О внесении изменений в постановление акимата от 23 ноября 2015 года № 504 «Об утверждении регламента государственной услуги «Предоставление водных объектов в обособленное или совместное пользование на конкурсной основе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата от 23 ноября 2015 года № 504 «Об утверждении регламента государственной услуги «Предоставление водных объектов в обособленное или совместное пользование на конкурсной основе»
- Атауы (қаз.)
- Әкімдіктің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 504 «Су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 317
- Қабылданған күні
- 01.07.2016
- Көрсетілген редакция
- 13.01.2020 104538_440291.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.01.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16N0006540
- ЭКБ идентификаторы
- 104538
- Редакция идентификаторы
- 104538_440291
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:31
0 Әкімдіктің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 504 «Су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 504 «Су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6073 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 желтоқсанда «Қостанай таңы» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген «Су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
4-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Мемлекеттік қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті арқылы көрсетілмейді.».