып тіркелді, 2015 жылғы 29 желтоқсанда «Қостанай таңы» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
5-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды:
лицензияны және лицензияға қосымшаны беру үшін – 9 (тоғыз) жұмыс күні;
лицензияны қайта ресімдеу үшін – 2 (екі) жұмыс күні;
лицензияның телнұсқасын беру үшін – 1 (бір) жұмыс күні.
Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасы;»;
7-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды:
лицензияны және лицензияға қосымшаны беру үшін – 9 (тоғыз) жұмыс күні;
лицензияны қайта ресімдеу үшін – 2 (екі) жұмыс күні;
лицензияның телнұсқасын беру үшін – 1 (бір) жұмыс күні;»;
4-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Департаменті арқылы көрсетілмейді.».

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қолданыстағы